«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет44/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

ЖЫЛ ЖЕМІСІ
105
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
келеді. Орталықта комитеттің тапсырысымен шығатын оқу-әдістемелік 
құралдар мен оқулықтарға сараптама жасайтын ғылыми кеңес жұмыс 
істейді.  Ол  кеңеске  әдістеме  саласындағы  жетекші  ғалымдар  мен 
мамандар  топтастырылған.  Республикалық  ұлттық  мәдени  бірлестік- 
тердегі жексенбілік мектептер арқылы этнос тілдерін және мемлекеттік 
тілді  оқыту  курстарын  ұйымдастыруға  мемлекеттік  қолдау  көрсету, 
аталған  мектептердің  қызметін  әдістемелік  жағынан  қамтамасыз  ету 
мақсатында әдістемелік құралдарды баспаға ұсынып отыр.
Өңірлердегі орталықтар дай ындаған оқу құралдары республикалық 
орталықтағы  ғылыми-әдістемелік  кеңестің  сараптамасынан  өтіп, 
солардың  оң  қорытындысын  алғаннан  кейін  комитеттің  қарауына 
ұсынылады.  Жалпы,  өңірлердегі  тіл  оқыту  орталықтарының  басты 
мақсаты  –  мемлекеттік  қызметшілерді  мемлекеттік  тілге  үйрету, 
соларға  арнап  оқу-әдістемелік  құралдар  шығару  болғандықтан, 
республикалық орталықтан бекітіліп ұсынылған бағдарлама бойынша 
жұмыс  жасағаны  әлдеқайда  тиімді  болар  еді.  Биыл  осы  бағыттағы 
жұмыстар біріздендіріле бастады.
Орталық 
қызметінің 
бір 
қыры
 
жоғарыда тоқталып өткен оқу-әдістемелік 
жұмыстар  болса,  екінші  қыры  ұлттық 
терминология 
мәселесіне 
қатысты 
жүргізілетін жұмыстар тізбесін құрайды. 
Халқымыздың  ғылым  мен  техника, 
мәдениет  пен  экономика  салаларындағы 
жетістіктерін  байқататын  рухани  және 
саяси  маңызы  зор  факторлардың  бірі  - 
ұлттық  терминология  болып  табылады. 
Терминология, әсіресе салалық терминдерді аудару проблемаларына 
қатысты нақты мемлекеттік көзқарас орнығып келеді. Осыған сәйкес, 
Орталық терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологияның 
нормативтік-лексикалық қорын  жетілдіру, салалық терминологиялық 
жұмыстарды жандандыру бағытында нақты тапсырма алып, ғалымдар, 
сала  мамандары,  практик  аудармашылармен  бірлесе  іс-шаралар 
атқаруда. Орталықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы 
Республикалық  терминология  комиссиясына  қарауға  ұсынылған 
терминдерге, атауларға, жеке сөздерге, сөз тіркестеріне және басқа да 
лингвистикалық  сипаттағы  жобаларға  лингвистикалық  сараптама 
жасап, қорытынды беретін сарапшылар тобы құрылған. Сарапшылар 
жекелеген  азаматтардан,  министрліктер  жанынан  ашылған  салалық 
терминологиялық  секциялардан,  тілдерді  дамыту  басқармаларынан 
келген  хаттар  бойынша  лингвистикалық  сараптамалар  жасаумен 
айналысады.
Сонымен  қатар,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  Ғылым  коми- 
тетінің  тапсырысымен  Әлеуметтік  және  қоғамдық-гуманитарлық 
ғылымдардың  өзекті  мәселелері  мен  пәнаралық  зерттеулері  нысаны 


ЖЫЛ ЖЕМІСІ
106
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
бойынша  2015-2017  жылдарға  арналған  ғылыми  зерттеулерді 
гранттық  қаржыландыру  негізінде 
ауқымды  жобалардың  орындалып 
жатқандығын  да  айта  кету  керек. 
Ертеңімізді  болжап,  бүгінімізге 
сын  көзбен  қараған  сәтімізде 
халықтың  рухын  көтеріп,  тіліміз 
бен  ділімізді  сақтап  қалуға  көмек- 
тесетін  құралдардың  бірегейі  – 
ата-бабаларымыз 
мирас 
еткен 
мәдени  игіліктер  екендігі  сөзсіз. 
Жас  ұрпақты  өз  елінің  патриоты 
етіп  тәрбиелеп  шығару,  жас  өркеннің  шабыты  мен  дарынының 
ашылуына жағдай жасау, сондай-ақ оларды бәсекеге қабілетті азамат 
етіп дайындау – аға буынның басты бағыты. Бұл мақсатқа жету үшін 
берілетін  тәрбие  ұлттық  дәстүрлерге  сүйеніп  жүргізілуі  тиіс.  Ұлттық 
құндылық  мәселесі  сөз  болғанда  халықтың  сан  ғасырлар  бойы 
жинақтаған  алтын  көмбесі  –  халық  ауыз  әдебиетіне  тоқталмай  өту 
мүмкін емес. Өйткені «сөз қадірін – өз қадірім» деп ұққан ата-бабамыз 
тілі мен діліне, ұрпақ тәрбиесіне қатысты көрген-түйгендерін, насихат-
өнегесін  халық  ауыз  әдебиеті  арқылы  жеткізіп  отырған.  Аты  айтып 
тұрғандай халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы атадан балаға ауызша 
жеткізіліп, қасиетті кілті жатқа айту арқылы табыс етіліп келді. Бертін 
келе, ел ішіндегі көкірек көзі ашық сауатты азаматтар бұл көмбені хатқа 
түсіріп,  ғасырлар  қойнауында  тасада  қалмауының  жаңаша  жолын 
тапты. Қазіргі электронды ақпарат алудың желілері кеңейіп, кітап оқу 
жағы кенжелеп отырған заманда «ел қазынасы – ескі сөзімізді» замана 
көшімен бірге алып жүру үшін том-том кітап етіп шығару жеткіліксіз. 
Бүгінгі  фольклортанушылардың  алдында  құнды  мұраларымызды 
жастардың санасына сіңіртудің тың жолдарын табу міндеттері тұр.
Бүгінгі  балалардың  басым  көпшілігін  электронды  ақпарат  құрал- 
дары тәрбиелеп жатқаны баршаға аян. Онда қазақша өнімдердің үлесі 
өте аз екені де белгілі. Шет елдік мультфильмдер мен хабарларды көріп 
өскен қазақ баласы төл фольклорлық кейіпкерлеріміздің барынан да 
бейхабар десек, артық айтқандық болмас. Шет ел фольклорының бас 
қаһармандары  немесе  батыстық  аниматорлардың  қиялынан  туған 
құбыжық кейіпкерлерді кез келген қазақ баласы қайдан көрсе де тап 
басып, түсін түстеп айтып береді. Бұған жас ұрпақты кінәлай алмаймыз. 
Өйткені,  Қазақстандық  бүлдіршіндерді  ғаламтор  бетінен  де,  көгілдір 
экраннан да, баспа өнімдерінен де, ең аяғы күнделікті жарнамалардан 
да  халық  ауыз  әдебиетіндегі  желаяқ,  көлтауысар,  таусоғар
  тәрізді 
халықтық  қаһармандары  емес,  шет  елдік  аниматорлардың  өнімдері 
қаумалап жатыр. 
Баланың  санасына  мультфильмдер  арқылы  сіңіп  жатқан  жат 
образдар  ойыншық  түрінде  қолына  ұсынылып,  қиял  әлемін  жаулап 


ЖЫЛ ЖЕМІСІ
107
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
алады.  Балаларға  арналған  баспа  өнімдеріндегі  түрлі-түсті  суреттер 
арқылы  сәбидің  дүниетанымына  араласып,  сүйікті  кейіпкеріне, 
еліктейтін піріне айналады. Хат таныған жеткіншек, әрине, тәрбиелік 
мәні  зор  қазақ  фольклорының  нұсқаларын  емес,  сәби  күнінен 
санасына таныс болған кейіпкерлер туралы ақпараттарды іздеп оқиды. 
Сөйтіп, түрі қазақ болғанмен танымы жат ұрпақтар легі қалыптасады. 
Ғылым мен техника қарыштап дамыған бүгінгі өркениетті заманда 
өткен  құндылықтарымыздан  қол  үзе  бастағанымыз  ащы  шындық. 
Мұның  бір  себебі  қазақ  фольклорлық  мұраларының  ғаламтор 
бетінен, интернет кеңістігінен тиісті орнын ала алмай жүргендігінде. 
Инновациялық  технологиялардың  жетістігін  пайдалана  отырып, 
қолда  бар  мұраларымызды  жастар  арасында  насихаттау  бүгінгі 
таңдағы  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Фольклорлық 
кейіпкерлердің  суретшілер  сомдаған,  бірізге  түскен  бейнесінің 
негізінде  түрлі  мульфильмдер  қойылса,  әртүрлі  материалдардан 
жасалған  қуыршақтар  сомдалса,  түрлі-түсті  көз  тартарлық  кітаптар 
шығарылса  бүгінгі  бүлдіршін  хат  таныған  уақытында  фольклорлық 
мұраларды қызығып оқыр еді деген ойдамыз. 
Қазақтың  ұлттық  болмысы,  тілі,  мәдениеті,  тарихы  атадан-балаға 
жалғасып  келе  жатқан  аңыз-әңгімеле- 
рінде,  батырлық  жырларында,  ертегі- 
лері мен шешендік сөздерінде, жұмбақ- 
тары мен жаңылтпаштарында сақталған. 
Фольклорлық  кейіпкерлердің  портрет- 
терін  жасау  жастардың  ғана  емес, 
ұлттың  рухани  мұрасын  танып-білсем 
деген  кез  келген  адамның  қиял  әлемін 
қанаттандырады.  Қазақ  фольклорының 
түрлі жанрларындағы кейіпкерлердің сипаттамасы берілген мәтіндер 
мен олардың түркі халықтарының фольклорындағы инварианттарын, 
фольклортанушылардың  еңбектерін  зерделей  келе,  жаңа  инно- 
вациялық  технологияларды  пайдалана  отырып,  қазақ  халқының 
рухани  мол  қазынасы  -  фольклорлық  мұраны  ондағы  басты 
қаһармандардың бейнесі арқылы танытуға болады деген ой туындады. 
Осы  идеяның  негізінде  «Инновациялық  технологияларды  пайдалану 
арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жоба 
іске асырылып жатыр.
Комитет  пен  орталықтың  оқу-әдістемелік  және  ғылыми  жұмыс- 
тарынан  басқа  тағы  бір  маңызды  бағыты  –  қазақ  тілінің  байырғы 
бастауларын,  төл  табиғатын,  бүгінгі  қолданылу  деңгейін  таныту  мен 
насихаттау.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  2012 
жылғы  27  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  жастарға 
білім беру кезінде оның тәрбиелік жағына, атап айтқанда, патриоттық 
пен  адамгершілік,  ұлтаралық  татулық  және  толеранттылық,  рухани 


ЖЫЛ ЖЕМІСІ
108
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
даму жағына баса назар аудару керектігін атап көрсетті. Осы орайда, 
орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және 
қоғамдық-саяси  жұмыс  комитетінің  тапсырысымен  халықаралық 
және республикалық деңгейдегі бірқатар шараларды ұйымдастырды.
Орталық  қызметкерлері  Қазақ  хандығының  550  жылдығына 
арналған шаралардың да басы-қасынан табыла білді. Тараз қаласында 
атап  өтілген  «Түркі  жазбалары  мен  мәдениеті  күндерінің»  аясында 
өткізілген «Қазақ хандығы мен түркілердің рухани мәдениеті: тіл және 
тарих»    атты  республикалық  ғылыми-практикалық  конференцияға 
Қазақстанның  түкпір-түкпірінен,  Әзербайжан  мен  Қыр ғызстаннан 
танымал  ғалым дар  жиналып,  түркі  жазбаларына  қатысты  зерт теу 
нәтижелерін ортаға салып, пікір алмасса, Қазақ хандығының 550 жылдық 
мерекесі мен айтыс өнерінің алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының 200 
жылдық мерейтойына орайластырыла Алматы облысы Жамбыл ауданы 
Ұзынағаш  ауылында  өткізілген  «Текті  сөздің  төресі  –  терме»  атты 
республикалық жыршы-термешілер байқауында қазақ фольклорының 
інжу-маржаны жыршы-термешілік өнер ұлықталды.
Тілімізді  кемелдендіретін,  жетілдіретін,  оның  бейнелілігі  мен 
тереңдігін  көрсететін  саланың  бірі  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
болып  табылады.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қай  сала- 
сы  болмасын  тұрғындардың  тіл  мәдениетін,  сауаттылығын 
қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Бұқаралық ақпарат құралдарының 
ақпараттық қызметі мен экпрессивті – әсер ету қызметіне сәйкес бұл 
саланың стилі қазақ әдеби тілінің жай-күйін, әдеби тілдің нормаларын 
танытуда жетекші стиль ретінде қалыптасып отыр. 
Соңғы  жылдардағы  БАҚ  материалдарына  назар  салсақ,  біршама 
жанрлық-стильдік  жаңалықтар,  өзгерістер  бар  екенін  байқаймыз. 
Ұлттық  коммуниканттың  назарын  қалайда  өзіне  аудару  үшін 
прагматикалық  қуаты  күшті  экспрессиялық  сөздерді  қолдану  – 
бүгінгі БАҚ-тың тіліне тән сипат. Өкінішке орай, радиодан берілетін 
хабарларда  сөз  қолданыстағы  қателер  кездессе,  теледидар  немесе 
баспасөз бетінде стильдік қателерге қоса емле қателеріне дейін кездесіп 
жатады. Міне, БАҚ тіліндегі әдеби нормадан ауытқушылықтарды, емле 
немесе  тыныс  белгісінен  жіберілетін  қателерді  жібермеу  жолдарын 
қарастыру мақсатында өткізілген іс-шаралар да сан алуан. Бұлардың 
қатарында «БАҚ және тіл мәдениеті» семинар-тренингін, «БАҚ және 
тіл нормасы мәселелері» дөңгелек үстелін атап өтуге болады.
Дөңгелек  үстелде  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қоғамдық-
әлеуметтік  қызметіне,  тілдік-жанрлық  ерекшелігінің  әралуандығы 
мен  күрделілігіне  сәйкес  әдеби  тіл  нормаларын  танытудағы  рөлін 
жетілдіру  мәселесі  көтеріліп,  күнделікті  баспасөз  тілінің  стильдік 
айырым белгілеріне әсер етіп отырған басқа да факторлар жан-жақты 
талқыланса,  семинар-тренинг  БАҚ  өкілдері,  оның  ішінде  телеарна, 
радио  тілшілерімен  кездесу  ұйымдастырып,  олардың  сөздік  қорын, 
сөз саптауын, тіл мәдениетін жетілдіруді мақсат етті.
Семинар-тренингте  кәсіби  мамандар  дәріс  оқып,  шеберлік 
сабақтарын  көрсетсе,  дөңгелек  үстел  жұмысына  ҚР  Парламентінің 


ЖЫЛ ЖЕМІСІ
109
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
депутаттары, ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология 
комиссиясының  мүшелері,  тіл  білімі  және  журналистика  саласын 
зерттеуші ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл саласына 
жауапты  құрылымдардың  басшылары  мен  мамандары  қатысты. 
Саладағы  қордаланған  мәселелерді  шешуде  мұндай  шаралардың 
берері мол. Осы ретте, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне 
орай БАҚ өкілдерінің мерейін көтеретін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» 
байқауының ұйымдастырылғанын айта кеткіміз келеді.
  Республикалық  байқауға  еліміздің  әр  өңірінен  келіп  түскен  200-
ден аса материалдардың ішінен мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын 
кеңейту  мен  мәртебесін  нығайтуды  көздеген,  қазіргі  мемлекеттік 
тілдің  ахуалы  туралы  өткір  де  өзекті,  сыни  материалдар  жариялаған 
жекелеген  тілшілердің  еңбектері  іріктеліп  алынып,  байқаудың 
ережесіне  сәйкес  «Үздік  мақала»,  «Үздік  телеарна  бағдарламасы», 
«Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары 
бойынша 4 бағытта бағаланды.
Байқау  жеңімпаздары  диплом,  алғысхаттармен  қатар,  ақшалай 
сыйлықтармен  марапатталса,  кей  журналистер  ынталандыру 
сыйлығын  иеленді.    Дәстүрлі  түрде  өткізіліп  жүрген  бұл  іс-шара 
мемлекеттік тіл саясатын насихаттау белсенділігін арттырып, тиісінше 
тіліміздің дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.
Бүгінгі  таңдағы  тіл  саласындағы  өзекті  мәселелердің  бірі  терми- 
нологиялық және ономастикалық жұмыстарды реттеуге бағытталған 
мәселелерді  шешу  болып  табылады.  «Медициналық  терминдерді 
біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері», «Ономастика 
және  көрнекі  ақпарат  мәселелері»,  «Ономастика  саласындағы 
нормативтік-құқықтық  актілерді  реттеу»  атты    республикалық 
дөңгелек  үстелдер  өткізілді.  Тіл  жанашырлары  бас  қосқан  келелі 
кеңесте өрелі ойлар мен өткір пікірлер, тың ұсыныстар айтылды. 
Үш  тілді  жетік  меңгерген  қабілетті  жастарға  қолдау  көрсету,  көп 
тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мақсатында жастар арасында «Тіл-
тұнық ойдың кәусары» облыстық олимпиадасы, «Ой-сана» оқушылар 
байқауы, қазақ мәдениеті, тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықты 
арттыруды  міндет  еткен  «Абай  оқулары»,  Оралхан  Бөкей  атындағы 
көркемсөз  оқу  шеберлерінің  ХVІІ  республикалық  байқауы,  «Тіл 
шебері»  республикалық  байқауы  орталық  қызметкерлерінің  тіл 
мәртебесін  арттыруға  байланысты  түрлі  мазмұндағы  іс-  шараларды 
өткізуге белсене араласатындығын көрсетті. 
Еліміздің шоқтығы биік сұлу өңірінің бірі Бурабайда қазақ тілінен 
сабақ беретін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары 
арасында республикалық «Тіл мерейі» байқауы өткізілді. 
Мемлекеттік  тілдің  мәртебесі  мен  маңызын  кеңінен  насихаттау, 
қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың қоғамдық мәртебесі мен 
беделін  арттыру  және  оқытушының  әдістемелік  шеберлігін  шыңдау, 
тіл  үйретудің  озық  әдістемесін  тарату,  педагогикалық  қызметтегі 
инновациялық  тәсілдерді,  оқытушылардың  сабақ  берудегі  біліктілігі 
мен  тәжірибесін  сараптауды  басты  мақсат  еткен  бұл  байқауға 


ЖЫЛ ЖЕМІСІ
110
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
облыстық  (қалалық)  мемлекеттік  тілді  оқыту  орталықтарындағы 
шебер ұстаздар қатысты.
Байқауға  Қазақстанның  түкпір-түкпірінен  келіп,  облысының 
намысын қорғаған үздік мұғалімдердің қайсысын алсақ та дайындығы 
тиянақты,  ісі  мығым  екендігін  дәлелдеп,  сабақ  берудегі  өзіндік 
өрнектерін көрсете білді. 
Семинар-тренингке  әдіскер  ғалымдар,  тіл  мамандары,  тіл  үйрену- 
шілер,  Астана,  Алматы  қалалары  және  облыс  орталықтарындағы 
мемлекеттік  тілді  оқыту  орталықтарының  басшылары  мен  оқы- 
тушы  әдіскерлері  қатысып,  мемлекеттік  тілді  оқытудың  тиімді 
технологиялары мен әдіс-тәсілдері туралы өз ойларын ортаға салды. 
Ал Тараз қаласында өткен «Оқыту бағдарламалары мен мазмұны, 
оқыту  технологиясын  жетілдіру»  республикалық  семинар-тренингі 
жоғарыдағы  іс-шараның  заңды  жалғасы  болып  табылады.  Байқауда 
үздіктердің  үздігі  өз  тәжірибелерімен  бөліссе,  семинар-тренингте 
мемлекеттік тілді ересек адамдарға үйрететін оқытушылардың кәсіби 
біліктілігін  жетілдіру,  онлайн  әдісімен  озық  тәжірибелерді  алмасу 
және  мемлекеттік  тілді  оқыту  орталықтарының  оқытушыларын 
ынталандыру көзделді.
Семинар-тренингке  әдіскер  ғалымдар,  тіл  мамандары,  тіл 
үйренушілер,  Астана,  Алматы  қалалары  және  облыс  орталықтарын- 
дағы  мемлекеттік  тілді  оқыту  орталықтарының  басшылары  мен 
оқытушы  әдіскерлері  қатысты.  Мемлекеттік  тілді  оқытудың  тиімді 
технологиялары  мен  әдіс-тәсілдері  туралы  баяндамалар  жасалып, 
әдіскерлер  өз  ойларын  ортаға  салды.  Сондай-ақ,  мемлекеттік  тілді 
оқыту  орталықтарының  үздік  оқытушылары  панорамалық  сабақтар 
мен онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетті.
Орталық  мемлекеттік  тілдің  рөлін  арттыру  мен  тіл  саясатының 
мақсат-міндеттерін  қалыптастыруға  бағытталған  «Тіл  және  қоғам» 
альманағының  басылып  шығуына  жетекшілік  етеді.  Журналда 
мемлекеттік  тілдің  әлеуметтік-коммуникативтік  қызметін  дамыту 
және кеңейту бойынша ұсыныстар ортаға салынып, мемлекеттік тілдің 
қолданылу  барысы  туралы  материалдар  жарияланады.  Мемлекеттік 
тілдің  халықаралық  қызметте  қолданылу  тәжірибесі  көрсетіледі. 
Журнал  бетінде  жарық  көрген  талдау  және  жалпылама  ғылыми-
лингвистикалық сипаттағы зерттеулер, қазақ әдеби тiлiнiң нормаларын 
қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Ономастика,  терминология 
мәселесімен қоса әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің нәтижелері 
де  журнал  бетіне  жарияланып,  тіл  білімі  мен  қоғам  өміріндегі  тың 
жаңалықтармен, соны ізденістермен таныстырады.
Тілдің  өлшеусіз  қазына,  өрісі  кең  әлем  екендігін  дана  халқымыз 
әрқашан  қастерлеп  құрмет  тұтқан.  Жеңіске  жетелейтін  жүз  нақты 
қадамда  көптілділіктің  ұлт  жоспары  межелерінің  бірі  болуы  да 
замана  талабы.  Осы  талапқа  сай  қызмет  етіп,  тіл  мәртебесін  көтеру, 
қазақстандықтарды  мемлекеттік  тілдің  төңірегіне  ұйыстыру  осы 
саладағы басты бағдар болып қала бермек.


111
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
Б.Хасанұлы. Мемлекеттік тілді дамыту стратегиясы .............................7
Н. Уәлиұлы. Қазақ тілі қандай тіл? ..................................................... 20
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
Д.Райхан. Көне түбірлердің өзгеру сипаты ......................................... 29
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
К.Юсуп. Толғауы тоқсан қызыл тіл.... ................................................. 37
Н.Әшімбаева. Қазақ терминологиялық қорын
қалыптастырудың лингвоәдістанымдық негіздері ............................... 44
СӨЗ ТӨРКІНІ
Б.Бияров. Кейбір макротопонимдердің этимологиялары ..................... 55
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
Ш.Құрманбаева. Коммуникативтік бағдарлы оқытуда
тіл үйренушінің оқу-танымдық уәждемесін арттырудың маңызы ........ 63
ОНОМАСТИКА
Қ.Рысберген. Қазақ жер-су атаулар жүйесіндегі
ортағасырлық кірме атаулар .............................................................. 69
Б.Әбдуәлиұлы. Қазақстан ономастикалық кеңістігі
жаңа құқықтық-нормативтік құжаттарды талап етеді ......................... 78
А.Абасилов.  Қызылорда қаласының эргонимдері............................... 85
МЕРЕЙТОЙ
А.Байтұрсынұлы. «Қазақ» газетінен ................................................... 94
Ғ.Қараш. Ұлт һәм туған тіл................................................................. 96
Х.Досмұхамедұлы. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы ........... 98
М. Жұмабаев. Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өмірінде алатын орны ...... 101
М. Әуезов. Ана тілі әдебиетін сүйіңдер ..............................................102
ЖЫЛ ЖЕМІСІ
Тіл мәртебесін көтеру – маңызды міндет ...........................................103
МАЗМҰНЫ


112
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Авторлардың стилі,
орфография хақы сақталады.
Альманах Ш. Шаяхметов атындағы 
Тілдерді дамытудың республикалық 
үйлестіру-әдістемелік орталығында 
теріліп, беттелді.
Дизайнын жасап, компьютерлік нұсқасын дайындаған
Берік ҚОСДӘУЛЕТОВ
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы, 
Сауран көшесі, 7 А,
Тел.: 8 (7172) 40-83-97 
Tilortalyk@mail.ru
Теруге берілген күні 16.09.2015 ж. 
Басуға қол қойылған күні 16.10.2015 ж.
Пішімі 70 
х
100 
1/16
. Шартты баспа табағы 9,1.
Таралымы 2000 дана. 
Тапсырыс №
РЕДАКЦИЯНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ:

жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау