ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
15
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы
басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.
Барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға
бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» деп атап көрсетілді.
Әлбетте, білімін дамыта алмаған ел болуымыз керек, бірақ әңгіме
білімді қай тілде дамытуда. Білімді өз мемлекеттік тілімізде дамыту
бір басқа, өзге елдің мемлекеттік тілінде дамыту – мүлдем басқа.
Кадрлар мен басқарушылардың (менеджерлердің) шетел тілін білгені
жақсы, бірақ мемлекеттік тілді жұмыс бабында (мысалы, қабылдауда,
өндірісте, іс жүргізуде) қолдана алатындай болуы шарт.
Жолдауға іле-шала Білім беру мониторингі жарияланды. Өзімнің
байқағандарым жөнінде жуырда Шымкентте іссапармен болғанда
педагогика ғылымының докторы Амангелді Жапбаров, сондай-ақ
Сандыбай, Амангелді, қарағандылық Мархабат, Жандос сынды
доценттермен, Айсұлу, Жанат сынды ұстаздармен пікір алыстым. Сол
пікір алысуда оқулыққа, қазақ тілін оқытуға байланысты мынадай
жәйттер атап айтылды. Олар:
1. Көптеген оқулықтар тілінің тартымсыздығы, әсіресе этно-
педагогикалық тұрғыдан баяндау тілінің
нәрсіз болып келе беретіні;
1) Оқулық мазмұны мен тілінің этнопедагогика ғылымына сай келе
бермеуі;
2) Оқулық тілінің сөздерді жиілік сөздік ұстанымына құрылмауы;
Мұндай жағдайда сирек кездесетін сөз қолданылады да, ұғым
игерілмейді, сөз түсініксіз болып қала береді.
3) Күні бүгінге дейін I-XI сынып оқушыларының сөздік қоры
мөлшерінің белгісіздігі. Әр кластың сөздік қоры нақтылануы қажет.
2. Мектеп оқушысына арналған, оқушының деңгейіне лайықты
көптеген пән бойынша терминологиялық сөздіктің бола бермейтіндігі.
Айта кеткеннің артықтығы болмас, осы мәселелер Қазақ мемлекет-
тік қыздар педагогика институтының Тіл теориясы мен оқыту
әдістемесі және Қазақстан тілдері кафедрасының зерттеу нысаны
болып отыр.
Айталық, лексикаға оқыту деген – қазақ тіліне оқыту үдерісінің
құрамдас бөлігі. Бұл қазақ тілін, әдебиет және басқа пәндерді оқыту
сабақтарының барлық деңгейінде жүзеге асады. Лексикаға оқыту,
яғни оқушы, оны анықтау, активтендіру, оқушылардың негізгі
лексикологиялық ұғымдарды меңгеру, сөздіктерді пайдалана білу
дағдысының қалыптасуы үстінде жүзеге асады.
Әріптестердің тағы бір айтқаны сол – аудандық, облыстық,
қалалық білім беру бөлімдері штатында инспектор деген бар, олардың
әдістемемен шаруасы жоқ екен. Инспекторлардың көбі әдістеме
маманы болғандықтан, әдістемелік нұсқаулықтар (Ы.Алтынсарин
академиясында дайындалған, басқа оқу орнында дайындалғандар)
мектепке жетпейді екен. Әдістемелік көмек үшін қаржы бөлінбеген.
Озат
тәжірибе насихатталмайды, пайдаланылмайды.