«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет2/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

5
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
қатынас құралы ретінде өз қызметін толық атқаруға байлығы да, 
күші де жетеді. Оны отандастарымыздың баршасы сезінсе, түсінсе 
жаһандану дәуірінде барлық құндылықтарымызды өз деңгейінде 
сақтай да аламыз, жетілдіре де аламыз. Осы құндылықтар еліміздегі 
барлық халықтың ортақ қазынасына айналғанда тілдің біріктірушілік, 
тұтастырушылық қуаты күшеймек. Мемлекетте бір тілдің, сол 
арқылы бір мәдениеттің төңірегіне топтасу тәжірибесі әлемдік 
кеңістікте баршылық. Бұл өркениеттің мысалы. 
Тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы – сол елде тұратын 
азаматтардың баршасына ортақ мәдени қазына және қоғамдық 
құндылық сапасына көшуімен сабақтасады. Бұл бір жағынан 
мемлекетішілік тұтастыққа қол жеткізсе, екінші жағынан жаһандану 
дәуірінде ұлттық, мемлекеттік келбетімізді сақтап қалуға оң ықпал 
етеді. Жаһандану қазанында өзіміздің ұлттық болмысымызды, 
мемлекеттік келбетімізді сақтап қалу үшін, қазақ та, басқа 
этностар да қазақ тілі мен мәдениетінің маңайына шоғырлануы 
керек. Біз қазіргі заманның реалды болмысын сараласақ, өзге ұлттың 
да, тілдің де, мәдениеттің де төңірегіне топтасуымыз мүмкін емес, 
егер олай мүмкін дейтін отандастарымыз болса, олар не бүгінгі күннің 
шындығынан бейхабар, не өз мемлекетінің мықты болуына мүдделі 
еместер. Бізді «Қазақстан Республикасы» деген мемлекет біріктіреді 
екен, ендеше осы мемлекеттің бағзы тарихынан бастап бүгінге дейінгі 
осы жерді сақтап келген мұраттар жолында тұтасуымыз қажет, 
біздің білім алуымыз, жұмыс істеуіміз, мақсаттарға жетуіміз үшін 
еліміздің ішкі бірлігі, сыртқы қауіпсіздігі қай-қайсысымызға да қажет. 
Әлбетте, алдымен жеке басымызға, отбасымызға, жақындарымызға. 
Ал осы ортамыздың амандығына кепілдік беретін мемлекет, оны 
ұмытпағанымыз жөн. Егер бір мемлекет азаматтарының әрқайсысы 
қалаған тілінде сөйлеп, басқа мемлекеттің мәдениетіне еліктей берсе, 
әлбетте, елдік санаға да, мемлекеттік мүддеге де салқыны тиеді. 
Сондықтан бүгін «өркениетті» деп еліктеп жүрген мемлекеттердің 
қай-қайсысы да мұны терең түсінгендіктен мемлекетқұраушы 
ұлттың тіліне, мәдениетіне, қажет десеңіз дініне де өзге этностарды 
енгізеді. Бүгінгі Қытай, Франция, Испания, Германия, Италия сияқты 


6
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
аса танымал мемлекеттердің ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы тарихына 
көз салсақ, қаншама этностарды негізгі ұлттың діліне бейімдегенін 
аңғарар едік. Әлемде мұндай үдерістер қазір үдемесе, баяуламауда. 
Осы бағыт, осы үдеріс өрістей бермек. Сол себепті де елдігіміздің негізі, 
ұлтымыздың ұйтқысы – қазақ тілінің шынайы мемлекеттік тілге 
айналуы үшін әлі де атқарар жұмыстардың көп екендігін сезініп, осы 
бағытта мемлекеттік деңгейде де, азаматтық ынтамен де кірісуіміз 
керек. 
Қазақстанда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін барлық салаға 
батыл, толық, жан-жақты енгізудің басты алғышарттары бар, 
қалыптасқан.  Біріншіден, қазақ тілі Қазақстан Республикасының 
Конституциясында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік 
тіл – қазақ тілі» деп бекітілген. Екіншіден, демографиялық тұрғыдан 
алғанда, тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ халқының үлес 
салмағы тәуелсіздік алған жылдардан бері үнемі артып келеді. Бұл 
елімізде қазақ тілді ортаның кеңеюіне әкелетіні түсінікті. Үшіншіден, 
ұлт болашағының да, тіл болашағының да кепілі – балалар дейтін 
болсақ, онда қазақ мектептеріне баратын оқушылардың саны еселеп 
өскендігін аңғарамыз. Бұл да тілдік орта қалыптастыратын маңызды 
үдеріс. Сонымен бірге, тәуелсіздік кезеңінде өз балаларын қазақ 
сыныптарына беріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің саны көбеюде және 
осындай үдеріс балабақшалардан да байқалуда. Төртіншіден, қазақ 
тілі мемлекеттік тіл ретінде арнайы түрде балабақша, мектептен 
бастап ересектерге, мемлекеттік қызметкерге дейін үйретіледі. 
Бесіншіден, қазақ халқы кеңес дәуіріне қарағанда тәуелсіздік жылдары 
өзінің тарихи терең тамырларын, ұлттық болмысын түсініп тіліне, 
өткеніне, дәстүріне бет бұрып жатқаны шындық. Бәлкім, бұл үдеріс 
біз күткендегіден баяулау жүріп жатуы әбден мүмкін, десек те ондай 
бетбұрыс бар. Яғни, қазақ халқының басым бөлігі қазақтілді болуға 
ұмтылады және бұл үдеріс жылдан-жылға артатын болады. Міне, осы 
негізгі алғышарттарды басшылыққа алып барын ұқсатуға, қажеттісін 
табуға, баяуын жеделдетуге күшке күш, серпінге серпін қосқанымыз 
жөн. Бұл халқымыз бен мемлекетіміз үшін, тәуелсіздігіміздің мәңгілігі 
үшін аса маңызды, қадірменді ағайын!


ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
7
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
іл дамуының өз заңдылығы бар: бір жағынан, ол өз бетінше, ішкі 
даму  заңдылықтары  негізінде  өзгеріске  түсіп  отырады,  оның 
көпшілігі даму белгісін береді; екінші жағынан, тіл қоғамның (дәлірек 
айтсақ,  оның  өкілдерінің)  тікелей  ықпалымен  дамиды.  Тілді  саналы 
түрде  дамыту  тілдік  өмірімізге  енді.  Тілдік  өмірдің  өнегелі  өрілуіне 
мемлекет тұтқасын ұстаған тұлғалар тікелей әсер етуде.
Қазақ халқы өз елінің шапшаң дамып келе жатқандығын ана тілінің 
даму деңгейінен де көргісі келеді. Әрине, бұл салада жеткен меже мәз 
емес.  Мұны  ана  тілі  дамуының  тамыршысы  сезініп  отыр.  Оны  өзге 
ешкім емес, сол тілді туғызған халықтың дәл өзі бағалап отыр. Елбасы 
мемлекеттік  тілдің  өткені  мен  бүгінгісін  ескере  отырып,  тілдің  даму 
стратегиясының іргетасын қалап берді, әлбетте, стратегия үш тұғырға 
қонуы шарт. Олар: басқару, ұйымдастыру, ақпарат.
Ел  басқару  тізгінін  қолына  алған  шенеуніктер  ретін  тауып,  елді 
баса-көктеуге,  тілдің  даму  заңдылығын,  тілді  сақтау  мен  дамыту- 
Мемлекеттік тілді 
дамыту стратегиясы
Бақытжан ХАСАНҰЛЫ


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау