ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
18
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
қасқайып қарсы тұра алады. Айта кеткен абзал, Тіл Заңының 5-бабын
ғалым С.Әбдіманапов дұрыс түсінген: «Қазақ тілі орыс тілімен тең
қолданылады» деп тұрған жоқ. Заңда, мен куәмін, орыс тілі «ресми
тіл» болып, мемлекеттік тілдей ашық айтылмайды, Қазақстандағы
күллі тіл ішінде мемлекеттік тілден басқа бір ғана өмір саласында –
мемлекеттік мекеме саласында ресми қолдануға болатын бір ғана тіл
ретінде көрсетілді. Ғалым дұрыс айтады: «Бір белең алып отырған
құбылыс – қиындықтан қашып, сылтау айтуға дайындалу, мәселені
шешудің сындарлы жолынан күрделісіне қарай ойысу. Осы түсінік-
таным қазақ тілін аударма тұтқынында ұстап отыр».
Қазақ үшін нарықтың нөпір мәселесін шешудің әзірге жалғыз аяқ
жолы – заң көшін пайдалану болып тұр, тоқсан жолдың торабына
шығар даңғыл жолы қайсы? Ол – заң жолы.
Қазақ тілін білуді талап етпесек, оны кәсіби талап деп өзгені
ұғындырмасақ, не өзіміз ұқпасақ, қазақ тілі елімізге ортақ тіл
болмайды, біріктіруші факторға айналмайды. А. Айталы депутат дұрыс
айтады: «Қазақ тіліне ұйытқы болу өзге ұлттың емес, тек қазақтың
ғана мойнындағы зілбатпан жүк». Біздіңше, мемлекеттік тілді
біріктіруші факторға айналдыру үшін қазақ тіліне қазақтың ұйытқы
болуы аз, қазақ тіліне күллі халық, барлық ұлт өкілдері ұйытқы болуы
шарт. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын негізгі
тілге айналса, бұл тілді білу кәсіби талапқа айналар еді. Тиісті құжаты
(правасы) болмаса, машина руліне отыруға ешкімге рұқсат жоқ, ал
мұны (праваны) талап ету – кәсіби талап қою, сол сияқты, өткен
ғасырдың 20-жылдары 42 мамандық бойынша қазақ тілін білу кәсіби
талап болды, бүгін неге сол талап қойылмасқа. Кәсіби талапты адам
құқығын шектеумен шатастыруға болмайды. Демек, мемлекеттік тілді
білуді талап ету – адам құқығын әсте шектеу емес, қазақ тілін білдіру
арқылы күллі ұлт ұланының кәсіби қызмет бабында өсуіне қазақпен
бірдей қолма-қол жағдай туғызу болады.
Мемлекеттік тілді жұмыс бабында қолдануды құр талап етпей,
оны жоғары мектепте жақсылап оқып-үйрету керек, бірақ бұл
да жеткіліксіз, оны (мемлекеттік тілді) оқытуды мектепте жоғары
дәрежеде қоя білу керек. Мысалы, аттестат алу үшін қазақ мектебін
бітіргендер орыс тілінен жазба жұмыс тапсыратыны сияқты, орыс
мектебін бітіргендер қазақ тілінен жазбаша емтихан тапсыруы керек.
Мектеп пен жоғары оқу орындарында қазақ тілін жаңа бағдарлама,
жаңа әдістемемен оқып шыққандар мемлекеттік қызметті қазақша
жүргізу мен депутат болу үшін мемлекеттік тілді білу талабын
қалтқысыз көңілден қабылдар еді.
Басшымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің өткен жылғы Жолдауында
«Енді 20-25 жылдан кейін мемлекеттік басқарушылардың жаңа
ұрпағы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының»
қорытындысын шығарып, біздің әуел бастағы әлеуетімізді және
өзгерістердің нәтижесін елеп-екшер болса: «шынымен солай болды ма
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
19
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
екен», - деп таң-тамаша қалары анық» дейді. Илләһи, сарапшы жаңа
ұрпақ Қазақстан халқының басын біріктіріп, ортақ тілге айналған
мемлекеттік тілі жөнінде ширек ғасырдан кейін «шынымен қазақ
тілінің халі сол кездерде солай болды ма екен» деп таң-тамаша қалса
игі!
Жолдау деген не? Жолдау – барымызды бағамдап, жоғымызды
түгендеуге жігерлендіруші, ілгері ұмтылысқа бастаушы ұлағатты сөз.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» сол – Елбасы негізін
салған Қазақстанның тілдік даму стратегиясы мемлекеттік тіл
бастаған тіл керуенін дамудың даңғылы – Жібек Жолына түсірді.
Тілдік даму стратегиясын жүзеге асыру – аса күрделі мәселе, бұл
құр лингвистикалық қана білім емес, әлеуметтіклингвистикалық,
психолингвистикалық біліктілікті талап етеді. Осыны Тіл комитеті
мұқият ескерсе екен, ескере отырып, жаппай социолингвистикалық
зерттеу негізінде мемлекеттік тілді дамыту стратегиясы мен тактикасын
жасаса – керегі сол. Бұған біздің институт атсалысуға дайын.
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
20
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қ
азақ тілі – түпкі түрін сақтаған байырғы тіл. Қазақ тілі
ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес.
Оның шыққан ататегі бар. Қазақ тілі түркі тілдері деп аталатын алып
бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. Бір негізден өрбіп, түркі
ата тілінен тарағандықтан, әзербайжан, балкар, башқұрт, ғағауыз,
қазақ, қарақалпақ, қарайым, қарашай, құмық, қырғыз, ноғай, өзбек,
саха (якут), татар, тофалар, туба, түрік, түрікмен, ұйғыр, чуваш,
хакас тілдері түркі тілдері деп аталады. Қазақ тілінің түркі тілдерімен
туыстас болатын себебі
ай, тәңір, көк, жер, су тәрізді есімдер, бас, тіз,
көз, қол, аяқ тәрізді дене мүше атаулары, ақ, қара, көк, сары, қызыл
тәрізді сын есімдер, ондық, жүздік, мыңдықты білдіретін сан есімдер,
бар, кел, жүр, ұш, отыр, тұр, жат тәрізді етістік, апа, қарындас, ата,
келін, қайын ата, т.б. туыстық атаулар ортақ болып келеді. Өмірлік
мәні бар мұндай атаулар, әдетте, ауыс-түйістікке жатпайды, сондай-
ақ олар түркі тілдерінің бір негізден, бір ата тілден тарағандығының
белгісі болып табылады. Грамматикалық шақ, жақ көрсеткіштері мен
негізгі септіктердің түркі тілдеріне ортақ болып келуі – олардың
бір ата тілден тарағандығын, туыстығын көрсететін ең сенімді тілдік
деректер.
Туыстығы жағынан қарақалпақ, ноғай, өзбек тілінің қыпшақ
диалектісі, сондай-ақ, татар, қырғыз тілдері қазақ тіліне ең жақын
Қазақ тілі қандай тіл?
Нұргелді УӘЛИҰЛЫ
филология ғылымдарының
докторы, профессор
Достарыңызбен бөлісу: |