АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
41
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Тілімізді шұбарлап, шырқын кетіріп жүрген де терминдер
қолданудағы осы ала-құлалықтар. Айталық, ссуданы да, долг
сөзін де борыш деп,
убыток, затраты, расход сөздерін шығын деп,
алақолдық жасап, аузымызға іліккен сөзбен таңбалап, тарта береміз.
Әлбетте, бұлар тектес сөздер болғанмен кей ретте арасына теңдік
белгісін қоя беруге келмейтін ұғымдар. Мәселен, біз неге доходты
біресе табыс, келесіде кіріс дейміз. Әсілінде, бір сөзбен бір мағына
бермейтін сөз термин бола алмайды. Шамамыз келсе, осы екеуінің
біреуін заңдастырып алуымыз керек. Біздікі не, сөздің көптігі ме, әлде
ықыластың жоқтығы ма?
Ендеше, долг – борыш, расход – шығыс, убыток – шығын,
задолженность – берешек, выручка – кіріс, поступление – түсім,
потеря – ысырап, ущерб – залал, вред – зиян, неустойка – айып-
анжы, издержки – рәсуә (бұл сөзді шығасымен де ауыстыруға
болады) деуге болатын сияқты. Бірақ бір ұғымды бір ғана сөзге теліген
жөн. Қолданыстағы бей-берекеттен сонда ғана арылып, іс қағаздарын
қазақ тілінде жазуға қазіргідей аудармашы-тілшілерді ғана емес, кез
келген маманды отырғыза аламыз.
Ревизия және проверка, контроль және надзор – басқару
мәтіндерінде жиі ұшырасатын терминдер. Соңғы екі термин бақылау
мен қадағалау болып қалаулы орнын тауып тұр. Ал енді мәтінінде
ревизия мен тексеріс қатар түскен сәтте қиналып, тексеру және
тексеріс деп ілдәлдалайтын кездеріміз көп.
Сол сияқты іс қағаздарында жиі ұшырасатын сөздердің бір
тобы:
порядок, правила, положение, условие, дисциплина, режим.
Әрқайсысының баламасы бола тұрып, біз порядок пен дисциплинаның
екеуін де тәртіп, ал қосарласа ұшырасқан уақытта ежелгі әдетімізше
тәртіп пен тәртіптілік деп, сол сияқты
правила мен положениені, жеке
кезіксе ереже атап, бірге келгенде бірін ереже, бірін тәртіп деп алып
келдік. Әсілінде, әр сөзін саралап, салмақтап қолданатын баспасөз
орындары порядокты – реттілік, правиланы – ереже, дисциплинаны
– тәртіп, положениені – қағида деп жүйелі қолданып та жүр.
Ендеше, әр сөздің сыры мен сынына үңілейік. Жіктеп көрелік.
Порядок. По-ряду. По-рядковый номер. Реті туралы айтып тұр ғой.
Кезектілік, реттілікті білдіріп тұр ғой. Калька сияқты, бірақ ұғым,
қисын дұрыс. Демек, порядокты – реттілік дәл бейнелейді, ендеше
дисциплинаны – тәртіпке қайтаруымыз керек.
Тұжырып айтқанда, тіл мен термин турасында кеңінен ойластырып,
кемел шешімін табуды қажет ететін көкейкесті мәселелер аз емес.
Баспасөз тілі –байлық көзі
Бүгінгі нарық заманында ерекше бір назар аударатын мәселе –
баспасөзде жарияланатын хабарландырулар мен жарнаманың тілі.
Бұл өзі көңіл бөлмеуге болмайтын күрделі мәселе. Өйткені бүгінгі
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
42
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
таңда жарнаманың маңызын ешкім жоққа шығара алмайды. Сірә,
жарнамадан көп оқылатын дүние жоқ сияқты. Соған қарамастан,
баяғы дәстүрімізге басып, оның тілінің мүкісіне әлі күнге дейін
назар аудармайтын сияқтымыз. Көшеден бастап газеттер бетіндегі
жарнамаларға дейін күлкі, реніш туғызатын қойыртпақтар өріп
жүреді.
Айталық, кездейсоқ көзге түскен «хроникальді маскүнемдерді
емдеу» немесе «жылжымалы бөгеттер сатылады» деген сөздер
өрескел көрінеді екен. Байқасақ, әңгіме сүле маскүнемдерді емдеу,
ысырмалы қоршауыш өрешелер сатылатыны жайында екен. Жарнама
бұрынғыдай емес, бір жағы кіріс, бір жағы бүгінгі оқушы ден қойып
қадағалайтын хабарлама ғой. Мұны ескермеу әбестік.
Сондықтан да баспасөз де, электрондық хабар тарату құралдары
да өздерінде жарияланған немесе таратылған жарнамалар тіліне
сақтықпен қарап, мұндағы көздеріне түскен кемшіндерді жедел
түзетуге белсене қатысқаны дұрыс. Бұқаралық ақпарат құралдарының
өздерінің сөз алдындағы жауапкершілігін терең түсініп, тілімізді
байытуға, сөйлеу мәдениетімізді көтеруге, оны селкеуліктерден
арылтуға барынша жәрдемдесуі керек.
Медициналық сөздіктерге қарап отырып, бүгіннен бастап
медициналық оқу орындарында қазақ тілінде білім беруге мүмкіндігіміз
әбден жетеді деген ой түюге толық негіз бар. Ал сөздіктерге келсек,
олардың маңызын, керектігін әсте төмендеткіміз келіп отырған жоқ,
алдағы уақытта жаңа сөздіктер жасалған кезде еске алынса деген
оймен көзімізге түскен, бірді-екілі кемшіндерді атап кетуге тырыстық.
Мұнда да бірізділік жоқ, калькалау басым, қазақ тілінің өзінің сөздік
қоры, бұрынғы тәжірибе жете пайдаланылмаған сияқты әсер туады.
Мұнда да сол, аяқ алып жүре алмайтын кемшіліктердің көпшілігі
қазіргі кезде қазақ тілінің терминдеуіне салқынын тигізіп жүрген
кінәраттар болып табылады.
Алдымен, таза кәсіби терминдерге бармай тұрып,
болезнь, боль,
заболевание, заболеваемость, больной, больничный лист сияқты
іс қағаздарында қолданылатын атаулардың басын бір қайырып
алайықшы. Көріп отырсыз, орыс тілінде бәрі де боль түбірінен өрбіп
отыр. Енді қазақ тіліне қараңыз: науқас, дерт, сырқат, ауру. Айталық,
Н.А.Андроновтың «Русско-казахский словарь медицинской лексики»
кітабына орайластырып, заболеваемость сөзін сырқаттылық деп
алғанымыз жөн сияқты. Ары қарай, болезнь сөз жоқ, дерт, боль –
ауырсыну, больной – сырқат, больничный лист – емхана парағы
(емделгені жөніндегі құжат) деп алсақ, іс қағаздарына жазатын
сөздерімізді біраз ретке келтіріп аламыз.
Әдеби тіл –халықтың жүйеленген, түзілген өзіндік низамы бар
тіл мәдениетінің жетістігі десек, ендеше құжат тілі сол әдеби тілдің
ерекше екшелген, әдеби түзілген стилі деп танылады. Олай болса
әдеби тілдің кеңсе тіліне, ресми іс қағаздарының тіліне тікелей ықпал
Достарыңызбен бөлісу: |