41
Сөйлесеміз
Мәтін бойынша ой алмасу
Оқылым бойынша тапсырмалар:
2-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
Сіз қайда оқисыз? Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің іргетасы қашан қаланды? Сол кезде университет қалай
аталған? Ең алғаш қандай факультеттер ашылған? Оқу ордасы
университет мәртебесін қай жылы алған? Ахмет Байтұрсынов есімі қай
жылы берілді? Университетте неше факультет бар және қанша студент
оқиды? Университетте сабақ қандай оқу жүйесі бойынша өткізіледі?
Университетте неше кафедра бар және кімдер дәріс, семинар сабақтарын
жүргізеді? Университет қанша мамандық дайындайды Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан бойынша қандай
орын алады?
Жазылым
3-тапсырма. Берілген сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз.
Наш университет – один из ведущих университетов Казахстана. 2000
году нашему университету присоединили сельскохозяственный институт. С
2004 года студентов стали обучать по системе кредитной технологии.
Многие преподаватели, кандидаты, профессора являются выпусниками
этого заведения. Возле нашего университета находится парк, французкий
культурный центр, медицинский колледж, областной и городской акимат.
4-тапсырма. «Біздің университет» тақырыбына эссе жазыңыз.
9-тақырып. Мамандық. Менің болашақ мамандығым
1-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс.
Хатшы, бағдарламашы, есепші,
аудармашы, сәулетші, ұшқыш,
тергеуші, кәсіпкер, іскер, мүсінші, қаржыгер, бағдарламашы, құрылысшы,
шаштараз.
Ойтүрткі.
-Қазіргі кезде қандай мамандықтарға сұраныс көп?
............................................................................................................................
-Сіздің болашақ мамандығыңыз кім?
-.........................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңыз қай салаға жатады?
42
-...........................................................................................................................
-Сіз осы мамандықты неге таңдадыңыз?
-...........................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңыздың қандай ерекшелігі бар?
-...........................................................................................................................
-Сіз осы мамандықта неше жыл оқисыз?
-...........................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңызды жақсы меңгеру үшін, қай пәнді жақсы білу
керек?
-...........................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңызбен мемелекеттік мекемеде
және тағы қайда жұмыс
істеуге болады?
-...........................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңызға қандай тілдерді жетік білу керек?
-...........................................................................................................................
-Білікті, білімді маман болу үшін не істеу керек?
-............................................................................................................................
-Сізге өз мамандығыңыз ұнай ма?, неге?
-...........................................................................................................................
№1 Оқылым
Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы.
Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-
үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек
машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық
міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл
шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді. Мамандық - адамнан
арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-
әрекетінің түрі.
Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі
болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен
қарайды емес пе. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Әлемде 40 мыңжуық әртүрлі мамандық бар, статистердің зерттеуі
бойынша жыл сайын 25 мың адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның
12 пайызы қайтадан өз орынына қайтып оралатын көрінеді.
Сонымен
қатар, әр мамандықтың ерекшеліктері бар. Ізгі
мамандықтардың бірі мұғалімдік дер едік. Ұстаз баланы оқытып,
тәрбиелеп, елін көркитер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын
ақ халатты абзал жандар- дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған
жанның тәнін ғана емес, ішкі жан-дүниесін де емдейді.
Өмірде мамандық түрлері өте көп. Қазіргі таңда тәуелсіз
мемлекетіміз барлық салада жан-жақты өсу үстінде, соған орай, жаңа
43
маман иелері пайда болуда. Мысалы, мұғалім, экономист, есепші, заңгер,
инженер, агроном, қаржыгер, дәрігер тағы басқа...
Соңғы жылдары
экономика саласында: менеджер, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті
басқару, кеденші; ауыл шаруашылық саласында: кәсіпкер, ауыл
шаруашылық өнімдерін өндіруші, биотехнолог; сонымен қатар іс
жүргізуші, саудагер, бағдарламашы, аудармашы, бизнесмен тағы басқа...
Әр маман өзінің білімін іс-тәжірибеде көрсетеді. Жан-жақты, білікті,
тәжірибелі маман болу – ол көп жылдар еңбек өтілімінің жемісі.
Маман — ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және
басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары
немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер,
геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші,
экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б. Мамандардың негізгі міндеті –
өздеріндегі арнаулы кәсіби даярлық негізінде жекелеген өндірістік,
әлеуметтік немесе басқарушылық мәселелер бойынша шешімдердің
нұсқаларын, ұсыныстар әзірлеу, қорытынды жасау және орындау.
Қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкерді де, белгілі бір
мамандықтың өкілін де маман деп атайды. Жақсы, білікті маман дегеніміз
– білімді, білімділік жағынан жан-жақты қаруланған, өз ісін жақсы білетін
және әрқашан ізденетін, жаңашыл, сонымен қатар мемлекеттік тілді жетік
білетін адам болуы тиіс. әрине, осы аталған қасиеттермен бірге әр
маманның, (студенттің) бойында инабаттылық, сыпайылық, мәдениеттілік,
тыңғылықтылық, тиянақтылық, жауаптылық, зиялылық болуы тиіс.
Қазіргі кезде қандай да бір мамандық иесі болу үшін, алдымен
жоғары оқу орнына түсу керек. Мысалы, мұғалім, болу үшін,
пединститутта оқу керек, дәрігер болу үшін, мединститутта оқу керек, ал,
заңгер, инженер, биолог, қаржыгер, агроном болу үшін университетте оқу
керек.
Сатушы, бақташы, сауыншы, үй жинаушы, еден жуушы, аула
сыпырушы, күтуші сияқты мамандық иелеріне оқудың қажеті жоқ.
Қазіргі
кезде мемлекеттік тілді және шет тілді жақсы білетін сәулетші, экономист,
кеденші, ұщқыш, мұнайшы, бағдарламашы мамандықтары жоғары сатылы
және оларға сұраныс көп.
Жақсы маман болу үшін, біріншіден жақсы оқу
керек және
өз мамандығыңды терең меңгеріп, тәжірибе жинақтау керек.
Сөйлесім. Мәтін бойынша ой алмасу.
Өмірде қандай мамандық түрлері бар? Соңғы жылдары қандай
мамандық түрлері пайда болды? Қазіргі кезде қандай да бір мамандық иесі
болу үшін не істеу керек? Қандай мамандық иелері оқуды қажет етпейді?
Қазіргі кезде қандай мамандық иелері жоғары сатылы және қандай
мамандыққа сұраныс көп? Жақсы маман болу үшін, не істеу керек?