Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37

 
29 
Ғылыми-техникалық  жетістіктер  адам  баласына _____________      төндіруі 
мүмкін. 
Бүгінгі  күні  Арал  тағдыры  бүкіләлемдік  экологиялық  _____________ 
болып отыр. 
Апаттан __________ шеккен аймақтарға көмек көрсету жалпыхалықтық іс 
болып табылады. 
 
Керекті сөздер: қауіп, ахуал, ластануы, зардап, зиян 
 
2-тапсырма.  Бұл  пайымдауларға  келісу/келіспейтініңізді  айтыңыз.  Нақты 
себептерін келтіріңіз. 
 
Оқылым 1 
Түсініп оқу. 
Тақырыпты анықтау/іздеп оқу 
 
           Бүгінгі 
таңда  жаһандық  проблема 
болып  отырған  экологиялық  мәселелер 
табиғаттың  даму  заңдылығын  ескерме-
гендіктен,  оның  тепе-теңдігінің  бұзылуынан 
пайда  болды.  Ғылыми-техникалық  жетістік 
ғылымның  кейбір  саласында  адам  баласына 
қауіп  төндіруде.  Адам  әрекетінен  туындап 
отырған жаңа “антропогендік ландшафтар”,  
жер  бетінде  климаттың  жылынуы  тіршілік 
дүниесіне зардабын тигізуде. 
          Қоршаған  орта  болмысының  өзгеруі, 
ғаламшардағы  ірі  өркениетті  елдердің  өздері 
мойындап 
отырғанындай, 
табиғат 
байлықтарын 
тиімсіз 
пайдаланудан, 
табиғаттың даму, қалыптасу  
заңдылығын  ескермеуден  туындап  отырғаны 
даусыз.  
          Ғылыми-техникалық прогрестің күрт 
дамуы  барысында  ірі  өндірістік  қалаларда 
автокөліктердің  санының  өсуінен,  атмосфера 
және  озон  қабаттарына  улы  газдардың  мол 
бөлінуінен,  ірі  елді  мекендерде  таза  ауыз  су 
тапшылығынан  адамның  денсаулығына  залал  келуде.  Қазіргі  кездегі 
қоршаған  ортаның  радиациялық,  химиялық,  биологиялық  ластануы 
әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. 
      Пайдалы  қазбалар  қорының  ғылыми  негізсіз  пайдаланылуы,  жер 
бетіндегі  өсімдіктер  әлемі  мен  жануарлар  дүниесінің  жұтаңдануы  және 
табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды 


 
30 
тудырды.  Кейбір  өндіріс  орындарынан  бөлінген  зиянды  қалдықтардың 
шектен  тыс  көбеюі  қоршаған  орта  жағдайының  нашарлауына,  адам 
денсаулығының  бұзылуына  апарып  соғуда. 
Осының  барлығы  қоршаған  ортаны  қорғау 
мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлуді  және  оны 
қалпына 
келтіру 
жұмыстарымен 
айналысуды,  сондай-ақ  оның  ресурстарын 
тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан 
жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, 
өндірістік  қалдықтар  мен  ақаба  суларды 
тазартудан 
өткізу, 
топырақтың 
құнарлылығын 
сақтау 
және 
топырақ 
эрозиясына  жол  бермеу  жұмыстарын 
қарқынды  жүргізуді  өмірлік  маңызы  бар 
талап ретінде алға тартуда. 
             Табиғат  дамуының  заңдылықтарын 
білмеу,  кейде  оларды  есепке  алмау  бос  шығынға,  адамдардың  өмір  сүру 
жағдайының  және  табиғи  ортаның  нашарлауына  алып  келді.  Мұндай 
жағдай  Арал  теңізінің  тағдырына  тән.  Қазір  теңіз  деңгейінің  күрт 
төмендеуі  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесінің  жұтаңдануын,  т.б. 
экологиялық проблемаларды тудырып отыр. 
             Еліміздегі  Арал  апаты  жаһандық  сипат  алып,  оның  зиянды  әсері 
қазірдің  өзінде  көптеген  мемлекеттерде  байқалуда.  Сондықтан  АҚШ, 
Жапония,  т.б.  мемлекеттер  Аралды  құтқаруға  байланысты  шараларға 
қатысуға  келісімдерін  беріп  отыр.                          Қазіргі  кезде  Арал  теңізін 
құтқарудың  жаңа  жоспарлары  жасалып,  ғалымдардың  ұсыныстары 
талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы). 
            Келтірілген  мысалдар  адамзаттың  табиғатқа  жауапсыз  қарауға 
болмайтындығын  дәлелдейтін,  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  кезінде 
өз  іс-әрекетінің  салдарына  көңіл  бөліп,  әрдайым  дұрыс  жолды  таңдау 
қажеттілігін  көрсетеді.  Дүние  жүзінде  адамның  іс-әрекетінен  болатын 
экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ. Мысалы, жидек тергенде, 
аң  аулағанда  немесе  егіс  алқабын  тазартқанда  табиғатқа  белгілі  бір 
мөлшерде  зиян  келтіріледі.  Адамның  бұл  әрекеті  аз  мөлшерде 
болғандықтан, табиғи орта оны ретке келтіріп, орнын толтырып отырады. 
Яғни,  табиғаттың  тепе-теңдігі  сақталғандықтан,  өзгеріс  көп  елене 
қоймайды. 
            Ал  мал  шаруашылығы  мен  жайылымдыққа  пайдаланылатын 
жерлердің  жыртылуы,  ормандардың  кесіліп,  өртелуі,  каналдар  мен 
жолдардың ойластырылмай салынуы сол жерлердегі өсімдіктер әлемі мен 
жануарлар дүниесіне көп мөлшерде зиян келтіреді.  
           ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  қоғам  мен  табиғаттың  өзара 
қарым-қатынасының жаңа бір саласы – алып өндіріс орындары көптеп бой 
көтере  бастады.  Зауыттар  мен  фабрикалардың  еселеп  өсуі  барған  сайын 
шикізат  түрлерінің  мол  пайдаланылуына,  энергия  шығынының  өсуіне, 
ҚАЖЕТТІ СӨЗ 
ОРАМДАРЫ 
Ғалымдардың 
айтуынша ..... 
....... деп айта 
алмаймын, бірақ ... 
Мұндай жағдай жиі 
кездеседі. 
Мәселеге бұл тұрғыдан 
келсек,... 
Сол сияқты тағы да 
...... 
Бірден  ...... деп айту 
қиын. 
 


 
31 
қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді. Ғылыми-техникалық 
прогрестің  табиғатқа  тигізетін  кері  әсері  дауыл,  су  тасқыны,  жанартаулар 
атқылауы,  жер сілкіністері сияқты  апатты  құбылыстардың зардаптарымен 
теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи 
ортаның  қалыптасқан  заңдылығын  бұзып,  биосферадағы  энергия  мен 
табиғи зат алмасуға теріс әсер етті. 
 
Оқылым бойынша тапсырмалар: 
  Мәтінді оқығанда қандай ой келді? 
  Мәтіндегі барлық пікірлермен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Дәлелдер 
келтіріңіз. 
  Мәтіннің негізгі ойын 10 сөзбен айтыңыз.  
  Мәтінде айтылған жайттарды сіз нақты өмірде кездестіресіз бе? 
  Тақырыбын анықтаңыз.  
  Арал теңізінің экологиясы жайлы не айта аласыз?  
 
Талқылау 
  Табиғат адам организміне  қаншалықты пайдалы/ зиянды? 
  Табиғатты пайдалануда шек болу керек пе? 
  Экологиялық жағдайдың нашарлау себептері не? 
 
3-тапсырма.  Мына ойға қандай пікір қосасыз? Келісесіз бе/ 
келіспейсіз бе? 
          Дәрігерлердің  пікірінше,  ХХІ  ғасырда  ең  көп  таралған  аурулардың 
ішінде  аллергия  бірінші  орынға  шығуы  мүмкін.  Өйткені  бүгінде  онымен 
Жер шарындағы 2 миллионнан астам адам зардап шегеді. Көп ретте стресс, 
экологиялық  ахуал,  дұрыс  тамақтанбау  аталған  дерттің  пайда  болуына 
жағдай туғызады.  
 
 
 №2 Оқылым  
Көз жүгіртіп оқу  
Іштей оқу 
 
     Адам  ағзасының  қалыпты  дамуында,  денінің  сау,  санасының  сергек 
болуында  табиғи  және  таза  тамақ  өнімдерінің  рөлі  аса  жоғары 
болатындығы  белгілі.  Алайда,  қазіргі  заманда  әртүрлі  техногендік 
әсерлерден,  қоршаған  ортаның  ластануы  салдарынан  әлемде  малдың 
қауіпті  жұқпалы  аурулары  пайда  болуымен  қатар,  адам  ағзасы  үшін  аса 
қауіпті  химиялық  зиянды  элементтер  (мыс,  қорғасын,  сынап,  мырыш 
қатарлы  улы  металдар,  радионуклидтер,  пестицидтер  мен  антибиотиктер 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау