64
Шоқан Уәлиханов саяхат жасаған жерлер...
Қашқарияға
Ыстықкөлге
Текеліге
Шоқан Уәлиханов шығармалары
«Абай жолы»
«Манас»
“Алты шаһарға
сапар”
Шоқан Уәлихановтың ескерткіші орнатылған жер
Алтынемел
Астана
Алматы
«Аққан жұлдыз» романының авторы
С.Дөнентаев
С.Мұқанов
С.Мәуленов
Хронологиялық кестені толтыру
Уақыты
Іс-әрекет
1856-1858
жылдары
1835 жылдың
қараша айында
1857 жылы
27 ақпанында
1971 жылы
1853 жылы
Уақыты
Іс-әрекет
1861-1862
жылдары
1855 жылы
1854 жылы
1842 жылы
1987 жылы
Шығармашылық жұмыс
65
1-топ. «Шоқанды қоршаған орта» атты кластер құрыңыз.
2- топ. «Шоқан жүрген жерлер» деп алып, карта бойынша саяхат жасаңыз.
Берілген материалдар бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.
Аты –
жөні,
ғылым
и
қызмет
і
Өмір
жылдары
, туған
жері
Орыс
ғалымдарыме
н
байланысы
Алға
н
білім
і
Қызмет
і
Зертте
у
саласы
Еңбектер
і
13-тақырып. Ұлы кемеңгер, ойшыл, ақын- Абай
Тірек сөздермен жұмыс
Сауат ашу, зейінді, місе тұтпау, өз бетінше жетілдіру, ел ісіне
араласу, озық ойлы, әлеуметтік көзқарас,ғұлама, туынды, дана,мол
қазына,тәрбиесінде өсу, ел анасы, әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік,
сабырлы мінез, қисса, дастан.
Ойтүрткі
1.Қазақ халқының ұлы ақыны кім?
2. Абайдың шешесінің аты кім?
3. Абайдың әжесінің аты кім?
4.Абай кімдермен дос болды?
Оқылым
Ұлы кемеңгер, ойшыл, ақын- Абай
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс
тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі,
екінші әйелі Ұлжаннан туған. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең
пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол
қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі,
әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде
өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа
толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл
медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді.
66
Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп,
үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз
бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының
шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі,
дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа
Хафиз, Физули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады.
Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская
школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл
оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да,
орысша да оқуы аяқталады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-
сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодалдық қатынастардың
кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын,
аштық пен жалаңаштықты, патриархалдық, кертартпа салт-сана, әдет-
ғұрып заңдарының залалдарынын айқын түсінді.
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге
айдалып келген Михаэлиспен , 80-жылдарда орыс демократтары Н. И.
Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың
Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ
Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық
көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл
тұста М. О. Әуезовтің “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мәдениетін
мол, терең тани бастаған Абай озғын ойды бұлардан үйренбейді.
Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин,
Некрасовтардың мұраларын оқып, кең, терең тәрбие алды. Абайдың
классик ақын болған маңызын, әлеуметтік көзқарасын тек Михаэлис
әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына және
ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын
келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның Гете, Байрон сияқты
ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды
ғұламаларының туындыларын оқыды
.
Берілген мәтінге біртұтас жоспар құрыңыз.
1.
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы.
2.
Ұлы ақын туралы ойлар.
3.
Абай поэзиясы.
4.
Абайдың ұлылығын танытатын өлеңдер.
Айтылым. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1.
Абай кім?
67
2.
Абай поэзиясында нені көрсете білді?
3.
Абай жас кезінде әкесінің қасында жүріп нені тани түседі?
4.
Абайдың ұлылығын неден көруге болады?
Жазылым.
1-тапсырма. Лексикалық қорды меңгеріңіз, берілген жаңа сөздер мен
сөз тіркестерін оқып танысыңыз. Сөздермен сөйлем құраңыз.
Мұра, ақын, әдебиет, парасат, ой-сана, түп тамыры, қуаттылық, дарын,
даналық, өркендеу, жаңаша, адамгершілік, талаптық, мінез-құлық.
2-тапсырма.
Екі
бағанда
берілген
сөздерден
мағыналық
үйлесімділігіне қарай сөз тіркесін құраңыз. Жазыңыз.
Ақылды адам
Төңіректегі жарамды
Ақылдың іс
Дүниеге нәрсе
Орынды қараушылар
Есті көзі
Бағасыз кісі
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын
жалғаңыз.
Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы
туындылары дүние жүзі поэзиясы... озық үлгілері... деңгейлес тұрғаны-
білген адам... айқын шындық. Ұлы ақын... заман туғызады дейміз. Бір
дәуір..., тіпті бір орта... өмір сүрген ақындар... да суреткерлік деңгейі,
ақыл-парасаты... көтерілген биігі әркелкі болады. Ақын... өз заманы...,
қоғам өмірі... қатынас-байланысы, жалпы дүние-болмыс... алатын әсерлері
сан алуан. О... бірнеше жағдайларға меншіктеу..., бір жақты, тар көлем...
түсіну... болмайды. Басты мәселе- Абай халық... түбегейлі мүддесі, арман-
тілектерін қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгей...,
қандай көркемдік қуаттылық... айтып жеткізе алғандығында.
Айтылым.
4-тапсырма. Берілген жоспарға сүйеніп, мәтін құрастырыңыз.
Жоспар:
1.
Ақылды және ақылсыз кісі.
2.
Есті адамның қылығы.
3.
Мастық қылықтың азабы.
4.
Өзіңе есеп беріп үйренудің пайдасы
Достарыңызбен бөлісу: |