37
тұрақты шығып тұрады. Аудандағы бірнеше мектептің түлектері табиғат
жанашырлары. Олар өздері атқарып жатқан істерді газетте жариялап
тұрады. Өткен жылы Өрел мектебінің бір топ түлегі Санкт-Петербург
қаласынан “Алтын бүршік” алқасы мен 5 мың долларды жеңіп алыпты.
Қазір ұлттық парктің ұйымдастыруымен 17 эко-туристік мектепішілік клуб
және төрт мектеп орманшылығы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жыл сайын
ұлттық парк негізінде халықаралық туристік “Мұзтау” фестивалі
ұйымдастырылып тұрады.
Қазақстанның ұлттық парктері
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми,
тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-
қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық
және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау,
экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық
мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме
мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған.
Ұлттық парктер тізімі
#
Сурет
Атауы
Құрылғ
ан
жылы
Көле
мі, га
Орналасқан
жерi
1
Баянауыл
мемлекетті
к ұлттық
табиғи
паркі
1985
68 453
Павлодар
облысы
2
Іле
Алатауы
мемлекетті
к ұлттық
табиғи
паркі
1996
199
703
Алматы
облысы
38
3
«Алтынеме
л»
мемлекетті
к ұлттық
табиғи
паркі
1996
161
153
Алматы
облысы
4
«Көкшетау
»
мемлекетті
к ұлттық
табиғи
паркі
1996
182
076
Ақмола
облысы
және
Солтүстік
Қазақстан
облысы
5
Қарқаралы
мемлекетті
к ұлттық
табиғи
паркі
1998
112
120
Қарағанды
облысы
6
«Бурабай»
мемлекетті
к ұлттық
табиғи
паркі
2000
129
935
Ақмола
облысы
7
Катонқарағ
ай
мемлекетті
к ұлттық
табиғи
паркі
2001
643
477
Шығыс
Қазақстан
облысы
39
8
Шарын
мемлекеттік
ұлттық табиғи
паркі
2004
127 050
Алматы облысы
9
Сайрам-Өгем
мемлекеттік
ұлттық табиғи
паркі
2006
149 053
Оңтүстік
Қазақстан облысы
1
0
«Көлсай
көлдері»
мемлекеттік
ұлттық табиғи
паркі
2007
161 045
Алматы облысы
1
1
Жоңғар
Алатауы
мемлекеттік
ұлттық табиғи
паркі
2010
356 022
Алматы облысы
1
2
«Бұйратау»
мемлекеттік
ұлттық табиғи
паркі
2011
88 968
Ақмола
облысы
және
Қар
ағанды облысы
8-тақырып.Білім. Оқу орындары. Университет-білім ордасы.
Тыңдаймыз оқимыз.
1-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс
Іргетасы қаланды, мәртебе, мұғалімдер институты, жетекші, ғылыми,
әдістемелік,мәдени, солтүстік өңір, академиялық еркіндік, ауқым, бәсекеге
40
қабілетті, білім беру технологиялары,мерзімдік басылым, жабдықталған,
кредиттік жүйе, алдыңғы қатарлы, аймақтық, мақтанышы.
Оқылым
Университет – білім ордасы
Мен
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінде оқимын. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университетінің іргетасы 1939 жылы қаланды. Сол кезде
университет
«Мұғалімдер институты» деп аталған. Ең алғаш
математика, физика, тарих, география факультеттері ашылған. Оқу ордасы
университет мәртебесін 1993 жылы алған. Ахмет Байтұрсынов есімі 1996
жылы берілді.
Ахмет байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универстеті –
Қазақстан Республикасының солтүстік өңірінің білім беретін жетекші,
ғылыми, әдістемелік және мәдени орталығы.
Біздің университет еліміздің академиялық еркіндігі бар ЖОО-ның
тізіміне кіреді, білім берудің барлық деңгейі бойынша дайындық жүргізеді,
пән таңдаудың кең ауқымы мен оқытудың қолайлы үлгісі бар. Сонымен
қатар, бәсекеге қабілетті мамандарды ойдағыдай дайындау үшін жаңа
мультимедиялық және интернет-технологияларды пайдалану арқылы
қазіргі білім беру технологиялары кеңінен қолданылады.
Жаңа талаптармен жабдықталған «Білім орталығы» ақпараттық-білім
беру орталығы университетіміздің мақтанышы. Мұнда студенттер мен
оқытушылар үшін қажеттің бәрі: оқу және ғылыми әдебиеттің, мерзімдік
басылымның бай қоры, тамаша материалдық-техникалық база, осы
заманғы компьютерлік және оргтехника, интернет-зал, әдеби қонақжай
бөлме, жұмыс істеу үшін жеке кабиналар бар.
Жыл сайын Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Ресей
мен алыс шетелдердің қатысуымен шамамен 5 халықаралық және
республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Әр жылда
университет оқытушылары екі-үш докторлық және жиырмаға жуық
кандидаттық диссертация қорғайды.
Университетте 7 факультет бар, 9000-ға жуық студент оқиды.
Университетте сабақ кредиттік жүйемен, бекітілген сабақ кестесі бойынша
50 минуттан өткізіледі. Университетте 37 кафедра бар, 160-тан астам
ғылыми атақтары мен дәрежелері бар оқытушылар, 40 ғылым докторлары
мен профессорлар дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді. Университет 35-
тен астам мамандық дайындайды. Ахмет Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті – Қазақстанның солтүстігіндегі
алдыңғы қатарлы, аймақтық университеттердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |