35
«Қызыл кітапқа» белгілі түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануардың
не өсімдіктің 5 санатын анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда
ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар мынадай:
І санат – жойылып бара жатқандар. Бұлар туралы соңғы 50 жылда
ешқандай деректер жоқ. Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан,
қызылқұм арқары, құдыр, т.б.
ІІ санат – саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі
мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғысы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.
ІІІ санат – сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек
кездесетіндер). Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара
тұрпан, қара ләйлек, т.б.
ІV санат – белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер). Мысалы, шұбар
кесіртке, қара шұбар жылан,т.б.
V санат – қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта
көбейген түрлер). Мысалы, аққу, көкқұс, т.б.
Тапсырма. Берілген құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемге
айналдырыңыз.
Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді,
ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға
келді. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Қорық
фаунасы
сүтқоректілердің
42
түрін,
құстардың
238
түрін,
жорғалаушылардың 9 түрін, қосмекенділердің 2 түрін, балықтардың екі
түрін және омыртқасыз жәндіктердің мыңдаған түрін қамтиды.
Қазіргі
кезде Науырзым қорығының үстіңгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі
геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғарғы әртүрлі жануарлар
әлемі, ала-құла, топырақ өсу жабылғысы калыптасады.
Қазақстандағы ұлттық парктер
Қазақстанда мемлекеттік ұлттық табиғи парк көп емес, саусақпен
санарлық. Соның ішінде ең үлкені – Катонқарағай ұлттық паркі. Ол 2001
жылдың 17-ші шілдесінде Үкімет қаулысымен құрылған. Ұлттық парктің
аумағы Алтай – Саян экоаймағының Қазақстандағы жобаланған бөлігінің
құрамына енеді. Ұлттық парктің жалпы ауданы 643477 гектар. Ұлттық
паркке бай табиғат байлықтары, бірегей ландшафт кіреді, орманды даладан
тайгаға дейін, биік таулы аймақтың альпі шалғындықтары, мұздықтар
жинақталған. Парк аумағының 34 пайызын орманды алқап алып жатыр.
Қылқан жапырақты ағаштар –шырша, қарағай, балқарағай, самырсын бұл
өлкенің
байлығы.
Ұлттық табиғи паркті бірінші күннен бастап Ерен Жұмағұлов басқарады.
Ұзақ жылдар ұстаз, сосын орманшылықты басқарған, аңшы, балықшы,