Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37

 
32 
т.б.) малдың жайылымы мен жем-шөп, өсімдік арқылы малға беріліп, мал 
өнімдері  арқылы  адам  ағзасына  еніп,  әрқилы  аурулардың  туындауына 
себепкер болуда. («Егемен Қазақстан» газеті) 
 
 
Мәтін қандай ой салды? 
Таза тамақ  дегенді қалай түсінесіз? 
Қазақтың  ұлттық  тағамдарының  пайдалы  емдік 
қасиеттері туралы  не білесіз?   Адам денсаулығына тағы не пайдалы? 
 
5-тапсырма. Мына пікірлерге келісу/келіспеушіліктеріңізді 
Иә
(√)не 
Жоқ
(
X)деп белгілеңіз: 
Қазіргі заманда табиғаттан таза өнім алу мүмкін емес. 
Экологиялық жағдайлар адамның тез қартаюына әсер етеді. 
Табиғат өнімдері ешқашан таусылмайтын байлық. 
Табиғат байлығын қорғау тек заң жүзінде ғана сақталады. 
Қазақстан туризмі 7 жылдан кейін брэндке айналады. 
 
Жұптық  жұмыс:  Келесі  студентпен  таза  ауадағы  спорт  жайлы  өзара 
сөйлесіңіз. 
 
Топтық  жұмыс:  Мына  мәселелерді  топпен  талқылап,  өз  ойларыңызды 
ұсыныңыз. 
Елімізде туризмді дамытудың мүмкіндіктері қаншалықты? 
Туристерді Қазақстанға тартудың қандай жолдарын ұсынасыз? 
Отандық туризмнің болашағы қандай? 
 
6-тапсырма.  Елімізде  туризмнің  дамуының  мүмкіндіктері  мен  кедергілер 
тізімін жасаңыз. 
 
МҮМКІНДІКТЕР КЕДЕРГІЛЕР
 
_________________________                                
____________________________ 
_________________________                                
____________________________ 
_________________________                                
____________________________ 
_________________________                                
____________________________ 
 
7-тапсырма.  Туризм  дамуының  экологиялық  жағдайларға  теріс  және  оң 
әсерлерін атаңыз. 
 


 
33 
 №2 Оқылым  
 
Экологиялық мәдениет 
      Экологиялық 
мәдениет 
менің 
түсінігім 
бойынша 
біздің 
денсаулығымыздың  және  тазалығымыздың  кепілі.  Тұрып  жатқан 
қаламыздың  таза  әрі  әдемі  болғанын  бәріміз  қалаймыз.  Бірақ,  өкінішке 
орай  қала  тұрғындарының  әрекетінен,  "қаламызды  таза  ұстайық"  деген 
бос  сөздері  көп  айтылып  жатады.  "Тазалық  жинаған  жерде  емес, 
шашпаған  жерде  болады"  дегендей  қаламызда  апта  сайын  сенбілік 
өткізіліп  тұрса  да,  артынша  қоқыстардың  қайта  шашылып  жатқанын 
көреміз.  Қоршаған  ортаның  ластануының  барлығына  адамдардың 
мәдениеті  мен  сана  сезімінің  төмендігі  басты  себепші  болып  отыр. 
Турасын айтқанда адамзаттың жауапсыздығы, салғырттығы. 
      Тазалық мәселесі қаламызда тұрып жатқан тұрғындардың барлығына 
қатысты. Кейбір тұрғындар барлығын мемлекеттік органдар жасауға тиіс 
деген пікірді қалыптастыра отырып, балаларына да сондай тәрбие береді. 
Әр  азаматты  тазалыққа  тәрбиелеу  отбасынан  басталуы  тиіс.  Өздері 
тазалайды  деген  пікірден  аулақ  болып,  қолынан  келетін  шаруаны 
тындыра салса, бұл тәрбиелеп отырған ұл-қыздарына да үлгі болады. Әр 
тұрғын  өзінің  тұратын  үй-жайының  айналасын  таза  ұстап,  артық 
қалдықтарды  шашпай,  ұқыпты  болсақ,  қаламыздың  таза  әрі  көрікті 
мекенге айналуына кішкене болса да үлес қосар едік. 
     Тазалық  сақтамау  түрлі  сырқаттарға  әкеледі.  Қаншама  микроб  ауа 
арқылы  денсаулыққа  зиян  келтіреді.  Мәселен  туберкулез  ауруымен 
ауырған  адам  түкірсе,  оның  таяқшалары  ауада  бірнеше  сағатқа  дейін 
сақталады.  Бұның  өзі  мәдениетсіздікке  жатады.  Адамдар  кейде  өздері 
жамап-жасқап алатын сан түрлі сырқаттың 
дауасын Табиғат-Ана тауып, жан жарасына дәруін беріп жатады. Ал енді 
ойлап  көрейікші  біз  қоршаған  ортамызды  қорлап,  қоқыстарды  лақтырып 
жатсақ та, табиғат біздің түрлі ауру-сырқаттарымызды емдейтін шипалы, 
емді  шөптерін  ұсынып  жатады.  Бұл  біздің  тарапымыздан  табиғатқа 
жасаған үлкен қорлық деп есептеймін. 
Адам-  табиғаттың  төл  перзенті.  "Табиғатсыз  адамзаттың  күні  жоқ,  оны 
айтатын  табиғаттың  тілі  жоқ  "  деп  бекер  айтылмаған.  Табиғаттың 
жанайқайын  естімегенімізбен,  көзбен  бәріміз  көріп  отырмыз.  Мұндай 
жағдайларға  сөзбен  шаралар  қолданып  жатырмыз  дегендерімен  іс-
әрекеттерінен ешнәрсе көре алмаймыз. 
   Қорытындылай  келе  өз  денсаулығымыз  мықты  болсын  десек,  қоршаған 
ортаның  тазалығына  аса  мән  беріп,  назар  аударайық.  Жүректерінде 
табиғатқа деген мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ояту әрбір азаматтың 
борышы.  Суын  ішіп,  ауасын  жұтып,  топырағын  басып  жүрген  туған 
қаламызды аялап, қадірлеуді білсек жеткілікті.  
 


 
34 
Қазақстанның қорықтары 
        
       Мәтінді оқып аударыңыз. 
       Елімізде  өсімдіктері  мен  жануарлары  әр  алуан,  арнайы  қорғалатын 
тұтас  табиғи  аймақтар  –  қорықтар  ұйымдастырылған.  Сондықтан  да 
қорықтар нағыз күрделі табиғи лаборатория болып табылады. Қорықтар — 
биосфера  эталоны.  Мұндағы  орман-тоғай,  жай  алған  жайылым  мен 
шабындық,  аң-құс,  айдын  шалқар  көлдер,  ағыны  қатты  өзендер 
мүмкіңдігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман 
болмасын,  қорықтарды  ұйымдастыру  күн  тәртібінен  ешқашан  да  түскен 
емес.  Өйткені  биосфера  байлықтарын  қорғау,  онда  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын сондай-ақ биосфера компоненттерін қорғау және үгіт-насихат 
экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте 
маңызды  роль  атқаратыны  белгілі.  Осыған  орай  қорықтар  ұйымдастыру 
бөлініп  Қазақстанның  шөл-шөлейтті  аймақтарында  үйір-үйірімен 
жайылып  жүретін,  бірақ  кейіннен  мүлде  азайып  кеткен  құландарды 
қорғап  қалуда  қорықтардың,  әсіресе  Бадхыз  қорығының  рөлі  орасан  зор 
болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығында айтар үлес қосты.                                                              
      
Бай  өлкені  шын  мәнінде  табиғи  байлықтың  қайнар  көзі  деп 
ғалымдар  бекерден-бекер  айтпаған  болар.  Бірақ,  бұл
 
інжу-маржандар 
қанша  болғанымен,  ол  сарқылмайтын  дүние  емес  екені  кейінгі  кезде 
өзінен-өзі  өне  беретін  зат  емес.  Сондықтан  да  оны  пайдаланумен  бірге, 
ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндік керек.  
 
Т
апсырма. Мәтінмен жұмыс істеңіз. 
1. Мәтіндегі қарамен белгіленген сөздері орыс тіліне аударыңыз. 
2. Мәтіннің    мазмұнын айтып беріңіз. 
3. Мәтінге байланысты сұрақтар  қойыңыз. 
4. Қорықтар туралы білетін қосымша мәліметтеріңізді ортаға салыңыз. 
 
Тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, сөйлемдерді орын тәртібі арқылы 
қойыңыз. 
 
   
Бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар 
бекерден-бекер  айтпаған  болар.  Бірақ,  бұл  інжу-маржандар  қанша 
болғанымен,  ол  сарқылмайтын  дүние  емес  екені  кейінгі  кезде  өзінен-өзі 
өне  беретін  зат  емес.        Сондықтан  да  оны  пайдаланумен  бірге,  ұқыпты 
түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндік керек.  
Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсті. Барса-келмес аралы 
жойылып  кеткеннен  кейін  ондағы  құландарды  арнаулы  ұшақтармен 
Алтынемел  ұлттық  биосфера  паркіне,  Іле  өзел  жағасына  әкелінді.  Міне, 
осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде. 
 
Тапсырма.  «Қызыл  кітап»  жөнінде  шағын  мәлімет  ала  отырып,  өз 
ойыңызды ортаға салыңыз.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау