84
көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жылдам қол жеткізе
бастайды.
Мектептерде
аппараттық,
телекоммуникациялық
және
бағдарламалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес,
индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу
керек – олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың
тиімділігіне кепілдік береді.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI
ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті
технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып
табылады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту,
дара тұлғаға бағыттап оқыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
жоғарылатуды көздейді.
Президентіміздің ықпал етуі тарапынан Қазақстан Республикасы
орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік
бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері
сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі
тиіс, яғни, бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту
жүйесін жасау қажет» – делінген.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана
білудің нәтижесінде білімнің базалық мәліметтеріне еркін қол жеткізуге
болады.
Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалық
бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды
автоматтандыру, оқушыға өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы,
көпдеңгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен
дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды
мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа
мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар
қашықтықтан оқытудың материалды өз бетінше игеру жетілдірілген
психологиялық – педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан
оқытуды оқушыларға жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай
таңдауға мүмкіндік береді.
Сондықтан оқушылар өз бетінше жұмыстың техникасымен
әдістемесін, жоғары деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін
меңгеруі қажет. Сонымен нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық
құралдармен жұмыс істей білуі керек.
Келешекте ауқымды желі арқылы оқушылардың, сонымен бірге
ұстаздардың да білімдерін қашықтан білім алу арқылы жетілдіруге
мүмкіндік туатынына сенімдіміз және болашақта бағалы нәтиже алатын
секілді сезінеміз.
85
Кез келген қашықтықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды
сипаттары:
- Құрылымының ашықтығы. Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес
құрылуы тиіс.
- Сәйкестілігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі
тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек.
- Кеңейгіштігі. Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және
жүйенің функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру.
- Жан-жақтылығы. Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-
жақты болуы керек.
- Сенімділігі. Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек.
Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс.
- Үлестірімділігі. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына
бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген
Интранет, Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды
қолдауы керек.
- Масштабталуы. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің
құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс.
- Қолданушының ортақ интерфейсі. Қолданушының интерфейсі
қарапайым, түсінікті болуы тиіс.
- Өңдеудің қарапайымдылығы. Өңдеу жылдам және тиімді болуы
тиіс.
- Тасымалдануы. Жүйе әртүрлі аппараттық – бағдарламалы
тұғырнамада жұмыс істеуі қажет.
- Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық
толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс.
- Қауіпсіздігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс.
- Басқару қарапайымдылығы. Интерфейс басшысы жеткізерліктей,
қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс.
- Көпмәнділігі. Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар
өңдеу керек.
- Жұмыстың тиімділігі. Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-
жөнін) әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту
керек.
Жүйенің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке
тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз
етеді.
Қашықтықтан оқыту жүйесін құру қағидалары:
1. Оқытудың адамгершілік қағидасы.
Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған
тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы
шарттарды туғызып, білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады.
2. Қашықтықтан оқыту жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде
педагогикалық көзқарастың басымдылығының қағидасы.
86
Бұл аталған қағиданың мәнісі, қашықтан оқыту жүйесін жүзеге
асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын
теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен
тұрады.
3.
Педагогикалық
мақсатқа
лайықты
жаңа
ақпараттық
технологияларды қолдану қағидалары.
Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және қашықтықтан
оқыту жүйесін жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан
да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет
ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою
қажет.
4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік
білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс.
5. Қашықтықтан оқыту жүйесінде таралатын ақпараттардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.
Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі
жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану
мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде
қамтамасыз ету қажет.
6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде тиімді оқыту білім, білік,
дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, білімгердің
нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс
болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты
дағдыларына ие болуы тиіс.
7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары.
Оқыту технологиясы қашықтықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы
қажет. Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін
оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы
немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар,
өндірістік тәжірибелер, курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің
меңгерілуін бақылау қолданылады. болу керек, қашықтықтан оқыту жүйесі
қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері
пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы
үлгілерінде
компьютерлік
конференциялар,
телеконференциялар,
ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т.б.
қолданылатын болады.
8. Оқытудың ұтымды қағидалары.
Қашықтықтан оқыту жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және
экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер Бұл білім алушының оқып
жүрген оқу орнында сәйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті
бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға
Достарыңызбен бөлісу: |