Технологиялар



жүктеу 0,87 Mb.
Pdf просмотр
бет27/39
Дата13.11.2018
өлшемі0,87 Mb.
#19231
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39

79 
 
бағдарлама  бойынша  оқытылатын  топтарында  тәжірибе  өткізу  ретінде 
жүргізілуде. 
Бүгінгі күніде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған 
жағдайда  өз  бетінше    білім  алуға  мүмкіндік  беретін,  ізденуді  қажет  ететін 
ерекше жүйе «Қашықтықтан білім алу жүйесі» мүмкін болып отыр.  
«Қашықтықтан  білім  алу»  әр  адамның  өзіндік  жеке  қажеттілігін 
ұғынуға, өзіне қажетті білімді  іздене отырып үйренуге мүмкіндік береді. 
Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  –оқу  үрдісі  кезінде  оқып 
үйренушілер  мен  оқытушылар  арасында  интерактивті  өзара  іс-әрекетте 
оқытылып,  материалдың  негізгі  көлемін    оқып  үйренушілерге  жеткізуді  
қамтамасыз  ететін,  оқылған  материалдарды  меңгеру  бойынша,  сонымен 
бірге  оқу  үрдісі  барысындағы  оқып  үйренушілердің  өз  бетімен  жұмыс 
істеуіне  мүмкіндік беретін ақпараттық технология.  
Қашықтықтан  оқыту  –  компьютерлік  және  телекоммуникациялық 
технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру 
үрдісінде  үздік  дәстүрлі  және  инновациялық  әдістер  қолданылатын, 
күндізгі  және  сырттай  білім  алу  ретінде  білімді  қабылдау  түрі  болып 
табылады. 
Қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте 
бойынша  өзіне  ыңғайлы  жерде  оқуға  мүмкіндігі  болатын,  оқытудың 
арнайы  құралдары  жиынтығы  өзінде  бола  отырып,  электронды  және 
қарапайым  пошта,  телефон  арқылы  оқытушылармен  келісілген  байланыс 
жасауына,  сонымен  қатар,  күндізгі  бөлімде  де  мүмкіндігі  болатын,  оқып 
үйренушінің  мақсатқа  бағытталған  және  бақыланатын  қарқынды  өзіндік 
жұмысы құрайды. 
Қашықтықтан  оқыту  білім  жүйесі  жоқшылыққа,  географиялық 
немесе  уақытша  оқшаулануға    қатысты  себептермен,  әлеуметтік  қорғаны 
жоқ  және  дене  бітімі  жетілмеуіне  байланысты  білім  мекемелеріне  бару 
мүмкіндігі  жоқ  немесе  өндірістік  және  жеке  жұмыстары  болу  себебінен, 
ешкімнің  оқуға  мүмкіндігін  шектеуге  болмайды  деген  гуманистік 
қағидаларға жауап береді. 
Қашықтықтан  білім  беру  –жаңа  ақпараттық  технологиялар  мен 
мультимедиялық  жүйелер  негізінде  күндізгі,  күндізгі  -  сырттай,  кешкі 
және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. 
Қазіргі 
замандағы  телекоммуникациялық  және  электронды 
басылымдар  дәстүрлі  оқыту  түрінің  барлық  құндылықтарын  сақтай 
отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. 
Қашықтықтан  оқытудың  ерекшеліктері  классикалықпен  қатар 
салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие: 
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі; 
-  Икемділік  (оқытудың  уақыты,  орны,  көлемі  және  қимылы 
бойынша); 
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі; 
- Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту; 


80 
 
-  Экономикалық  (оқу  алаңы,  транспорты,  техникалық құралдардың 
шығынын қысқарту есебінен); 
- Жаңа технологияларды қолдану; 
-  Оқып  үйренушілердің    әлеуметтік  құқығының  теңдігі  (олардың 
тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан); 
-  Барлық  елдегі  ақпараттық  –  оқыту  ресурстарының  шығысы  мен 
кірісі; 
-  Материалдарды  көбейту  мәселелерінің  жоқтығы,  оларды  тарату 
ыңғайлылығы; 
- Оқып  үйренушілердің өз - өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету. 
Ақпараттық  технологиялармен  оқытудың  айрықша  тиімділігі, 
қашықтықтан  оқыту  үрдісін  автоматтандыру  үшін,  барлық  қажетті 
компоненттерді  шоғырландырушы  қашықтықтан  оқытудың  арнайы 
ақпараттық жүйесі бағдарламаларын қолдану болып табылады. 
Қашықтықтан  оқыту  –  оқытушының  білімгермен  оқыту  құралдары 
арқылы  интерактивті  қарым  -  қатынас  әрекет  үрдісін  ұйымдастыруға 
мүмкіндік  беретін  жаңа  ақпараттық  -  педагогикалық  технология  (ереже 
бойынша компьютерлік техника).  
Қашықтықтан  оқыту  артықшылықтары  төмендегідей  болып 
табылады:  кез  келген  жерде,  кез  келген  мерзімде  оқуға  мүмкіндігі  бар; 
кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады; оқу үрдісінде ақпараттық және 
телекоммуникациялық  технологиялардың  жаңа  жетістіктерін  пайдалана 
отырып,  білімгерлер  мен  оқытушылар  арасындағы  белсенді  сұхбат,  оқу 
ақпаратына  мүмкіндік  беру;  білім  алушының  мекен  жайына,  денсаулық 
жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе - тең 
дәрежеде білім алуға мүмкіндігі  бар.  
Қашықтықтан  оқыту  технологиясын  пайдалана  білім  беру  үрдісінің 
негізіне  арнайы  жасалған  оқу-әдістемелік  материалдармен  білім 
алушының  мақсатты  және  бақыланатын  өзіндік  жұмыс  жасауы  алынған. 
Қашықтықтан  оқытудың  компонеттері  мен  әдістемелік  тәсілдері  оқытуды 
мүмкіндігінше  ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған. 
Оқу  орындарында  да  қашықтықтан  оқыту  жүйесі  қазір  қарқындап 
дамуда.  Басқа  оқыту  жүйелерімен  салыстырғанда,  бұл  өте  маңызды, 
пайдалы  оқыту  жүйесі    болып  табылады.  Сонымен қатар демократиялық 
оқыту  жүйесіне  жатқызуға  болады,  себебі  кез  -  келген  адам осы жүйенің 
арқасында салыстырмалы түрде аз ғана материалды жұмсау арқылы өзіне 
мамандық  ала  алады,  біліктілігін  көтере  алады,  өзінің  білімін    жаңа  білім 
орталықтарымен толықтыра алады. 
Қашықтықтан  оқыту  жүйесінің  негізгі  мақсаты  –  жеке  адамды 
интеллектуалды  дамыту,  ақпаратпен  жұмыс  жасай  білуге  үйрету  және 
оның  ерекшелігі  –  ол  өзіндік  оқыту  жүйесіне  жатады.  Себебі  мұғалімнің 
мұнда  сабаққа  қатысуы  міндетті  емес.  Яғни  оқушы  бейнекассеталармен, 
компакт  дискілермен  жұмыс  жасайтын  бағдарламалармен  сабақ  өтеді. 
Бұдан педагогикалық жүйенің ешбір мәні өзгермейді. Тек айырмашылық – 


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау