91
оқытушылардың (тьюторлар) тілдік өзара қарым – қатынасын болжайтын
ақпараттық технологияның бірі.
Аудиодәріс – интерактивті аудиоқатар ретінде көрсетілетін оқу
материалдарының бір түрі.
Аудиоқосымша – аудиожазба, онда көбінесе оқытушының кейбір
сызбаларға, кестелерге, иллюстрацияларға арнап айтылған көзқарастары
жазылады.
Браузер
–
гиперсілтеме
көмегімен
Web
–
кеңістіктің
визуализациясына арналған клиенттік бағдарламалық қамтамасыз ету.
Бейнеконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен
жүзеге асырылатын бір –б ірінен алшақ орналасқан білімгерлер мен
оқытушылардың (тьюторлар) электронды интерактивті өзара қарым–
қатынасын болжайтын ақпараттық технологияның бірі.
Бейнедәріс – интерактивті бейнеқатар ретінде көрсетілетін оқу
материалдарының бір түрі.
Виртуалды
сабақтар
–
онлайндық
және
оффлайндық
технологиялармен қамтамасыз ететін оқу сабақтарының бір түрі.
Гипермедиа –г ипермәтін ретінде электронды формада көрсетілген
оқу материалдарының бір түрі.
Гипермәтін – интерактивті мәтін сияқты электронды формада
көрсетілген, гиперсілтемемен байланысты ақпарат.
Қашықтықтан білім беру технологиясы – оқуды ақпараттық және
телекоммуникациялық құралдарды қашықтықтан қолданумен жүзеге
асыру немесе білім алушы мен педагогтың жартылай қашықтықтан өзара
әрекет етуін жүзеге асыру.
Оқу пәніне жазылу – білім беруші ұйыммен бекітілген білім
алушылардың алдын – ала оқу пәндеріне жазылуы.
Интерактивті электронды немесе мультимедиялық курс (оқулық) –
осы курс бойынша және навигация жүйесімен қамтамасыз етілген
ақпараттық технологияның барлық түрлері,яғни мультимедиа, гипермәтін
енгізілген оқу материалы.
Интернет (Internet) – компьютер желісінің жаһандық жүйесі.
Интранет (Intranet) – Internet стандарттарын, хаттамаларын және
технологияларын қолданатын корпоративті желі.
Ақпараттық технология (АТ) - өндірістік үрдістердің және
бағдарламалық – техникалық құралдардың жинақталу, өңделу, сақталу,
таралу және ақпаратты қолдану тәсілдерінің жүйесі.
Internet–тің
ақпараттық ресурстары – электронды пошта,
телеконференциялар, алшақтатылған оқу каталогтары, виртуалды (желілік
–электрондық) кітапханалар, онлайн журналдары, ақпараттық базалар,
білім базалары және т.б.
Білім алушыны қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) –
білім алушылардың оқу пәндерін қандай деңгейде меңгергенін анықтау
мақсатында өткізілетін рәсім.
92
Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау (Qualification
Examination) – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру деңгейіне сәйкес стандартты қандай деңгейде меңгергенін анықтау
мақсатында өткізілетін рәсім, оның қорытындысы бойынша білім алғаны
жайлы құжат беріледі (диплом).
Таңдау компоненті (Electives) – кез-келген академиялық кезеңде
білім алушының таңдап алған элективті оқу пәні.
Контент(ақпараттық толықтыру) – мәтіндер, графика, мультимедиа
және өзге де ақпараттық толықтырулар. Ақпараттық толықтырудың елеулі
көрсеткіші болып оның көлемі, маңыздылығы табылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау - әр түрлі бақылау
жұмыстарының (жазба жұмыстары, тесттер, тәжірибелік жұмыстар,
портфолио, ауызша сұрау және т.б.) негізінде белгілі бір пән бойынша
білім алушылардың жетістіктерін тексеру; ол ағымдық бақылауға, аралық
бақылауға, қорытынды бақылауға бөлінеді.
Конференция, пікірталас топтары – пікірталас енгізу және
жаңалықтармен бөлісуге ұйымдастырылған қолданушылардың желілік
форумы.
Кредит (Credit, Credit –hour)–білім берушінің / оқытушының оқу
жұмысы көлемінің унифицирленген өлшем бірлігі.
Локальды оқу материалдары – магниттік лентадағы аудио және
бейнежазбалар, тасымалдағыштардағы (дискеттер, қатты және лазерлік
дисктер) ақпараттар.
Жалпы білім беру пәндері ЖБП (General Education Requirement –
GER) -әлеуметтік – гуманитарлық және ғылыми пәндердің циклы.
Міндетті компонент – білімгерлердің оқу бағдарламасының
барысында міндетті түрде оқитын пәндері.
Онлайндық технологиялар (on – line) – желілік ақпараттық
кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі
ақпараттардың синхронды алмасуын көрсетеді.
Пән сипаттамасы(Course Description) – пәннің қысқаша сипаттамасы
(әдетте 5–8 сөйлемнен тұрады).
Оффлайндық технологиялар (off –line) - желілік ақпараттық
кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі
ақпараттардың асинхронды алмасуын көрсетеді.
Постреквизиттер (Postrequisite) – пәнді оқыту негізінде алынған
білімдерді қолданатын басқа пәндер жиынтығы.
Пререквизиттер (Prerequisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті
білімдер мен дағдылардың жинағы.
Пән бағдарламасы (Syllabus) – оқытылатын пәнді сипаттайтын, оның
мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын, әр сабақтың
тақырыптарын, өздік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін,
консультация уақытын, білім алушы білімінің рейтингтік бағалау
сипаттамасын, оқытушы талаптарын көрсететін оқу бағдарламасы.
93
Үлгерімнің аралық бақылауы (Midterm Examination) – білім
алушылардың оқу жетістіктерін тексеру, ол оқытушының бекітілген
академиялық күнтізбесіне сәйкес жүзеге асады.
Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) – оқу әдістемелік
әдебиеттермен қамтамасыз етілген және тестілеу, бақылау жұмыстары,
коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар және есеп беру сияқты өздік
жұмыстарын жүргізу.
Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы
(ОЖБӨЖ) (Office Hours) – кестеде көрсетілген уақыт бойынша білім
алушының оқытушы жетекшілігімен орындайтын жұмысы.
Желілік оқу материалдары – интернетте бар материалдар,
мультимедиа курстарының желілік нұсқалары.
Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average – GPA) – білім
алушының бір жыл ішіндегі таңдалған бағдарлама бойынша оқу
жетістіктерінің орташа салмақтандырылған бағасы.
Үлгерімнің ағымдық бақылауы – білім беруші оқытушымен
жүргізілетін оқу пәнінің әр тақырыбы мен бөлімі бойынша жүргізілетін
жүйелік тексеріс.
Транскрипт (Transcript) – оқу кезеңіне сәйкес өтілген пәндер тізімі
мен кредит саны және бағалардың әріптік және сандық көрсеткіштерімен
көрсетілген түрдегі құжат.
Тьютор (Tutor) – білім алушылардың өздік жұмыстарына жетекшілік
ететін, сонымен қатар оқу материалдарын меңгеру және жеке оқу
жоспарларының орындалуына бақылау жасайтын оқытушы.
Тьюторлық сынып – компьютермен, бейнемонитор және басқа да
ақпараттық-коммуникативтік құралдармен қамтылған және тьюторлардың
желілік тәртіпте білім беру үдерісіне арналған сынып.
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – курс бойынша оқу әдістемелік
материалдары және пәндердің бағдарламасы енгізілген басылым түрі.
Білім алушылардың оқу жетістіктері – оқу үдерісі кезінде алған білім
алушылардың білімі, іскерліктері, жаңалықтары және жеке тұлғаның даму
деңгейінің жетістіктері.
Оқу жоспары (Curriculum) – білім деңгейіне сәйкес оқу пәндерінің
көлемі мен санын реттейтін негізгі құжат.
Форум – қатысушылардың барлығына немесе бір бөлігіне ашық
және талқылауға арналған интернет желісінде ұсынылған тақырып.
Аппарат кешенінің орталық бөлігі (сервер) – интернет желісінің
көмегімен контентті, мәліметтер базасын реттелген түрде орналастыруды
және онда орналастырылған ақпаратқа білім үдерісінің барлық
қатысушыларының қол жеткізуін қамтамасыз ететін компьютер немесе
компьютерлер жиынтығы.
Чат – бұл араласу түрі, әдетте «мәтіндік» болады, шынайы уақыт
тәртібінде қолданушылар өздерінің хабарламаларын барлығына түсінікті
тілде, яғни «виртуалды тақтада» көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |