Технологиялар



жүктеу 0,87 Mb.
Pdf просмотр
бет28/39
Дата13.11.2018
өлшемі0,87 Mb.
#19231
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39

81 
 
оқытушымен  оқушының  арасындағы  алшақтық.  Бұл  жүйеде  басқа  білім 
беру  жүйесіндегі  сияқты  барлық  компоненттер  қарастырылады  (мақсат, 
тапсырмалар,  мазмұны,  әдісі,  оқыту  құралдары),  бірақ  олар  арнайы 
интернет – технология құралдары арқылы жүзеге асады. 
Қашықтықтан  оқыту  бұл  –  оқытудың  сырттай,  күндізгі  түрлерімен 
қатар  келе  жатқан  оқытудың  жаңа  түрі.  Оқытуда,  адамды  тәрбиелеуде 
қандай форма қолданылса да, ол педагогика ғылымының заңдылықтарына, 
педагогикалық  психологияға  сай  болу  керек.  Сондықтан  қашықтағы 
педагогиканы  ғылым  орталығынынан  бөлек  қарастыру  дұрыс  емес. 
Қашықтықтан  білім  алу  немесе  оқыту  ол  базалық  және  қосымша  болуы 
мүмкін  (қашықтағы  семинарлар ұйымы, конференциялар, олимпиадалар). 
Егер  қашықтықтан  оқыту  жүйені  өзіндік  жүйе  ретінде  қарасақ,  онда 
логикалық  түрде  бірегей    ақпараттық  білім  беру  жүйесін  міндетті  түрде 
құру  керек  деп  қорытындылауға  болады.  Себебі ол барлық мүмкіндіктегі 
электронды ақпарат көздерін өзіне бағындырады: виртуалды кітапханалар, 
әр  түрлі  мәліметтер  қорын,  электронды  оқыту  жүйелері,  әдістемелік 
бірігулер. 
Қазір  біз  біздің  елмен,  шетел  мемлекеттері  қашықтықтан  оқыту 
жүйесін    толық  қолдап отыр,- деп анық айта аламыз. Бұдан біз қашықтан 
оқытуды  дидактикалық  қамтамасыз  етуіміз  қажет,  яғни  электрондық 
курстар  құру,  оқулықтар,  оқу  жүйесін  ақпараттық  қамсыздындыру, 
педагогикалық технологияларды өндіру, яғни педогог – координаторларды  
немесе тьютор дайындау, оқыту түрлері мен әдістері. 
Қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастырудың  әр  түрлі  технологиялары 
бар. 
Кейс  технология  (ағылшынның  case  –  портфель,  оқытуда жасалған 
әдістемелік  материалдармен  жүзеге  асырылады)    –  қағазды,  электронды, 
өзге  де  жеткізу  түрінде  және  оларды  өздік  оқитын  білім  алушылар  үшін 
жіберілетін  мультимедиялық  оқу-әдістемелік  материалдар  жиынтығы 
негізінде жинақталған технология. 
Оқытушы  -  тьюторлардың  дәстүрлі  және  қашықтан  кеңес  беруді 
ұйымдастыру  кезінде    мәтіндік,  аудиовизуальды    және  мультимедиалық 
оқу-әдістемелік  материалдарды  жинау  және  оларды  пайдаланушылардың 
өз бетінше  меңгеруі үшін жіберуге негізделген. 
Кейс технологияға арналған материалдардың келесі түрлері бар: 
1. Әдістемелі нұсқаулар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға 
оқу жоспарларындағы пәндер бойынша электрондық тасмалдаушыда (CD-
ROM)  оқу  әдістемелік  материалдардың  кешені  (кейс)  беріледі.  Кешенді 
даярлауда  ұжымдық  әдістер,  жобалау  әдістері  пайдаланылады.  Мұндай 
әдістер 
оқушылардың 
белсенділігін 
арттыруға, 
шығармашылық 
қабілеттерін  арттыруға болады. 
2. Жұмыс дәптері. 
3. Анықтама. 
4. Оқу, аудио, бейне материалдары. 


82 
 
5. Бақылау және емтихан материалдары. 
Қашықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері: 
- Терминдермен ұғымдарына арналған гипермәтіндік құрылымы; 
- Пайдаланушыға ыңғайлы құрылым  – оқытушы матеиалдарды беру 
реті  мен  бейнелеудің  бірнеше  түрін  таңдай  алады.  Сол  арқылы  бір  оқу 
материалдарын  әр  түрлі  аудитория  үшін  әдістемелік  қажеттілік  болса  әр 
түрлі түрде беру мүмкіндігі бар; 
-  Кең  тараған  құжаттар  мен  дыбыс,  анимация,  графикалық 
кірістірулер, слайд – шоу пайдаланылады; 
- Оқушы оқулықтың кез-келген бетін баспаға шығаралады; 
-  Оқушы  оқу  материалдарына  кез-келген  әдіспен  қол  жеткізе  алады 
(Интернет, CD-ROM); 
- Оқулыққа енгізілген білімді  тексеру жүйесі бар; 
- Оқулық бетінен интернет ресурстарына қол жеткізуге болады. 
Желілік технология – білім алушылардың оқытушылармен және бір-
бірімен  интерактивті  қарым-қатынас  түрінде,  сондай-ақ  интернет жүйесін 
колдану  негізінде  оқу  үрдісін  басқаруда  оқу-әдістемелік  материалдармен 
қамтасыз ету технологиясы. 
Оқытудың желілік – технологиясына: 
- Интернет желісін  пайдалану; 
- Электрондық поштаны пайдалану; 
- Телекоммуникациялық  құрылғыларды пайдалану; 
-  Мультимедиамен  жабдықталған,  интернетке  шығу  мүмкіндігі  бар 
желілік  компьютерлік класс. 
Электрондық  пошта  арқылы  ақпаратты  жоғарғы  жылдымдықпен 
жіберу  мүмкіндігінің  арқасында  оқушыға  көмек  дер  кезінде,  сұранысты 
алған  соң  бірден  көрсетіледі.  интернет  көмегімен  оқушылармен  кері 
байланыс  орнатып  қана  қоймай,  олардың  оқу  қызметін  бақылауға, 
бағалауға болады. 
Сонымен  қашықтықтан  оқыту  –  оқытушымен  оқушының  оқыту 
құралдары  арқылы  интерактивті  қарым  -  қатынас  әрекет  үрдісін 
ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін  жаңа  ақпараттық  -педагогикалық 
технология (ереже бойынша компьютерлік техника). 
Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  бойынша  оқытушының  негізгі 
міндеті  білім  алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын 
басқару болып табылады:  
- туындайтын мәселелерді қарастыру;  
- мақсат пен міндеттерді қою;  
- білім, тәжірибелерді беру;  
- ұйымдастыру қызметі;  
- білім  алушылардың арасында өзара байланысты орналастыру;  
- оқу үрдісін бақылау. 
Қашықтықтан  оқыту  артықшылықтары  төмендегідей  болып 
табылады: 


83 
 
- кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар; 
- кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады; 

оқу 
үрдісінде 
ақпараттық 
және 
телекоммуникациялық 
технологиялардың  жаңа  жетістіктерін  пайдалана  отырып,  оқушылар  мен 
оқытушылар арасындағы белсенді сұхбат, оқу ақпаратына мүмкіндік беру; 
-  білім  алушының  мекен  жайына,  денсаулық  жағдайына,  элитарлық 
және  материалдық  жағдайына  қарамастан  тепе  -  тең  дәрежеде білім алуға 
мүмкіндігі бар; 
Қашықтықтан  оқыту  технологиясын  пайдалана  білім  беру  үрдісінің 
негізіне  арнайы  жасалған  оқу  -  әдістемелік  материалдармен  білім 
алушының мақсатты және бақыланатын өзіндік жұмыс жасауы алынған. 
Қашықтықтан  оқытудың  компонеттері  мен  әдістемелік  тәсілдері 
оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған. 
Жаңа  тұжырымдама  әрбір  нақты  адамның өз мүмкіндіктерін есепке 
ала  отырып,  соны  іс  жүзінде  көрсету  мен  жетілдіру  арқылы  білім  беруді 
жекелеп  жүргізудің  сипат  алғанын  көрсетеді.  Бұл  оқушылардың  және 
мұғалімдердің  өздерінің  әртүрлі  жеке  мүмкіндіктеріне  сәйкес  алуан  түрлі 
білім  беру  бағдарламаларын  жасау    арқылы  іске асырылады. Білім беруді 
жетілдірудің  осы  бағытындағы  маңызды  фактор  болып  оқушылардың 
қазіргі  және  болашақта  қолданылатын  ақпараттық  -  қатынастық 
технологияларды пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), 
өздерінің  жеке  басының  когнитивті  іс-әрекет  жасауға  икемділігін 
қалыптастыру ісі саналады. 
Бұрынға кезде көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам 
жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр 
түрлі  қызмет  салаларында  технологиялар  мен  білім  түрлерінің 
жаңаруының  жылдам  үрдіс  ала  бастағаны  байқалды.  Мектептен,  тіпті 
жоғары  оқу  орнынан  алған  білімнің  өзі  ұзақ  уақыт  өмірге  тірек  бола 
алмайды. 
Компьютер  балалардың  шығармашылық  белсенділігін  дамытуға 
көмектеседі,  әсіресе  егер  оған  үйренуді  емес,  оны  құрал  ретінде 
пайдалануды  игерсе,  яғни  ақпараттық  -  қатынастық  технологиялардың 
техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу 
керек.  Мұндайда  оны  дұрыс  пайдаланса,  компьютер  білімді  жетілдіру 
құралы рөлін жақсы атқара алады. 
Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты  үрдіс, ол 
педагогикалық иновацияларда есепке алынып отыруы қажет. 
Педагогиканың  негізгі  козғаушы  күші  ретінде  барлық  тәрбиелік 
әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте 
де  ынталандыруға  байланысты  менеджмент  ең  бағалы  ресурсты  – 
кадрларды  жетілдірудің  негізгі  құрамды  бөлігі  болып  табылады  емес  пе? 
Балалар  ересек  адамдар  тәрізді  егер  оқу  нәтижесі  ертеңгі  күні  пайдалы 
болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. 
Егер оқу үрдісі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне 


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау