89
3.
Дәрістердің электрондық конспектісі;
4.
Практикалық және семинар сабақтарының материалдары;
5.
Зертханалық практикум (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік
нұсқаулар);
6.
Білімгерлердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар және
білімгерлердің оқытушы жетекшілік етумен орындалатын өзіндік
жұмысына берілетін тапсырмалар;
7.
Аралық бақылау тапсырмаларын орындауға арналған
материалдар (бақылау жұмыстары, тестілеу тапсырмалары, дара
тапсырмалар және басқалар);
8.
Қорытынды бақылауды ұйымдастыруға арналған материалдар
(тестілеу емтихандық тапсырмалар, емтихан сұрақтары, билеттер,
емтихандық бақылау жұмыстары).
Қашықтықтан оқыту үлгілері:
Педагогикалық тәжірибеде танымал оқыту түрлері қалыптасқан.
Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық
жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т.б.
-
Қашықтықтан оқыту дәрістері, дәстүрлі дәрісханалықтан
айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды.
Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу үшін
аудио және бейне - кассеталар, CD-ROM дискілерді және т.б. қолданады.
Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-
технологиясын және т.б.) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде
береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта
оқуға болады.
- Қашықтықтан оқыту семинарлары оқу сабақтарының белсенді түрі
болып табылады. ҚО семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен
жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кез келген жерінде кіруіне
мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше
қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін
пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады.
Білімгерлердің арасында өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең
құқылы әріптес ретінде көрінеді.
- Қашықтықтан оқыту кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде
білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету
түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта,
сонымен бірге телеконференциялар қолданылады.
-
Қашықтықтан оқыту зертханалық жұмыстар материалды
тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде
зертханалық жұмыстар мынаны талап етеді: арнаулы жабдықтарды,
макеттер, имитаторлар (бірдемені мүмкіндігінше дәл қайталайтын аспап),
тренажерлар, химиялық реактивтер және т.б. Қашықтықтан оқыту
жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар, ГИС-технологиялар,
имитациялық үлгілеулер және т.б. қолдану есебінен зертханалық
90
практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі
болады. Білім алушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі
немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуаллды шындық көрсететін
мүмкіндігі бар.
- Қашықтықтан оқыту бақылау – бұл білім алушының оқу
материалын теориялық және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру.
Қашықтықтан оқыту өзін дәлелдете білді және тестік бақылаудың
лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар
тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы
ұсынылады. Білімгер осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек.
Оқу электрондық басылымдар:
Оқу белгілерінің электрондық басылымы қағаз басылымының
барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен
артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе
дискетада сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі,
таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі,
электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша
дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтама материалдарын
өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді бақылау және өз бетімен алу үшін
оны комплексті қолдануға әсері болатын бағдарламамен қамтамасыз
етілген автоматтандырылған оқыту жүйесі.
Қашықтықтын оқыту технологиясына байланысты негізгі ұғымдар
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы
барысындағы демалыс күндері (демалыс және мерекелер) көрсетілген оқу
және бақылау шараларын, іс-тәжірибелерді өткізу күнтізбесі.
Қашықтықтан
оқытуды
автоматтандырылған
қолдау
администраторы
–компьютерге арналған қашықтықтан оқытуды
автоматтандырылған қолдау бағдарламасының мәліметтер базасын
толықтыруды және оның қызмет етуін бақылауды жүзеге асыратын маман.
Академиялық дәреже (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижесі
бойынша білім беру ұйымы ұсынатын білім алушылардың тиісті оқу
бағдарламаларын меңгеру дәрежесі.
Академиялық кезең (Term) – білім беру ұйымы таңдаған семестр,
триместр, квартал сияқты үш оқу түрінің біріндегі теориялық оқу кезеңі.
Білім алушының акдемиялық рейтингісі (Rating) – аралық
аттестаттау (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша құрастырылатын
білім алушының бағдарламалық материалды меңгеру деңгейінің сандық
көрсеткіші.
Белсенді таратушы материалдар ( АТМ ) (Hands – outs ) – сабақ
барысында білім алушыға тақырыпты жетік түсінуі үшін берілетін көрнекі
иллюстрациялық материалдар.
Аудиоконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен
жүзеге асырылатын бір - бірінен алшақ орналасқан білімгерлер мен
Достарыңызбен бөлісу: |