105
Оқытудағы ұстаздың міндеті оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға
тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша
деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені,
ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін,
дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.
Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі
тәсілдерінің бірі - оқушыларға деңгейлік тапсырма беру, өзіндік тест
құру.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, яғни өз бетінше жұмыс
жасауға дағдыландыру барысында жаңа технологияларды қолдану керек.
Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланған
тиімді болады. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор.
Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді.
Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе
арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді.
Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4
түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім
негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы
сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты болады.
2) Алгоритмдік деңгей. Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған
ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді
қолдана отырып жауап береді.
4)
Шығармашылық
деңгей.
Оқушының
таза
өзіндік
шығармашылығын
байқатады.
Жаңа
тақырыпты
оқушылар
шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр
оқушының белсенділігін оятады.
Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу үрдісінде
жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В:В Давыдов ұсынған. Даму
дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен
іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты – оқушыда ойлау
мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу үрдісі оқушылардың талдау,
жинақтау, себеп – салдар байланыстарын табу , жалпылау, қорытынды
жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын
дамытуы тиіс.
Бұлардан басқа оқу үрдісінде оқушылардың көптеген ақыл – ол
қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың
шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың
икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге
құмарлық т.б.
106
Сызба – 1. Дамыта оқыту технологиясын сабақта қолдану.
Дамыта оқыту технологиясы сабақта мәселе қою әдісін және
оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді.
Дамыта оқыту технологиясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша
айтқанда төменде көрсетілген сызба бойынша өткені тиімді болады.
Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім
басшылық, бағыттау жасап отырады. Дамыта оқыту оқушының ойлау
қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.
Төменде дамыта оқыту технологиясын сабақта қолдану мысалдары
берілген.
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының
құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жалпыға бірдей стандартты білімі негізінде тапсырма
беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған
білімдерін қалай меңгергенін анықтау. Оқушының қабылдаған ақпаратты
пайдалана отырып тапсырманы орындауын зерттеу және ізденіп, қосымша
әдебиеттерді қолдана отырып жауап беруін талап ету.
Дамытушылық: өткен сабақты қайталау арқылы компьютерде
илллюстрация салуға, жұмбақ шешуге баулу. Пәнге деген
қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылар компьютер алдында отырғанда сабырлылық
сақтауға, ережені қатаң есте ұстауға , өзара қарым – қатынас жасауға
баулу.
Сабақтың көрнекілігі: электронды есептеуіш техникасы, слайд,
плакатта салынған Раіnt редакторының суреттік көрінісі, құралдары.
Аққала, моделдері, иллюстрация салуға арналған қағаздар.
Дамыта оқыту әдісі
Ой қозғау
Мағынаны
таныту
Ой тастау
Іздену
Бекіту,қоры-
тындылау,
бағалау.
Үй
тапсырма-
сын сұрау
Жаңа
сабақты
түсіндіру
Жаңа сабаққа
байланыс
ты тапсырма
Деңгейлік
тапсырма
Нәтиже
107
Сабақтың түрі : топтық сабақ
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих , қазақ тілі, орыс тілі ,
ағылшын
Сабақтың барыcы:
1. Paint редакторының түсінігі, құралдары, Paint редакторын іске
қосу. Windows амалдық жүйесінің терезе элементтері.
2. Paint графикалық редакторда сурет салу. Пернетақтаның
пернелерінің қызметін білу керек.
І Психологиялық дайындық
А) Ұйымдастыру кезеңі
Ұстанатын қағида:
Білім мен тәрбиені қатар алып жүріп, еліміздің саналы
шығармашылық бәсекеге қабілетті, озық ойлы, өзін- өзі басқаратын,
мемлекет дамуына жауапкершілік салмағын сезінетін дарынды шәкірт
тәрбиелеп шығару.
ІІ Ой қозғау
Paint редакторының түсінігі, құралдары, Paint редакторын іске
қосу нәтижесінде алған білімдерін бақылау.
1. Paint редакторының қызметі қандай.
2. Paint графикалық редакторының элементтерін іске қосу.
3. Paint графикалық редакторының элементтерін көрсет.
Достарыңызбен бөлісу: |