Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және аумағына
алғаш рет әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін бекіту;
15) осы заңның талаптарын бұзушылықтарды жою туралы
;
нұсқамалар беру
16) ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін
өндіру объектілеріне есептік нөмірлер
және олардың тізілімін жүргізу;
беру
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ветеринария саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті Қазақстан
Республикасының
айқындалады.
заңдарында
4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне мыналар
жатады:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын рәсімдерді
қоспағанда, тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің және
Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының талаптарына тамақ
өнімінің сәйкестігін оны өткізу сатысында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге
асыру;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06
N 378-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05
N 452-
IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12
N 540-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15
N 461-
IV
(2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013
№ 124-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014
N 159-
V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі); 21.04.2016
№ 504-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015
№ 424-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы органдарының
құзыреті
Ескерту. 7-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014
Заңымен (01.01.2015 бастап
№ 269-V
қолданысқа енгізіледі).
8-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік
бақылау және қадағалау
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті
органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге
асырады.
2. Мемлекет тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды
жүзеге асыру мақсатында, генетикалық түрлендірілген объектілердің сапалық және сандық
құрамдарын және радиациялық сәуле алу деңгейін айқындауға арналған зертханаларды қоса
алғанда, олардың материалдық-техникалық базасы мен персоналына қойылатын халықаралық
талаптарға сәйкес мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама зертханаларының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06
N 378-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу
және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері
қайтарып алу
1. Тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді өндіру (дайындау), әкелу (импорттау
) жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасында азық қоспаларын, балалар тағамы
азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық
түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын
материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер
мен заттардың жекелеген түрлерін өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға) және өткізуге
олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
Алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасы аумағына алғаш рет
әкелінетін (импортталатын) азық қоспалар, балалар тағамы азық-түлігі, тамаққа тағамдық және
биологиялық активті қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер, бояғыштар, сумен және
тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдар, адам денсаулығына зиянды әсер ететін
химиялық заттар, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлері мемлекеттік тіркелуге тиіс.
2. Мемлекеттік тіркеу:
1) субъект ұсынатын және тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға, берудің шарттарына сәйкестігін
растайтын құжаттардың сараптамасын;
2) жүргізілетін ғылыми және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің сараптамасын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), оған әкелуге (
импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген азық қоспаларын, балалар тағамы
азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық
түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын
материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер
мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тізілімдерге енгізуді қамтиды.
3. Бір өндіруші дайындаған бір түрдегі, бір атаудағы тамақ өнімдерін бірнеше рет
мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.
4. Мемлекеттік тіркелуге тиісті азық қоспаларының, балалар тағамы азық-түлігінің,
тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген
объектілердің, бояғыштардың, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен
бұйымдардың, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттардың, өнімдер мен заттардың
жекелеген түрлерінің мемлекеттік тізілімдеріне енгізілген тамақ өнімдері уәкілетті органдар
белгілеген мерзімдерде қолдануға рұқсат етіледі.
5. Балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды,
генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен
араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық
заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу
туралы шешімді кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының
белгіленген
заңнамасында