Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы



жүктеу 231,67 Kb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата22.05.2018
өлшемі231,67 Kb.
#16100
1   2   3   4   5   6   7   8

асханалық жарақтар;

      29) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) - жаңа өндірісті ұйымдастыру және (немесе) жаңа 

тамақ өнімдері үшін қажетті үлгілерді және (немесе) нормативтік-техникалық құжаттаманы жасау

процесі;


      30) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және 

жою субъектісі (бұдан әрі - субъект) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), 

айналымы, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      31) тамақ өнімдерін кәдеге жарату - мақсаты бойынша басқа тамақ өнімдеріне пайдалануға

жарамсыз тамақ өнімдерін технологиялық қайта өңдеу;

      32) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) - тамақ өнімдерінің технологиялық процесін және 

олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау процестерін, сондай-ақ ішкі өндірісте сақталуы 

мен тасымалдануын қамтитын тамақ өнімдерін дайындау процестері (сатылары);

      33) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі (бұдан әрі - өндіру объектісі) - тамақ

өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорын;

      34) тамақ өнімдерін сәйкестендіру - тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (

дайындаудың), айналымының және кәдеге жаратудың барлық процестерінде (сатыларында) белгілі 

бір өнімдердің айырымдық белгілері бойынша танылуын қамтамасыз ететін рәсім;

      35) тамақ өнімдерінің айналымы - тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) және әкетуді (

экспорттауды) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өткізу (сату немесе беру) процестері (сатылары),

сондай-ақ олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері;

      36) тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы - тамақ өнімдерінің қуаттылығы, құрамында 

белок, майлар, көмірсулар, витаминдер, макро- және микроэлементтер қамтылатын сипаттамасы;

      37) тамақ өнімдерінің қадағалануы - тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (

дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) 

тамақ өнімдерін (шыққан тегін, қозғалысын және тұрған жерін) қадағалау мүмкіндігі;

      38) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асу ықтималдылығы мен оның

салдарының ауырлық деңгейінің ұштасуы ескеріле отырып, адам өмірі мен денсаулығына зиян 

келуімен және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты тамақ өнімдерін 

әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың 

барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;

      39) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжат – Қазақстан Республикасының 

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің 

сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату 

және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (

дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтың, 

материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін куәландыратын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, 

ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама, 

сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация;

      40) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент – тамақ 

өнімдерінің қауіпсіздігіне және (немесе) оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы

, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін

, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленетін 

және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;

      41) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі - 

уәкілетті органдар) - өз құзыреттері шегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы 

мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      42) тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші - адам денсаулығына және жануарларға 

қауіп төндіретін химиялық, радиоактивтік, уытты заттардың және олардың қосындылары құрамының

, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің жол берілетін деңгейі;

      43) тамақ өнімдерінің партиясы - қауіпсіздігін куәландыратын бір ілеспе құжаты бар, 

ұқсас жағдайларда өндірілген (дайындалған) және (немесе) буып-түйілген біртекті тамақ 

өнімдерінің жиынтығы;

      44) тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы - адамның немесе жануарлардың тұтынуы 

нәтижесінде тамақ өнімдерінен бөлінетін және олардың физиологиялық функцияларын қамтамасыз 

ететін қуат мөлшері;

      45) тамақтық азық-түлік - адамның тамаққа тұтынуына арналған табиғи немесе өңделген 

түрдегі азық-түлік;

      46) таңбалау - тұтынушыға ақпарат беретін және тамақ өнімдеріне түсірілген мәтін, 




тауар белгілері, шартты таңбалау мен суреттер, құжаттар, жадынамалар (қосалқы парақтар), 

этикеткалар, контрэтикеткалар, кольереткалар, құлақшалар, жапсырмалар (стикерлер) тұтыну 

ыдыстары (бумалар);

      47) шикізат - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, 

жануардан, микробиологиялық, химиялық жолдармен және минералдан алынатын объектілер;

      48) экологиялық таза тамақ өнімдері - экологиялық таза тамақ өнімдерін өндірудің (

дайындаудың) стандарттарына сәйкес дайындалған тамақ өнімдері;

      49) экологиялық таза тамақ өнімдерінің белгісі - таңбаланған тамақ өнімдерінің 

экологиялық таза тамақ өнімдері стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі.

      


Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 

N 461-IV


 (2012.01.30 бастап 

 

 



қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014

№ 269-V


(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 

 

29.10.2015



№ 376-V

 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 

№ 424-V

 (алғашқы 



ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 

қолданысқа

 енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің 

             қауіпсіздігі туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы Қазақстан

Республикасының 

негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге 

Конституциясына 

де нормативтік 

 актілерінен тұрады.

құқықтық


      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан 

өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 



      3-бап. Осы Заңның қолданылатын саласы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының 

аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдеріне, сондай-ақ тамақ өнімдерін әзірлеу (

жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) 

қолданылады.

      2. Осы Заңның күші жеке тұтынуға арналған, үйде дайындалатын тамақ өнімдеріне 

қолданылмайды.

2-тарау. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

      4-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы 

             мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері

      1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары:

      1) мыналарды: 

      адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін; 

      тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды; 

      экологиялық қауіпсіздікті; 

      ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      2) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;




жүктеу 231,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау