Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы



жүктеу 231,67 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата22.05.2018
өлшемі231,67 Kb.
#16100
  1   2   3   4   5   6   7   8


Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 Заңы

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ветеринарлық қадағалануға", "ветеринарлық қадағалауды" 



деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға", "ветеринариялық-санитариялық 

бақылауды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.24 

 (қолданысқа енгізілу 

№ 190-IV


тәртібін  

 қараңыз) Заңымен.

2-баптан

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың

заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз

етудің құқықтық негіздерін белгілейді.



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 

  

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



      1) азық - адам үшін тамақ көзі болып табылатын жануарларды азықтандыру үшін 

пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, минералдан, микробиологиялық қолданыстан алынатын 

азық-түлік;

      2) азық қоспалары - адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында 

жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын 

органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;

      3) 

 - ауруды профилактикалау мақсатында 

байытылған (фортификацияланған) тамақ өнімдері

енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде 

болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп 

қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және 

басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;

      4) балалар тағамы азық-түлігі - балалар организмінің физиологиялық қажетіне сай 

келетін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған, арнайы мақсаттағы тамақ 

азық-түлігі;

      5) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдері - тамаққа тиісті 

өңдеусіз пайдаланылмайтын, жануардан алынатын тамақ азық-түлігі мен шикізат, сондай-ақ азық 

және азық қоспалары;

      6) 

 - ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан 

ветеринарлық сертификат

Республикасының Мемлекеттік шекарасында және көлікте ветеринариялық-санитариялық бақылануға 

тиісті тамақ өнімдерінің әрбір партиясына беретін, белгіленген нысандағы құжат;

      7) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып 

алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде 

генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;

      8) дайындалған күні - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) 

аяқталған күні;

      9) диеталық тағам азық-түлігі - ауруларды профилактикалау және (немесе) емдеу 

мақсатында адамдардың жекелеген санаттары үшін арналған арнайы дайындалған тамақ өнімдері;

      10) емдік-профилактикалық тағам азық-түлігі - зиянды кәсіптік факторлардың созылмалы 

әсерімен байланысты адам организміндегі бұзылудың алдын алу мақсатында адамдардың жекелеген 

санаттарына арналған, арнаулы тағам рациондарында пайдаланылатын арнайы тамақ өнімдері;

      11) есептік нөмірі - өндіру объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;

      12) жалған тамақ өнімдері - көрінеу және қасақана өзгертілген, қолдан жасалған және (

немесе) ол туралы ақпарат көрінеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын, жасырын 

қасиеттері мен сапасы бар тамақ өнімдері;




      13) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімі өзіне қойылатын, Қазақстан Республикасының 

заңнамасында және (немесе) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына 

толық сәйкес болуға тиіс уақыт кезеңі;

      14) жол берілмейтін қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін,

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деңгейінен асатын қатер;

      14-1) қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (бұдан әрі 

– ХАССП) – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ 

өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және 

бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті 

факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару;

      15) қатер - тамақ өнімдерінің адам денсаулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және бұл

әсер етудің адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне әкелетін салдары;

      16) қатерді бағалау - зиянкестің немесе аурудың енуі, тамыр жаюы немесе таралуы 

ықтималдылығын және осымен байланысты ықпалды әсері бар биологиялық және экономикалық 

салдарын сапалық және (немесе) мөлшерлік бағалау немесе тамақ өнімдерінде қоспалардың, 

ластағыш заттардың, уыттардың немесе ауру тудыратын организмдердің болуынан туындайтын 

адамның өмірі мен денсаулығына немесе жануарларға қолайсыз әсер ету мүмкіндігін бағалау;

      17) қатерді басқару - қатерді айқындау, оны азайту үшін қолданылатын шараларды таңдау 

және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың мониторингі мен тексерілуі;

      18) қатерлерді талдау - өзара байланысты төрт құрамдастан: қауіп көзін айқындаудан, 

қатерді бағалаудан, қатерді басқарудан және қатер туралы ақпараттан тұратын қауіпті 

факторларды анықтау және қатерді бағалау үшін қолжетімді ақпаратты пайдалану рәсімі;

      19) қатер туралы ақпарат - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне жауапкершілік алған 

субъектілер мен уәкілетті органдар, сондай-ақ барлық басқа да мүдделі тараптар арасында 

қатер туралы өзара уақтылы мәліметтер алмасу;

      20) қауіпті тамақ өнімдері - пайдаланылуы кезінде адам өмірі мен денсаулығы және 

қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер төндіруі мүмкін өнімдер;

      21) қауіпті тамақ өнімдерін жою - тамақтық мақсатқа пайдаланылуын болдырмай және оған 

адам мен жануарлар жете алмастай етіп, тұтынуға және (немесе) одан әрі өңдеуге жарамсыз 

тамақ өнімдеріне ықпал жасау;

      22) нормативтік-техникалық құжаттама - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (

дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерін (сатыларын) реттеу үшін қажетті 

құжаттар;

      22-1) органикалық тамақ өнімі – өзінің құрамында органикалық өнім өндіру қағидаларына 

сәйкес алынған тамақ ингредиенттерінің кемінде тоқсан бес пайызын қамтитын, түпкілікті 

өнімде қалған ингредиенттердің барынша көп құрамы барлық ингредиенттер массасының (ас тұзы 

мен суды қоспағанда) бес пайызынан аспайтын қайта өңделген тамақ өнімі;

      23) өнімдердің тамақ құндылығы - организмнің қоректік заттармен қанағаттандырылуы 

олардың энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын 

дәрежесі;

      24) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдері - 

ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінен басқа тамақ өнімдері;

      25) тамаққа биологиялық активті қоспалар - байыту мақсатымен немесе 

парафармацевтиктерді қоспағанда, ауруларды профилактикалау үшін жеке қолдануға немесе 

тамақтық азық-түлік құрамына енгізуге арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың 

құрамдастары;

      26) тамақ қоспалары - тамақ азық-түлігінің биологиялық және энергетикалық 

құндылықтарына әсер етпейтін және тамақ азық-түлігі ретінде өздігінен пайдаланылмайтын, 

оларға діттелген сипаттар беру мақсатында арнайы қосылатын табиғи және жасанды заттар мен 

олардың қосындылары;

      27) тамақ өнімдері – шикiзат, тамақ өнімдері, органикалық тамақ өнімі, арнайы 

мақсаттағы тамақ өнiмi, ауыз су, адам тұтынатын тамақ қоспалары және тамаққа биологиялық 

активті қоспалар, адам үшiн тамақ көздерi болып табылатын жануарлар пайдаланатын азық және 

азық қоспалары;

      28) тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдар (бұдан әрі - материалдар мен

бұйымдар) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және

жою процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар, соның ішінде 

технологиялық жабдықтар, аспаптар мен қондырғылар, ыдыстар, буып-түю материалдары, ыдыс-аяқ,




жүктеу 231,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау