Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің
201__ жылғы «____» ________ №______ бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу»
мемлекеттік қызмет стандарты»
Жалпы ережелер
«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Мемлекеттік қызметті Министрліктің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы алғашқы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО арқылы көрсетіледі.
Қайталап алынған жағдайда мемлекеттік қызмет порталда көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға ХҚО-ға жеке куәлігін беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгінген жағдайда, оның қалауы бойынша жеке куәлігін алу үшін ұсынылатын құжаттармен бірге осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар беріледі. Тіркеу куәлігін беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет бұл ретте дайындалған жеке куәлік ХҚО-ға түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетіледі;
құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты жеке тұлғалар үшін – 15 (он бес) минуттан аспайды, заңды тұлғалар үшін – 20 (жиырма) минут;
көрсетілетін қызметті алушы порталға қайталап жүгінгенде – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес құрылымы бар электрондық құжат нысанында тіркеу куәліктерін беру;
кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірін орналастырып, тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, тіркеу куәліктері ақпаратты электрондық тасығышта (чип) қамтылған жеке куәлікке жазылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеу куәліктері көрсетілетін қызметті алушының есептеу техникасы құралдарына жазылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (әрекетке қабілетті) тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:
тіркеу куәліктерін беру үшін:
жеке тұлғалар:
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш. Жеке тұлға – көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жеке куәлік алуға мемлекеттік қызмет алу үшін жүгінген жағдайда, оған осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш ұсынылады;
көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
үшінші тұлға көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдірген кезде – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер қосылады.
«Е-нотариат» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
жұмыс орнынан анықтама (нотариустар үшін – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, аумақтық әділет органдарының, Республикалық нотариалдық палатаның, аумақтық нотариалдық палаталардың қызметкерлері үшін аумақтық нотариалдық палата берген лауазымы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама);
үшінші тұлға көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыға (жеке тұлғаға) нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер қосылады;
заңды тұлғалар:
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
заңды тұлға үшін заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (немесе түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі).
Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама не заңды тұлғаның мөрімен расталған бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі беріледі;
интернет-ресурстың домендік атауының иесі (жеке тұлғалар):
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер қосылады;
төменде келтірілген интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығын растайтын құжаттардың бірі:
домендік атауын иелену туралы сертификат;
доменді тіркеушіден анықтама;
домендік атауын тіркеу туралы шарттың көшірмесі;
домендік атауын тіркеу туралы жария офертасы;
басқа да растайтын құжат;
интернет-ресурстың домендік атауының иесі (заңды тұлғалар):
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
төменде көрсетілген интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығын растайтын құжаттардың бірі:
домендік атауын иелену туралы сертификат;
доменді тіркеушіден анықтама;
домендік атауды тіркеу туралы шарттың көшірмесі;
домендік атауды тіркеу туралы жария офертасы;
басқа да растайтын құжат;
«Қазынашылық - Клиент» ақпараттық жүйесінің қатысушылары:
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
Қазақстан Республикасының Қазынашылық комитеті мен клиенттің арасындағы электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану туралы келісім немесе қосымша келісім;
резидент емес жеке тұлғалар:
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер қосылады;
төменде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірінен тұратын және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аталған резидент емес тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын құжаттардың бірі:
Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге тұруға ыхтиярхат;
азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
шетел азаматтарына арналған тіркеу куәлігі;
резидент емес заңды тұлғалар:
порталдан алынған және бірегей нөмірден тұратын осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
төменде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірінен тұратын және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аталған резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын құжаттардың бірі:
Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге тұруға ыхтиярхат;
азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
шетел азаматтарына арналған тіркеу куәлігі.
Төменде көрсетілген бизнес-сәйкестендіру нөмірінен тұратын және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аталған резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын құжаттардың бірі:
филиалдар мен өкілдіктер арқылы (тұрақты мекеме құрып) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға арналған филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;
мына:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын;
Қазақстан Республикасында салық салу объектілеріне иелік ететін;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 191-бабының 8-тармағына сәйкес оның тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асыратын;
филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын;
банк-резиденттерде ағымдағы шоттарды ашатын резидент емес заңды тұлғаларға арналған тіркеу куәлігі.
Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі беріледі.
Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу үшін:
жеке тұлғалар:
порталдан алынған, осы стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер қосылады;
«Е-нотариат» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:
порталдан алынған, осы стандартқа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер қосылады;
заңды тұлғалар:
порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен расталған осы стандартқа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш не көрсетілетін қызметті алушының жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтан үзінді көшірме. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді көшірмені берген жағдайда, басшының қолы және ұйымның мөрі талап етілмейді;
көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
интернет-ресурстың домендік атауының иесі (жеке тұлғалар):
порталдан алынған, осы стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер қосылады;
интернет-ресурстың домендік атауының иесі (заңды тұлғалар):
порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен расталған, осы стандартқа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
«Қазынашылық – клиент» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:
порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен расталған осы стандартқа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш не көрсетілетін қызметті алушының жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтан көшірме. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді көшірмені берген жағдайда, басшының қолы және ұйымның мөрі талап етілмейді;
көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
резидент емес жеке тұлғалар:
порталдан алынған, осы стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер қосылады;
резидент емес заңды тұлғалар:
порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен расталған осы стандартқа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш не көрсетілетін қызметті алушының жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтан үзінді көшірме. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді көшірмені берген жағдайда, басшының қолы және ұйымның мөрі талап етілмейді;
көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушы бірінші рет жүгінген жағдайда, порталда мемлекеттік қызметті алу үшін сұрау салу нысанын толтыруы және ХҚО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін беруі тиіс.
Мемлекеттік қызметті қайта алған кезде көрсетілетін қызметті алушы, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінің қатысушыларын қоспағанда, порталда ашық кілті (кілттері) бар электронды құжат түрінде және көрсетілетін қызметті алушының қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған сұрау жолдай алады.
Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде ХҚО-ның немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, «Жеке тұлғалар» немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінен деректерді көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының түпнұсқаларымен тексеріп салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы құжаттардың мәліметтерін ХҚО уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ХҚО ақпараттық жүйесі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды ХҚО арқылы тапсырған кезде ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
сұрау салуды қабылданғаны нөмірі мен күнін;
сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орнын;
құжатты ресімдеуге сұрау салуды қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын және оның байланыс телефонын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушыға өтініште көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарландыру–есеп жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттар топтамасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық болмаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 14-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсете отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің немесе ХҚО-ның: www.mid.gov.kz, www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондарын 1414 телефон нөмірі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады, сондай-ақ олар www.mtc.gov.kz интернет-ресурсының «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |