143
танымгер, өз ісіне құштар, яғни деонтологиялық әлеуеті жете дамыған
оқытушы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыруға
қатысты құжаттар жинағы. – Алматы, 1999.-350 б.
2.
Давыдов В.В. Принципы обучения в школе будущего – М., 1974.-295 с.
3.
М. Шалғымбаева. Даму негізі – білімде. //Қазақстан мектебі, 2005. №3.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕРЕКШЕ
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН
БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Кульмурзина Жаркын Сарсенбаевна
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы
Құмсай жалпы білім беретін орта мектебінің физика пәні мұғалімі
Қазақстан қазір қарыштап дамып, дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді
мақсат етіп,осы жолда жан-жақты кемелденудің өзіндік үрдісін
қалыптастыруда. Өйткені әлемдік жаһандану рухани даму мен кемелденуді
талап етіп отыр. Сондықтан еліміздің жалпы біртұтас мемлекет ретінде
қалыптасуына жастардың маңызды орын алатыны сөзсіз. Бүгінгі жастар
қандай құндылықтармен тәрбиеленсе, болашақ та сондай болмақ, яғни, озық
жетістіктерге негізделген білім нәрімен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын
барынша бойына сіңірген жастарымыз ұлт тағдырын тереңнен таразылап,
болашағын барынша болжайтын тұлға ретінде танылатыны анық.
Білім берудің озық технологияларын меңгеру қазіргі заманның басты
талабы. Үнемі шығармашылықпен жұмыс істеу, үздіксіз іздену арқылы
мұғалім өз шеберлігін арттырып отыруы қажет. Білім беруде оқытудың әр
түрлі тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың тақырыпты терең де жан жақты
түсінуіне жағдай жасап, өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыра білу мұғалім
міндеті. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді,
әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді.
Оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді, сыни тұрғыдан ойлауды, бағалау түрлерін
пайдалана отырып оқыту қажет. Сабақтың басында оқушылардың сабақ
алдындағы көңіл-күйлерін анықтап алып, тренингтер арқылы көңілдерін
көтерулеріне мүмкіндік жасау–сабаққа дайындық кезеңі. Оқушылар бір-
біріне күлімдеп қарай отырып, күлкі арқылы өзінің де, өзгенің де көңілін
көтеруге болатынын байқайды.
Ынтымақтастық қағидаты оқушылардың мұғалім берген білімге сенім
арту орнына жауапкершілік сезімін, өзара қолдау көрсету сынды қасиеттерді
дамытуға арналған өз қызығушылықтарына сай әр түрлі шараларды өздері
таңдай алуына негізделген.
Оқушылар әр тапсырма сайын өзін де, өзгені бағалауға үйренеді. Бір-
бірінің дәптерлерін тексеріп, бағдаршамға топқа бөлінген түстер арқылы