138
проблемалалардың бірі болып отыр. Әдетте дарынды балара деп – өз
құрбыларынан ерекшеленіп көзге түскен, өз жетістіктерін көрсете білген,
және де құрбы құрдастарынан салыстырмалы түрде жоғары дамыған
балаларды айтады. Бұл көрсеткіштерді барлығы мойындайды оқу
орынындағы мекемелер де.
Көптеген зерттеулерге көз жүгіртсек, мұндай балалар көптеген
жетістіктерде, ғылым жолындағы атақтарға, кәсіби шеберліктерде де өз
құрбыларынан жоғары тұрады. Бірақ, оснындай жетістіктерге жеткен
адамдардың өткен шақтарына тоқталатын болсақ, онда олардың оқып
жүрген кездерінде мүлдем көзге түспегендіктері, тіпті кейбіреулерінің
сабақты нашар оқығандықтары да анықталып отыр. Бірақ, оқудағы
көріністер ол тек кана баланың жас кезіндегі бойына дарыған
дарындылығымен ғана емес, сонымен қатар ол оқушының
қызығушылығында, еңбекқорлығында да және де оның өз-өзін көрсетуге
бағытталған жұмыстарына байланысты болуы мүмкін. Дарынды
оқушыларда қызығушылық – таным процесіндегі таптырмайтын
қажеттіліктердің бірі болып есептеледі. Бұған сүйенетін болсақ, онда тап
сол қызығушылық дарынды оқщушыларды болашаққа жетелейтін
баспалдақтардың бірі болып табылады.
Әрине бұл баспалдақтың ең алғашқы табалдырығында барлық балалар
болады (дарынды да дарынды емес те). Қызығушылық – жаналық білуге
ұмтылыс, барлық оқушыларға тән ойлау процесстерін нығайтуға
бағытталған серпініс бастапқы кезде барлық оқушыларға тән. Ой
оперцияларын қажет етіп отыру бірте-бірте оқушылардың одан әрі дамып
жетілуіне және үнемі жаңалыққа бағыттап отыруы мүмкін. Қызығушылық,
құмарлық, ой операцияларын үнемі қажет етіп отыру бірте-бірте тұлғаны
қанағаттандыратын процестерге айналып отыруы мүмкін.
Дарынды балаларды қолдау, олармен мақсатқа негізделген нәтижелі
қызмет атқару–12 жылдық білімге негізделген мұғалімнің басты да
бұлжымас міндеті болып саналады. Алайда әр баланың жеке қабілетін
анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Оқушы дарындылығының
дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның
тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Олай болса, бүгінгі
мұғалімнің қызметі бала тағдырына аса ұқыптылықпен қарайтын жауапты
да қиын қызмет.
ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫС
Кульмурзин Алтынбек Баккереевич
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы
Құмсай жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Инклюзивті білім беру қазіргі кезде білім беру саласына етек жайып
келе жатыр, бұл дегеніміз сапалы білім алудың барлығы үшін тең болуымен
139
ескеріледі. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі
бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға
өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Инклюзивті білім беру –
негізгі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім
беру болып табылады.
Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту технологиясын ерекше атауға
болады. Дамыта оқыту теориясы өз бастауын И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг,
К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен алды. Ал дамыта оқыту
процесінің ғылыми негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты.
Дамыта оқыту–күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының білікті кәсіби маман дәрежесіне ие болу
қарастырылған, кәсіби білім беру барысында соған лайықты жағдайлар,
материалдық база жабдықтау, өндірістік мекемелерге шығарып, тәжірибелік
жұмыстар жүргізу.
Философияда дамуға мынадай анықтама беріледі: «Даму – мәңгі,
қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс». Кеңістіктегі орын ауыстырудың даму
болатыны себепті, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде
сақталынатындығында. Қозғалыс әрқашан бір нәрсенің екіншісіне қарай
қозғалуы, яғни басталуы мен аяқталуы бар заттардың, процестердің және
басқалардың қозғалысы ретінде өмір сүреді. Даму спираль тәрізді, қарама-
қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға ауысуы түрінде және
керісінше өрбиді.
Негізінде,дамыту оқыту–нақты өмірде және сол өмірдегі табиғи
дамудың заңдарын танып, соған сүйеніп ұйымдастырылатын оқу-танымдық
үрдісті білдіреді.
Дамыта оқытудың мақсаты:
-
Оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей
алады. Мұғалім мен оқушының арасындағы «субъектаралық» қатынас болуы
керек
-
Баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды.
-
Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала– тыңдаушы, мұғалім – информатор
емес, керісінше бала–зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы, мұғалім – оқушы
іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші.
Дамыта оқытудағы негізгі мақсат – білім мазмұнын жаттандылықпен
үйрету болып табылмайды, білім мазмұнын оқушы өз бетімен жасалатын
көптеген ақыл-ой әрекеттерін орындау арқылы меңгерту және оқушыларды
теориялық топтастырылған ұғым жасауға үйрету, яғни бастауыш сынып
оқушыларының теориялық ойлауы мен тілін дамыту.
Дамыта оқыту жүйесінің міндеттері:
•
Біріншіден, ақпараттық (мәліметтік) жағынан қарастыру, яғни,
оқушыларға қазақ тілінің морфологиясынан алатын білім мазмұнын іріктеу,
қай мөлшерде екенін анықтау және қалай, қандай әдіс-тәсілдер арықлы
тиімді түрде меңгертуге болады;
Достарыңызбен бөлісу: |