145
Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында
ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-
дәстүрін, тілін, мәдениетін, әдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп білу-
жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен әрбір адам үшін жоғары құндылық
–
бұл өмір, қамқорлық, гуманистік қатынастар негізі - әр адамның өз басын
сыйлауы, өз адамгершілік сапаларына болған қатынас, ата-ананы, туған-
туысқанды, отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау және ең
жоғары инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету болса, өз халқымыздың
бойындағы кемшіліктерді, теріс қылықтарды Абай былай келтірді: «Күллі
адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі –
надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық –
білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік–күллі дүниедегі өнердің
дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан
шығады. Залымдық–адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан
болса, адам баласына бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады».
Абай өз сөздерінде қазақ халқын жамандау үшін айтпаған, ол тарихи
тұманнан шығу жолын іздейді. Қазақтың рухани мәдениеті мен
менталитетінде өшпес құнды із қалдырғандардың бірі, Абайдың немере інісі
және ұлы ақынның мұрасына сүйенген Шәкәрім Батыстағы материализм мен
идеализм тәрізді екі анықпен шектелмей, өз жолы – үшінші анықты ұсынады:
Еңбекпенен, өрнекпенен,
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл,қайнар өмір,
Ар ілімі оқылса,-деп адамдыққа лайық қасиеттерді атап көрсетті [2].
Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен
салыстырыла отырып, өзіндік құндылықтық қатарды құндылықтық сатыны
құрайды. Бізге белгілі барлық құндылықтар адамға бағытталған.
Әдебиеттерде құндылықтар жіктелуі былайша беріледі: виталды (өмір,
денсаулық, игілік, экология және т.б,), әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай,
байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.), діни (Құдай, сенім, ғұрып, шіркеу
және т.б.), моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз,
адалдық, әділеттілік және т.б.), эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік
және т.б.), саяси (заңдылық, мемлекеттілік, ата заң, азаматтық еркіндіктер
және т.б.).Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын
мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.
Әртүрлі аксиологиялық теориялар адамдардың құндылықтық
қатынастары тәжірибелерін қорытындылай келіп, құндылықтардың
қайталанып
отыратын
кластарын
қарастырды.Мысалы
Г.Риккерт
құндылықтардың алты саласы болады деп есептейді: ғылым, дін, өнер,
мораль, жетілген өмір және «құдыретті сүйіспеншілік».Г.Риккерттің
құндылықтар иерархиясы принципі «бағалаушы субъекттен» келіп шығады
[3].
146
Белгілі поляк философы және эстетигі Р.Ингартен құндылықтарды
витальды (өмірлік) және мәдени деп бөледі. Алғашқылары – бұл
утилитарлық құндылықтар, пайдалылық құндылықтары. Екіншілері – бұл
таным құндылықтары, эстетикалық құндылықтар, әлеуметтік қасиеттер мен
адамгершілік құндылықтары. Н.Ресчер өзінің құндылықтар типологиясында
оларды әртүрлі адамзаттық қажеттіліктермен, мүдделермен, талап-
тілектерімен байланыстырады. Н.Ресчер бойынша құндылықтардың мынадай
категориялары бар: материалдық, экологиялық, моральдық, әлеуметтік,
саяси, эстетикалық, діни, интеллектуалдық, кәсіби, сезімдік [3].
Жоғарыда айтылғандай, құндылықтар қоғамдық-тарихи практика
үрдісінде пайда болады және оның сипаттамалары болып табылады.
Құндылықтардың көптүрлілігі адамдардың практикалық әрекетіне енген
субъекттік-объекттік және тұлғалық-қоғамдық қатынастар көптүрллігінен
туындайды. Субъект объекттің қасиетін адамның танымдық және өзгертуші
әрекеті үрдісінде бағалайды. Өйткені әлемді танудан оны өзгеруге көшу
алуан түрлі бағалаулар жүйесінде іске асады.
Құндылықтар типологиясын ресейлік және қазақстандық зерттеушілер
де келтіреді. РҒА әлеуметтік зерттеулерінің мәліметі бойынша негізгі он төрт
құндылық тұрақтылығы байқалады: адам өмірі, еркіндік, адамгершілік,
қарым-қатынас, отбасы, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, әрекет мәні және
күнкөріс көзі ретіндегі жұмыс, игілік (кіріс, денсаулық), инициативтілік
(дәстүрді құрметтеу), тәуелсіздік, мейірімділік, беделділік, заңдылық.
ҚР ҰҒА саясаттану және әлеуметтану институтының 1996 жылғы
мәліметі бойынша республика түрғындары үшін ең басты құндылықтарды
былай үш топқа біріктіруге болады:
1.
Өмірдің тұрақты және қалыпты деңгейі, республикадағы бейбітшілік пен
тыныштық, отбасындағы береке, денсаулық, жеке және отбасы қауіпсіздігі,
жақсы төленетін жұмыс, ұлтаралық келісім.
2.
Азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі, экономикалық қауіпсіздік,
жеке тәуелсіздік.
3.
Қос азаматтылық, Қазақстанның тәуелсіздігі, кәсіпкерлік үшін жағдай
жасалуы, қызметтік карьера.
Адам іс-әрекетінің, таным процесінің құндылық бағыттарын заман
талабына сай гуманистік тұрғыда өзгерту теориясы мен практикасы
педагогикалық жағынан іздеу, олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді
аксиологиялық әдіснама жүзеге асырады. Бұл әдіснама бір жағынан адамның
қажеттіліктерін құндылық тұрғысынан қамтамасыз етуді зерттесе, екінші
жағынан қоғамды гуманизациялау (ізгілендіру) міндетін атқарады.
Аксиологиялық көзқарас төмендегі аксиологиялық принциптер арқылы
жүзеге асырылады:
-
біртұтас
гуманистік
құндылықтар
жүйесіндегі
философиялық
көзқарастардың теңдігін мәдени және этникалық ерекшеліктерді сақтауы
негізінде жүзеге асыруы;
Достарыңызбен бөлісу: |