134
белестерінің қиындығымен таныса алады, пікір таласуға да жаттығады. Пікір
таласа алу, өз пікірін орынды айтып, дәлелдей білу – адамның басты
құндылықтарының бірі болғандықтан, шәкірттерімді осы құндылықтарды
берік ұстауға үйретіп келемін.
Үшіншіден, жоғарыда айтылған эссе жазу барысында, грамматикалық
қателіктеріне баса назар аударып отырамын. Жазған жазба жұмыстарын
алдымен өзі, одан әрі бірін-бірі тексеріп, қатесін табуға, ол қателіктерді
келесі шығармада жібермеуге, дәптерді таза ұстауға, тазалық адамзаттың
негізгі парызы екендігін санасына құйып келемін. Осылайша, оқушылар таза,
сауатты, көркем жазуға үйренеді. Және де олар бірін-бірі тексергенде, ең
маңызды мәселеге, яғни құрбысының немесе құрдасының жазу стиліне,
көркемдігіне аса қатты көңіл бөледі, себебі әр сабақ барысында олардың
санасына «дәптер – оқушының айнасы, оны таза, көркем ұста» деген ұғым
сіңдірілген. Өз жұмысы үшін әділ бағаланған оқушылар, өздерін басқа
қырынан көре алады. Өзін «жеті қырлы, бір сырлы» сияқты сезіне алады.
Төмен бағаланған оқушылар, келесі сабақты асыға тосып, қатесін түзетуге,
жақсы баға алуға тырысады.
Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы да
сабақ барысында функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған
жұмыстар жасалады. Яғни, аудио, бейнежазбалардың көмегімен ауызша
әдеби, мәдени сөйлеуге, бір сөздің бірнеше баламасын пайдалануға
үйретемін. Көргені мен естігенін әңгімелеп, пікірін нақты жеткізе алады.
Осылайша оқу мен жазуды қатар ала жүріп, бастауыш сынып
оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға септігімізді тигізу
керек. Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі жастар, яғни мемлекетімізді басқарушы
азаматтар бололмауына кім кепіл?! Олай болса, ертең бармағымызды тістеп,
тілімізді шайнап қалмау үшін, кішкентай кездерінен сауаттылыққа үйрету
керек.
Кемел болашақ құру үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу керектігін бүгінде
барша ақпарат беттерінен оқып жатырмыз, теледидар мен радиолардан
тыңдап, қажетті мәлімет алып отырамыз. Осы тұста аты әлемге әйгілі ғалым,
ғұлама Ибн Синаға бір кісі 6 айлық баласын алып келіп, өз баласын қалай
дұрыс тәрбилеуге болатынын сұрағанда, оған 6 ай кешіккендігін айтқандығы
туралы аңыз есіме түсіп отыр. Ендеше, балаға тәрбие беруде, білімін
жақсылап бекітуде бастауыш сыныптағы оқытудың маңызы зор.
Өткен ғасырда пайда болып, бүгінде қолданыста жүрген функционалдық
сауаттылық туралы әр педагог әртүрлі ой қорытып жүр. Балаға берген білімі
мен тәрбиесін ой елегінен өткізіп, тұжырымдап, белгілі бағдармен жұмыс
жасауда. Алға қойған мақсатқа жетіп, міндеттерін орындауға септігін
тигізуде. Теория жүзінде алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға
үйретуде. Үздіксіз ізденуде.
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА НЕГІЗІНДЕ
135
ЕРЕКШЕ БАЛАҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Кетебаева Гүлайым Базылқызы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы
А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы
білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.
Инклюзивті оқыту – даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған
балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету
мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту біріктірілген
(оқушы қалыпты балалар сыныбында – тобында оқиды және дефектолог
мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің жарты
бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі.
Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді,
сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында
ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым
топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-
аналар көрсетеді.Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы
мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі
келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша
жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім
беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша
көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге
тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн.
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын
жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету,
сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай
қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім
беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай
қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,
жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық
балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне
белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең
құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік
береді.
Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты
–
өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін,
оң шешім қабылдай алатын сыни тұрғыдан ойлай білетін, тұлға дайындау
болып отыр. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі
тұлға – мұғалім». Біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың
бастауы – білім ордалары десек, оның тірегі мұғалімдер қауымы. Ұстаз
алдындағы зор міндет дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті
Достарыңызбен бөлісу: |