Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет2/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73


 
алу  қажеттіліктері  бар  адамдардың  санаттарының  құқықтарын  қамтамасыз 
ету  осының  барлығы  жағдайды  едәуір  өзгертіп,  барлық  адамдардың  білім 
идеяларын іске асыру үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң 
қадағалау қолға алынып жатыр. 
Еліміздің  Білім  заңында  барлық  бала  жалпы  орта  біліммен  қамтылуы 
жазылса  да,  өкінішке  орай  дамуында  ауытқуы  бар  балаларды  оқыту  өзекті 
мәселе болып отыр. 
«Бәріне  бірдей  мүмкіндік»  принципін  ұстанатын  инклюзивтік  білім 
берудің  енгізіле  бастағанына  көп  бола  қойған  жоқ.  Бұл  термин  көбіне 
«Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы 
білім  беретін  мектептерде  дамуында  ауытқуы  бар  бала  мен  басқа  да 
әлеуметтік  қорғалатын  топтарға  жататын  оқушыларға  өзгелермен  теңдей 
білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда дамуында ауытқуы 
бар  балалар  көбінде  арнайы  мектеп-интернаттарда  білім  алуда.  Жалпы 
мектептердегі мұғалімдер дамуында ауытқуы бар бала сыныпқа келген кезде 
оны  қандай  оқулықтармен  оқытып,  қандай  әдістемелік  құралдарды 
пайдалану керек екенін білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе-
арнайы  мамандардың  жеткіліксіздігі.  Шындығында  олар  оқшауланған 
қоғамдық  өмірге  аса  бейім  емес.  Мәселенің  бұлай  қалыптасуына  бүгінгі 
қоғамның  да  кінәсі  бар.  Өйткені  біз  дамуында  ауытқуы  бар  жандарға 
мүсіркей  қараудан  арыла  алмай  келеміз.  Жалпы  білім  беретін  орта 
мектептерде  олардың  оқып,  білім  алуына  жағдай  жасау  енді  -  енді  қолға 
алына бастады. 
Инклюзивті  білім  берудің  негізі  мектептегі  барлық  балаға  олардың 
ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. 
Баланың  шындықты  тануға  ақыл-ой  сезімі  ең  алдымен  таңданудан 
басталады.  Таңдану  баланың  әрбір  нәрсенің,  құбылыстың,  оқиғаның  мән- 
жайын  танып,  оларды  тереңірек  түсінуіне  жетелейді,  оның  ізденімпаздық 
әрекетін  тудырады.  Ақыл-ой  сезімі  адамның  кез  келген  әрекеттегі 
рухтандырушылық маңызы зор көңіл- күй болып табылады. Ал сондай ақыл- 
ой  сезімі  кейбір  балада  жетілмей  артта  қалып  қояды.  Оның  себебі  негізіне 
тұқым  қуалаушылық,  ортаның  экологиялық  әсері,  отбасының  әлеуметтік 
жағдайы. Мұндай ауруларға ұшырау салдарынан жапа шеккен балалар, дене 
кемістіктеріне ақыл-ой кемшілігі қосылып, ақыл-есі тоқырап қалған балалар, 
тағы  да  басқа  себептермен  кеміс  болып  қалғандар  жатады.  Сонымен  бұл 
топқа  дені  сау,  бірақ  тұрмыс  жағдайының  ауыр  болу  себептерінен  бір 
қалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жәйттер негізінен 
әлеуметтік жағдайларға байланысты.  
Ақыл-ойы  кем  болған  балаларға  әлеуметтік  көмек  көрсету  барысында 
медициналық  бейімдеудің  маңызы  зор.  Осындай  ақыл-ойы  кем  балалармен 
жігерлі терапия жүргізе отырып, оларды дәрілік емдеу, физио, психотерапия, 
емдік  дене  шынықтыру  жаттығулары,  жалпы  денсаулыққа  пайдалы  емдеу 
шараларымен сүйемелдеу қажет. Ақыл ойы-кем балаларды оқытудың негізгі 
әдісі-біріктіру  болып  табылады.  Біріктіре  оқыту  арқылы  бала  дамуының 
ерекшеліктерін  анықтап,  білім  беру  стандартына  сай  қалыпты  дамуын 



 
қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу – басты 
мақсат болып отыр. 
Біріктіру  әдісі–білімді  түзетудің,дамытудың  заңдылығы  болып 
табылады. 
Біріктіре  оқыту  келесі  қағидалар  негізінде  жүргізіледі:  дамуындағы 
кемшілікті  ерте  бастан  түзету,  дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  бірнеше 
қызметтерін  қалпына  келтіру  қабілеттері,  біріктіре  оқыған  балаға  түзету 
көмектері міндетті түрде алынуы. 
Біріктіре  оқуға  негізделген  балаларды  таңдау  психоэмоционалдық 
дамуы  терең  бұзылған  балалар  қалыпты  балалар  арасында  тәрбиелене 
алмайды.  Ақыл-ойы  кем  балалардың  психологиялық  қауіпсіздігін  сақтау, 
мейірімділік  пен  қамқорлық  жағдайын  туғызу,  олардың  қиыншылығын 
түсіну және жағдай жасау.         
«Ең  бастысы  дамуында  ауытқуы  бар  балаларды  сәби  кезінен  бастап 
анықтап,  олардың  ортаға  бейімделуіне  жағдай  жасау  керек.  Сондықтан 
күндізгі  шағын  стационар  да  арнайы  жұмыс  тобын  құрып,  әр  баланың 
қабілетін  анықтап,  дұрыс  бағыт-бағдар  беріп,  жарымжан  балалардың 
жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеу керек». 
Инклюзивті  білім  беру  жүйесін  дамытуға  жан-жақты  мән  берілуде. 
Жарымжан  балаларды  оқыту  процесінде  ерте  бейімдеудің  маңызы  зор.  Тек 
оқытып қана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық 
сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда 
ерте диагностикалау мен түзету маңызды. 
Инклюзивті  білім  беру  жүйесін  дамытуда  «Мүгедектердің  құқықтары 
туралы»  Конвенция  аясында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың  ұлттық 
жоспарын  жасап,  сапалы  білім  алуды  қамтамасыз  ету  үшін  қоғамдық 
институттардың  тәжірибесін  ескере  отырып,  дамуында  ауытқуы  бар 
жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау қажет. 
Қандай  мемелекетте  болмасын  өзінің  заңды  тұлға,  азаматы 
болғандықтан  дүниеге  келген  дамуында  ауытқуы  бар  азаматтарына  
қамқорлық  жасауға, өз қатарларымен бірге жүріп, өмірден тиісті сыбағасын  
алуына  жағдай жасап  жатады. Ал дүниеге алпыс екі тамырын  идіріп, алып  
келген баласының  дамуында ауытқуы бар болуы, кез-келген  ата-ана  үшін 
психологиялық  тұрғыдан  үлкен    соққы  болары  анық.  Есін    біле,  өзін  
қоршаған ортамен  араласа  бастайтындай  жасқа  келген  ондай  балалар  ше, 
әрине  олардың  да  ішкі  жан    дүниесі  (психологиясы)  аласапыран    күйде  
болуы анық. 
Осы орайда, адамның  ең  басты игілігі – жеке  басының  бостандығы 
мен    құқықтары    болып    табылады.    Бұл    құқықтар    мен    бостандықтарды 
қорғау, әлеуметтік  қолдау, оны  іске  асыру  механизмдері  конституциялық–
құқықтық    жарлықтар    да    және    адам    құқығы    туралы    халықаралық  
құжаттарда  белгіленген. 
Дамуында  ауытқуы  бар  балаларды,    әлеуметтік    және    медициналық–
педагогикалық    түзеу  арқылы    қолдау  туралы    Заңның    4    тарауында  
дамуында  ауытқуы  бар    балалардың  құқықтары  бекітілген,  нақты  ата-
аналарының  және  өзге  де  заңды  өкілдерінің міндеттері  мен  құқықтары  


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау