Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет55/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73

132 
 
баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі, білім саласына 
мемлекет  тарапынан  реформалар  жүргізілгенімен  оқудың  нәтижесінің 
болмауы,  құжаттар  көптеп  шығарылғанымен  мардымсыздығы,  білім 
алушылардың  өздігінен  білім  алу  дағдысының  болмауы,  білім    алушылар  
мен    оқытушылардың    бірлескен    шығармашылық    еңбектерінің  болмауы. 
Бұл  тығырықтан  шығудың  бірден-бір  жолы  оқу-тәрбие  процесінде 
инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген 
қызығушылықтарын,  талпынысын  арттырып,  өз  бетімен  ізденуге, 
шығармашылық еңбек етуге жол ашу. 
Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге 
асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай 
туғызады. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды 
оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: 
-
білім    алушылардың    білім,    білік   сапасын   арттырудағы   жаңа  
инновациялық  технология  түрлері  сан  алуан,  оларды  таңдау  және  одан 
шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты; 
-
жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде  
жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады; 
-
жаңа  инновациялық  оқыту  технологияларын  енгізу  барысында  әрбір  оқу 
орнының  материалдық-техникалық  базасының  бүгінгі  талапқа  сай  еместігі, 
әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды. 
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты 

оқу  орындарындағы  білім  беру  процесіне  жаңа  инновациялық 
технологияларды  енгізу  екендігі  сөзсіз  түсінікті.  Сондықтан  ғылыми-
техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер 
кезінде  қабылдап,  өңдеп,  нәтижелі  пайдалана  білу  –  әрбір  ұстаздың  негізгі 
міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық 
басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. 
Қорыта  келгенде,  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияның 
негізгі, басты міндеттері мынадай: 
-
әрбір    білім    алушының    білім    алу,    даму,    басқа    да    іс-әрекеттерін 
мақсатты түрде ұйымдастыра білу; 
-
білім    мен    білігіне    сай    келетін    бағдар    таңдап      алатындай    дәрежеде 
тәрбиелеу; 
-
өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; 
-
аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. 
 
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ 
Кадырова Мирамгуль Калиевна 
№2 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы бастауыш класс мұғалімі 
 
Инклюзивті  оқыту–барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеретін, 
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы 


133 
 
білім  үрдісінің  дамуы.  Инклюзивті  оқыту  балалардың  оқу  үрдісіндегі 
қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ  берудің  жаңа  бағытын 
өңдеуге  талпынады.  Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен  сабақ  беруге 
енгізілген  өзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар 
балалардың  жағдайлары  да  өзгереді.  Инклюзивті  оқытуды  ашқан 
мектептерде  оқыған  балалар  адам  құқығы  туралы  білім  алуға  мүмкіншілік 
алады,  өйткені  олар  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауға,  танып  білуге, 
қабылдауға  үйренеді.  Инклюзивтік  білім  беру  –  барлық  балаларды  жалпы 
білім  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу 
тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, 
ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу – педагогикалық және 
әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас 
ерекшеліктеріне  және  білімдік  қажеттіліктеріне  бейімделуіне  жағдай 
қалыптастыру,  яғни,  жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға 
бағытталған мемлекеттік саясат. Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары 
интеллектуалды  даму  деңгейi,  яғни,  зейiнi,  есте  сақтауы,  ойлауы,  кеңiстiктi 
бағдарлауы төмен болып келедi. 
Функционалдық  сауаттылық  –менің  ойымша,  балаларға  сапалы  білім 
беру,  яғни  алған  білімін  қоршаған  ортада  қолдана  білу.  Бүгінде 
функционалдық сауаттылыққа байланысты жазылған мақалалар, пікірлер өте 
көп.  Заманауи  кадр  болу  үшін,  үнемі  жаңалықтан  хабардар  болып  отыру 
керек.  Сондықтан,  білім  саласында  жаңа  қандай  әдіс-тәсіл  енгізілсе,  соны 
меңгеруге,  тек  меңгеріп  қана  қоймай,  тәжірибе  жүзінде  қолдануға 
тырысамын. 
Құрылысшы үй салады, үй салар алдында оның фундаментін құяды, ол 
қаншама мықты болса, үй соншама кез келген жер сілкінісі, немесе басқа да 
табиғи апаттарға төзімді келеді. Бүлдіршіндерге білім беру де солай болмақ, 
яғни білімнің негізі – бастауыш сыныптан басталады. Мектеп табалдырығын 
алғаш аттап, қолына бірінші рет қалам алып, әліппемен танысып келе жатқан 
баланың ертеңгі болашағы бастауыш сынып мұғаліміне көбірек байланысты. 
Сондықтан, алдыма қойылған үлкен міндетті абыроймен атқару керек. Ертең 
шәкірттерімнің жүздерінде қуаныш көру – мен үшін үлкен бақыт. 
Ең  алдымен  тақтадан бастадым.  Күнді,  тақырыпты  жаза отырып,  әрбір 
санның  қасиетін,  апта  атауларының  бір-бірінен  ерекшелігін,  бір-біріне 
ұқсамайтындығын, ай аттарының мағынасын, шығу тарихы мен олар туралы 
аңыздарды  әр  сабақ  барысында  қысқаша  айтып,  сұрақ-жауап  арқылы 
қаншалықты түсінгендерін біліп отырдым. 
Екіншіден,  әдебиеттік  оқу,  дүниетану  сабақтарында  берілген  тақырып 
бойынша эссе, ой толғау жазғызып отырдым. Балалар қандай қажетті мәлімет 
алғанын,  оның  өз  өмірімен  нендей  байланысы  бар  екендігін  талқылауға 
үйренді. Тақырып бойынша алған мәліметін қай кезде және қандай жағдайда 
пайдалануға  болатындығын  ортаға  салып  ой  бөлісуге  дағдыланып  келеді. 
Болашақта  әділ,  еңбексүйгіш,  отансүйгіш,  ұлтжанды  азамат  болуға 
тырысады. Олар жас та болса, оқыған шығармалары арқылы, өмірдің кей асу 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау