Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет53/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73

128 
 
әдістемелерін  сабақ  барысында  пайдалана  отырып  сабақтың  сапалы  әрі 
қызықты  өтуіне  ықпалын  тигізуде.  «Инновация»  ұғымын  қарастырсақ, 
ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген.  
Бұл  бағытта  білім  берудің  әртүрлі  нұсқадағы  мазмұны,  құрылымы, 
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. 
Сондықтан  әртүрлі  оқыту  технологияларын,  оқу  мазмұны  әрбір  білім 
алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, 
тәжірибеде 
сынап 
қараудың 
маңызы 
зор.Ғылыми-педагогикалық 
әдебиеттерде  іс  жүзінде  анықталып  табылған  оқыту  үрдісінің  нәтижесін 
көретін  әдіс-тәсілдері,  түрлері  көбіне  жаңашыл,  инновациялық  болып 
табылады.  Инновациялық  процестерді  ендіру  үш  өзара  байланысты  күштер 
анықталады:  енгізілген  технологияның  ерекшеліктерімен,  жаңашылдардың 
инновациялық әлеуетімен, жаңалықты енгізу жолдарымен. 
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі 
болып  табылады.  Инновациялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін 
педагогикалық  аса  зор  тәжірибені  жұмылдыру  қажет.  Бұл  өз  қызметіне 
шығармашылықпен  қарайтын,  жеке  басының  белгілі  іскерлік  қасиеті  бар 
адамды  қажет  ететін  жұмыс.Шындығында  да  әрбір  педагог  жаңа 
инновациялық  технологияны  меңгеру  барысында  өзін-өзі  дамытады  және 
өзін-өзі  қалыптастырады.  XXI  ғасырда  болашақ  мамандарды  даярлау, 
олардың  кәсіби  бейімделуін  қалыптастыру  мәселелері  –  кезек  күттірмейтін 
өзекті  қоғам  талабы.  Сондықтан  біз  болашақ  педагог-психологтардың  жаңа 
педагогикалық  инновациялық  технологияларды  қолдануға  даярлығын 
қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық  моделін  жасадық.  Болашақ 
мамандардың  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияларды 
қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды: 
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі 
жатады.  Оған  болашақ  мамандарды  қалыптастыру,  құндылық  қарым-
қатынас,  болашақ  маманның  өзінің  кәсіби  шеберлігін  дамытуға  талпынуы, 
болашақ  мамандығын  ерекше  жақсы  көруі,  ұрпақ  тәрбиесінде  ұстаздың 
жетекші  орнын  сезінуі,  кәсіби  жеке  біліктілік  деңгейін  көтеруге 
бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді. 
Мазмұндық  өлшемдеріне  болашақ  маманның  жалпы  мәдениеттілік 
дайындығы  мен  мәндік  әдіснамалық  дайындығының  деңгейі,  мамандығы 
бойынша  білімі,  педагогикалық  біртұтас  білім  жүйесі,  біртұтас 
педагогикалық  үрдістің  заңдылықтары,  мен  қозғаушы  күштерінің  жалпы 
теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық 
үрдістің  теориялық  негіздерін  және  жеке  тұлға  теориясының  ғылыми 
негіздерін  меңгеруі,  педагогикалық  іс-әрекет  теориясының  негіздерін  білуі, 
білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-
әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады. 
Бейімділік өлшемдеріне болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе 
алу  қабілеті  жатады:  бейімділік  жағдаятына  бағдарлана  алуы,  микроорта 
өзгерістеріне  сай  қолайлы  инновациялық  педагогикалық  технологияларды 


129 
 
таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен 
оқытушы,  ұстаз  мәртебесіне  ауысуының  ерекшелігін  сезіне  білуімен 
бейімділік  іс-әрекетті  жүзеге  асырудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  пайдалана 
алуларымен ерекшеленеді.  
Танымдық  өлшемдері  болашақ  маманның  әлеуметтік  кәсіби  қоршаған 
ортаны  жедел  тани  алуымен,  өзін  кәсіби  жүзеге  асырудың  нәтижелі  әдіс-
тәсілдерін  пайдалануымен,  инновациялық  педагогикалық  технологияларға 
қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби 
қоршаған  ортаны  біліп  тануы,  кәсіптік  білімін  өз  тәжірибесінде  қолдана 
білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі 
жатады.  Іс-әрекеттік  өлшемдері  болашақ  маманның  өзінің  кәсіби  іс-
әрекетінің  мақсаты  мен  міндеттерін  анықтай  алуы  және  педагогикалық 
қарым-қатынастық  үрдісті  тиімді  жүзеге  асыра  алуымен  өлшенеді.  Оған 
болашақ  маманның  өз  пәнін  жете  меңгеруі,  біртұтас  оқу-тәрбие  үрдісінің 
психологиялық,  педагогикалық  негіздерін  білуі,  педагогикалық  үрдісті 
жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.  
Технологияның  өлшемдері  оқытудың  әдістемелік  мақсаттары,  оқыту 
үрдісі, оның  міндетттерін  анықтай  алуы,  оқытудың  нәтижесін  болжай  алуы 
және  психологиялық-педагогикалық  білімдерді  меңгерумен  анықталады. 
Оған  болашақ  маманның  біртұтас  оқу-тәрбие  үрдісінде  сабақты  тиімді 
ұйымдастыра  білуі,  оқушылармен  ынтымақтастық  қарым-қатынасты  жүзеге 
асыра  алуы,  біртұтас  педагогикалық  үрдісті  диагностикалай  алуы  және 
сабақтың  нәтижесі  жоғары  болатындай  ең  тиімді  педагогикалық 
технологияны  таңдай алуы қажет. 
Шығармашылық 
өлшемдеріне 
шығармашылық 
ептілікті, 
шығармашылық  белсенділікті  болашақ  маманның  шығармашылық-
ізденушілік  дамыту  кіреді.  Оған  болашақ  маманның  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына  өзіндік  талдау  жасай  алуы,  өз  білімін  көтеруге,  жетілдіруге 
талпыныстың  болуы  мен  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  қолдануға  өзіндік 
жаңалықтар,  өзгерістер  енгізумен  және  жаңалықты  шығармашылықпен 
қолдана алуымен сипатталады. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, 
кәсіп,  іскерлік,  іс-әрекет,  игеру,  нәтиже  құралады.  Білім  жалпы,  кәсіби, 
техникалық,  арнайы  білім  болып  бөлініп  кәсіппен    ұштасады.  Ал  кәсіп  – 
мамандық  таңдау,  мамандықты  меңгеру.  Білім  алып  кәсіп  иесі  болу  үшін 
іскерлік  қажет.  Іскерлік  –  оқу,  білім,  кәсіп,  тәжірибе,  ізденушілік,  өзіндік 
жұмыс,  іс-шаралар,  дағдыдан  туындайды.  Іскер  болу  үшін  іс-әрекетті 
меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. 
Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – 
дейді.  Инновациялық  құбылыстар  білім  беру  саласында  өткен  ғасырдың 
сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше 
өзекті  мәселелердің  түйіскен  жерінде  пайда  болады  да,  берік  түрде  жаңа 
мақсатты  шешуге  бағытталады,  педагогикалық  құбылысты  үздіксіз 
жаңғыртуға жетелейді. Масырова Р., Линчевская Т. – «Жаңару» дегенімізді 
былай деп  түсіндіреді: Жаңару  –  белгілі  бір  адам  үшін  әділ  түрде жаңа  ма, 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау