126
табылады. Ал, кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ
шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.
4.
Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір
жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған сол пән төңірегіндегі
қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет
оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Шығармашылық әрекет–мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның
пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде
тиімді әдістерді қолдану,негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында
нәтиженің нақты көрінуі. Оқушының ең жоғары өздік шығармашылығының
деңгейі–оның мәселені қоюы мен оны шешудің жолдарын табуынан көрінеді.
Мұнда жаңа білімді меңгеру үрдісі шығармашылық ойдың қалыптасуымен
және дамуымен бірге жүреді. Демек шығармашылық ойдың нәтижесі – тек
қана белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғырту ғана емес, сонымен қатар жаңа
білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу.
Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру, қазіргі оқу
үрдісінің
ең
басты
талаптарының
бірі.Шығармашылық
тұлға
қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық
ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет
әр баланың табиғатына тән. Біздің міндетіміз, оқушыға оның бойында
жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушыны шығармашылыққа
баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау. Оқушының
шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісінде
пайда болады. Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар
болып қалыптаспаса, онда болашақта оның қалыптасуы екі талай. Жалпы
алғанда, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда түрлендірілген
сабақтың берері мол.
Оқушының
шығармашылық
қабілетін
тәрбиелеуде
бала
қызығушылығын оятудың әдіс-тәсілдерімен қатар алуан түрлі тарихи және
осы заманғы деректерді жүйелеудің, тұжырымдардың жеке құжаттарды жан-
жақты сын тұрғысынан талдай білудің өзіндік зерттеу әдіс-тәсілдерін үйрету,
бала бойына дарыту ұстаздың соңғы технологиялық үрдістерді пайдалануына
байланысты. Оқушы қазіргі уақыттағы қоғамның даму мәселелеріне
қорытынды жасайды және шығармашылықпен дәйектей отырып, өзіндік
тұжырым жасайды.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты
қадағалау, оқу процесінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы
үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын
дамытуға бағытталған тапсырмалар тек білім мен ұқыптылығына ғана әсер
етіп қана қоймай, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.
Оқушыларды шығармашылыққа даярлау ісіне зор мән беру керек.
Шығармашылық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз
байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде
127
үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе
демек ол күрделі шығармашылық мәндегі тапсырмаларды орындай алады.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық
әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар –
жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда
оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық
қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы,
бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын
ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана
оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта
оқыту, олардың білімге деген қызығушылығын оятып, ой-өрісін, ынтасын
танымдық ізденімпаздығын дамыта түседі.Сондықтан оқушылардың
шығармашылық дербестігін дамыту–маңызды міндет,күрделі ғылыми
проблема.
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚУ МАЗМҰНЫНА ИКЕМДЕУ
Жоламанова Р.Т.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
№1 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі
елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы
өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-
қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың
жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой
мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру
мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі
ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен
шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне
қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа
тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны
меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің
алдына қойылып отырған міндеттердің бірі оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі
жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік
Достарыңызбен бөлісу: |