83
2.
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету
арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
3.
Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
4.
Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал .Әлеуметтік педагог
№4 2010ж
5.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 тамыз 2012 жылғы № 1080
Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт» жаңа
редакцияда (13.05.2016 № 292)
6.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі
№ 319-III
7.
Бұйрық №348 және ҚР БҒМ «01» мамыр 2015 жылғы № 348 «Қазақстан
Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамасы»
8.
«Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция» БҰҰ, Нью-Йорк және
Женева, 2014 жыл
9.
«Бала құқықтары туралы Конвенция» (Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.),
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы «Бала құқығы туралы
Конвенцияны ратификациялау», 8 шілде 1994 жыл
10.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 мамыр 2013 жыл № 499 «Тиiстi
үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын, оның iшiнде
балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын
бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы»
11.
Білім және Ғылым Министрінің 20 тамыз 2004 жылғы №696 бұйрығына №
1-
қосымша «Арнайы білім беру орындарында (түзету) мүмкіндігі шектеулі
балаларға арналған оқу жоспарында интеллектуалдық бұзылуы жеңіл
балаларға арналған арнайы мектептің үлгілік оқу жоспары
12.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 ақпан 2007 жылғы № 81 «Кемтар
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы
қолдау туралы іс-шаралар Жоспарын» бекіту туралы Қаулы
13.
«Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласындағы
принциптер, саясат және практикалық қызмет туралы» Саламандық
декларация (ЮНЕСКО) маусым,1994 ж.
14.
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар»
санитариялық
қағидаларын
бекіту
туралы»Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №
611 бұйрығы
84
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА
ТҮЗЕТЕ –ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кажимгалиева Клара Умирзаховна
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
№5 Құрманғазы ауданының психологиялық–педагогикалық түзеу кабинетінің
ӀӀ-санатты дефектолог мұғалімі
Психикалық дамуы тежелген балаларды түзетудің жолдары
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері,
экологиялық-экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған,
психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп
соқтырды. Олар аутизм, психикалық дамуының тежелуі, инфантилизм, жүйке
жүйесінің бұзылуы, энурез сияқты түрлі аурулармен ауырады. Балалардың
психикалық дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру
дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға қалыс
қалған баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әртүрлі
болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы,
нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін.
Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының
тежелуі балада тұмау, малярия, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан
кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары
интеллектуалды деңгейі көбеюіне таным процестері: зейіні, логикалық есте
сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Бұл балалар
өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. Олардың салмағы аз, бойы
кіші, көп сөйлемейтін, әлжуаз, тез шаршап, көп ауырады. Психикалық
дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгерім ерекшеліктеріне келетін
болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне
бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Оқу
процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:
-
сабақ процесінде жай қосылады;
-
оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды;
-
берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;
-
оқу мен жазуы баяу;
-
оқыған мәтінді түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды;
-
есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді;
-
тез шаршағыш;
-
сыныптастарымен аз араласады;
-
өз ойын анық айта алмайды.
Мақсаты: ПДТ балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың түрлі сырқаттардың салдарынан дамымаған
немесе бұзылған функцияларының себептерін, белгілерін, құрылымын
мезанизмдерін зерттей отырып, анықталған кемістіктерді түзету, жетілдіру,
толтыру жолдарын, әдістерін, амалдарын іздену және орнын тәжірибеге
енгізу.Сөздік қорын молайту,көрнекті сюжетті суреттер мен ертегілер
арқылы әнгімелеуге дағдыландыру.Зейін тұрақтылығына арналған
85
жаттығулар арқылы зейінін шоғырландыру. Сенсорлы этолондары мен
математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Өлшем бірліктері мен бағыт-
бағдарлауға үйрету. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, ұсақ қол
қимылдарын дамыту.
Тәжірибелік бақылаудағы баланың жасы: Н.А. – 3 те.
Аңғарымы: Балалар сал ауруы, спастикалық диплегия. Энцефалопатия,
церебралды органикалық психикалық дамудың тежелуі. Сөйлеу тілі
дамымауының 3-деңгейі.
Баланы психологиялық-педагогикалық зерттеу
Баланың заттық ойын әрекетінің дамуы
Тексеріс барысында
қолданылған көрнекілік
құралдар
Мақсаты
Баланың тапсырманы
орындауы
Машина, екі сақиналы
пирамида, қарындаштар,
пошта жәшігі, тұрмыстық
заттар (кесе, қасық, сүлгі)
Жұмсақ ойыншықтар (Қоян,
күшік) дәрігер Айболит
Заттық ойын әрекетінің
дамуын, ережеге сай
ойын ойнау дағдысын
және заттық іс-
әрекеттерін анықтау
Тұрмыстық заттарды құрал
ретінде пайдалана алмайды.
Ойын әрекеттерін қайталай
алмайды. Заттарды еркін әрекет
барысында қолымен шамалы
ғана қозғалтады, қарындашты
ұстай алмайды.
Сюжеттік және рөлдік ойынға
кіріге алмайды, күле береді.
Танымдық әрекетінің дамуы
1.
Сенсорлық дамуы (көру арқылы қабылдауы мен зейіні)
Төртбұрыш, үшбұрыш,
домалақ, куб геометриялық
пішіндер. Қызыл, сары, көк
түсті доптар, шарлар. Ата-
анасының суреті.
Пішіндер мен түстерді
ажыратуын анықтау.
Көріп қабылдауымен
зейінін анықтау. Баланың
қоршаған адамдар
туралы түсінігін анықтау.
Заттарды көлемі бойынша және
түстерді ажырата алмайды.
Өзінің атын атағанда
қарамайды, ересек адам өзіне
қарап сөйлегенде көз арқылы
қатынасқа түспейді, өзінің дене
мүшелерінен басы мен қолын
көрсетеді. Суреттегі ата-анасын
таниды.
Сөйлеу тілін түсінуін және қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Ойыншықтар (қуыршақ,
машина, қоян)
Сюжетті суреттер.
(сүт, тоқаш, кәмпит)
Сөйлеу тілінің түсінуін
анықтау
Сюжетті суреттер
арқылы көріп
қабылдауын анықтау
Қуыршақты бер, ал, машина
қайда? қоянды көрсет? деген
сөздерге жауап бермейді.
Сурет арқылы тамақ түрлерін
көрсеткенде бала ым-ишарат
арқылы (ням-ням) дыбыстар
шығарды.
Баланы зерттеуден кейінгі тұжырымдама:
Баланың зейіні щоғырланбаған бір заттан екінші затқа қарай алмасып
отырады. Қоршаған орта, өзі, жанұясы туралы түсінігі қалыптаспаған,
сюжетті суреттерді көрсеткенде бұрылып немесе зейін қойып қарамайды,
сенсорлы этолондары мен математикалық ұғымдары қалыптаспаған. Сөздік
қоры аз, түсініксіз тез сөйлейді, байланыстырып сөйлей алмайды, отбасы
Достарыңызбен бөлісу: |