80
жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына,
шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, студенттерді айыратын кедергілерді
жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, студенттің түзету-
педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған
ортаның студенттерді жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне
бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту – барлық студенттердің мұқтаждықтарын ескеретін,
ерекше қажеттіліктері бар студенттердің білім алуын қамтамасыз ететін
жалпы білім үрдісінің дамуы. Бұл оқыту түрі студенттердің оқу үрдісіндегі
қажеттіліктерін қанағаттандырып оқу мен сабақ берудің жаңа бағытын
өңдеуге талпынады және мүгедек студенттің адамдармен қарым-қатынасына
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту
негізінде студенттер құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік
қатынасын қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар
студенттерға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы
жүйелерді бір-біріне жақындатады.
Кәсіптік және техникалық білім беруде сау студенттер мен мүмкіндігі
шектеулі студенттердің бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру
кезінде кері салдарлар туындау мүмкіндігін азайту үшін инклюзивті білім
беруге қажетті арнаулы жағдайлар тізбесін нақты белгілеп алу шарт. |Бұл
тізбе оқу процесін ұйымдастыруды, оқу мазмұны мен әдістемесін,
студенттердің үлгерімін бағалауды т.б. қамтуы тиіс.
Оқу процесін ұйымдастыру ҚР Білім және ғылым министрлігінің
«Мүмкіндігі шектеулі студенттерге интеграцияланған (инклюзивті) білім
беру ісін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда» мүмкіндігі
шектеулі студенттерді инклюзивті оқытуға қойылатын талаптар белгіленген.
Олардың орындалуына оқу орны басшысы жауапты. Бұл талаптар бойынша
мұндай студенттерді қабылдау және білім беру процесіне ендіруге
байланысты мынандай дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс:
-
Оқу орнындағы физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету
(лифтілер, пандустар, тірек-қозғалыс аппаратының қызметінде ақаулығы бар
студенттер үшін);
-
Білім беру және коррекциялық-дамыту процестерін арнаулы
техникалық жарақтармен қамтамасыз ету (есту, көру, сөйлеу мүшелерінің
ақаулықтары бар студенттер үшін);
-
Коррекциялық педагогикалық қолдау көрсетілген
педагог
қызметкерлерді (педагог-дефектолог, әлеуметтік педагог, педагог-психолог,
мұғалім логопед) іріктеп, жұмысқа қабылдау және білім беру процесіне
ендірілген студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау жасау;
-
Педагогтерге мүмкіндігі шектеулі және сау студенттерге, студенттер ата-
аналарына, сондай-ақ мектептің техникалық қызметкерлеріне кеңес беру.
Кәсіптік және техникалық білім беру орнын инклюзивтік разрядқа
ауыстыру шарасы оқу-тәрбие процестерін ұйымдастыру ісіне бірқатар
өзгерістер де алып келеді: күн тәртібі, сабақ кестесі, оқу ұзақтығы мен