88
•
«Таным» - ойын ойнауға үйрету, сенсорлы тәрбиелеу, ойлау әрекетін
қалыптастыру, құрастыру, қарапайым сандық елестерін қалыптастыру,
қоршаған ортамен таныстыру;
•
«Қатынас»-сөйлеу тілін және қарым қатынас жасау мүмкіндіктерін
қалыптастыру;
•
«Шығармашылық»-сурет салу,мүсіндеу,жапсыру, ән айтуға тәрбиелеу.
Интеллектісі төмен балаларға көмектің келесі түрлерін бөлуге
болады
•
Медико-клиникалық бағыт – ақыл-ой кемдіктің этиологиясын зерттеуге
негізделген. Интеллектінің бұзылуына әкелетін анатомо-физиологиялық
жәнегенетикалық себептерге назар аударылады;
•
Психологиялық бағыт – интеллектуалды дамуы бұзылған балалардың
психикалық әрекетіне, олардың эмоционалды сферасының жағдайына назар
аударады;
•
Педагогикалық бағыт–осы категориядағы балаларды түзету, оқыту,
тәрбиелеудің педагогикалық әдістерін, қағидаларын және формаларын
қарастырумен айналысады;
•
Психометрикалық бағыт–интеллектуалды ерекшеліктердің даму
деңгейін сандық бағалау әдісімен негізделеді.
Түзету әрекеттерінің негізгі бағыттары:
1.
Қоршаған ортаның (әлеуметтік, табиғи) көмегімен балаға түзетушілік
ықпал көрсету.
2.
Оқу үрдісінің ұйымдасуы және түзетушілік бағытталуы.
3.
Мәдени және сауықтыру іс-шараларын іріктеу.
4.
Отбасы тәрбиесінің психогигиенасы.
Бұл бағыттар келесі түрде ұсынылуы мүмкін:
•
сенсомоторлы даму жетістіктерін жетілдіру;
•
психикалық әрекеттік жеке жақтарын түзету;
•
ойлауды дамыту;
•
эмоционалды-тұлғалық сфера дамуындағы бұзылуларды түзету;
•
тілін дамыту және сөйлеу тілі техникасын меңгеру;
•
қоршаған әлем туралы елестетулерін кеңейту;
•
жеке білімдегі проблемаларды түзету.
Психологиялық, педагогикалық түзеу кабинеті өз қызметтерін Бала
құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына, «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балалардың
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы» Заңдарына және басқа нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес
жүзеге асырып келеді. Құрманғазы аудандық психологиялық педагогикалық
түзеу кабинеті 2005 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.
Кабинет мамандары әлеуметтік ортаның баладан мәдениетті, әдепті,
сыпайы мінез құлықты, білімді болуға жету жолында кабинетке келетін
барлық балалардың ақыл-ойының, сөйлеу
тілінің дамуын,
сөз қорының
89
молаюын және баланың жеке ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз
ету үшін жұмыстанып келеді. Күнделікті жұмыстарды түзету кезінде
шеберлікпен ұғындырудың арқасында кабинеттің педагог-логопеді сөйлеу
қабілеті дамымаған фонетикалық, фонематикалық кемістігі бар, жазу, оқу
бұзылыстары бар, сөйлеуі бұзылған балалармен жұмыс жүргізіп бірқатар
сөйлеу кемістігі бар балаларды түзеді. Тілінде кемістігі бар балалармен
жасалатын логопедия кабинеттің жабдықтары жеткілікті. Балалардың
проблемасын біртіндеп шешудің негізін қалыптастырып, олардың өзіне-
өзі қызмет етіп өмір сүруіне жағдай туғызу үшін жұмыстанатын болады.
Дамуында кемісітігі бар балалардың проблемасын біртіндеп шешудің
негізін қалыптастырып, олардың өзіне-өзі қызмет етіп өмір сүруіне
жағдай туғызу үшін жұмыстанатын болады.
Пайданылған әдебиеттер
1.
«Арнайы педагогика» курсы бойынша
оқу бағдарламасы
2.«
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан дамыту» Жалмұхамедова
А.Қ., Халықова Б.С.
3.«
Зерде дамуы орташа және терең бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту
және сауаттылықа үйрету» Баряева Л.Б.,Логинова Е.Т.,ЛопатинаЛ.В.,
Сүлейменова Р.А., Есенжолова Г.Ж.
4.«
Ақыл-ой дамуы ауыр және терең бұзылған баларды психологиялық-
педагогикалық тексеру және дамыту бағдарламасы» Сүлейменова Р.А.,
Ильмұратова Г.А.
5.
Дефектология журналдары
6.«
Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы» В.С.Мухина, Алматы
Мектеп,1981ж.
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ
ОҚЫТУДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Сарсекенова Айслу Багитовна
Балапанова Жаныл Темировна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ
Инклюзивті білім беру инновациялық жолдармен, қажетті жаңа
технологияларды қолдануда болашақта мүмкіндігі шектеулі балаларға білім
алуда еш кедергі келтірмеуіміз керек. Инклюзивті білім берудің маңызды
міндеттерінің бірі болып оқушылардың оқудағы қажеттіліктерін ескере
отырып оқу процесін нәтижелі ұйымдастыру, білім алу жағдайларын жасау
табылады.Ерекше назарды инклюзивті сыныптарда оқыту процесін қамтитын
оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына аудару керек. Мүмкіндігі
шектеулі балаларды арнайы мектептерде оқытуды қолдайтын, қалыпты
сыныптардың мұғалімдерінің ойынша балаларға, оқу бағдарламасын
меңгеруде қойылатын талаптарды жеңілдету керек. Олар, балалардың