Тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 3,23 Mb.
Pdf просмотр
бет31/73
Дата16.01.2020
өлшемі3,23 Mb.
#26904
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73

81 
 
құрылымы  өзгереді,  жеке  коррекциялық  оқулар  ендіріледі,  аяушылық, 
қорғаушылық 
бағытындағы 
педагогикалық 
режимдерді 
сақтауға 
басымдылық береді, педагогикалық қызметті жоспарлау, оның тиімділігі мен 
сапасын 
бақылау 
сипаты 
өзгереді, 
психологиялық-медициналық-
педагогикалық  консилиумдар  құрылып,  өзге  де  психологиялық-
педагогикалық 
қолдау 
көрсету 
бағытында 
қызмет 
орындары 
ұйымдастырылды,  оқу-тәрбие  процесінің  бағыт-бағдары  мен  мазмұн  -  мәні 
өзгереді  (студенттер  мен  тілектестік  сипатта  қарым-қатынас  жасау,  оқу-
тәрбие  процесінің  коррекциялық  бағытын  дамыту  және  т.б.),  білім  беру 
ұйымының  пәндік  дамыту  ортасындағы  талаптар  күшейеді,  өйткені  ол 
мүмкіндігі  шектеулі  студенттерды  жан-жақты  дамыту  мен  ақаулықтарды 
коррекциялау процесінде басты рөл атқарады. 
Оқу  орнында  мүмкіндігі  шектеулі  студенттерді  оқып-үйрету  процесін 
психологиялық-педагогикалық қолдау үшін психологка, логопедке, арнаулы 
педагогке,  әлеуметтік  педагогке  арналған  кабинеттерді  арнайы  жабдықтау 
қажет.  Сондай-ақ  кітапхана  қорын  арнаулы  оқытулармен  оқу-әдістемелік 
кешендермен әдістемелік әдебиеттермен толықтыру керек. 
Интеграциялық  білім  беру  альтернативтік  оқыту  түрлерінің  бірі,  оның 
базалық ұстанымдары: түзету жұмыстарында неғұрлым ерте жастан бастау, 
әрбір  студентке  тындырымды  түзету  көмегін  беру,  интеграциялық  оқытуға 
студенттерді  тиянақты  іріктеу,  әлеуметтік  ортада  жағымды  қарым-
қатынастың  жүйесі  болуы  және  т.б.  болып  табылады.  Қалыпты  дамудағы 
құрбы-құрдастарына 
арналған 
мекемелерде 
ерекше 
студенттер 
интеграциясына  әр  студенттің  жеке  даму  деңгейі  ескеріліп,  «пайдасы  мен 
мүмкіндігі»  және  ол  үшін  интеграцияның  (құрамдастырылған,  ішінара, 
уақытша және толық) үлгісіне нақты іріктеу жасалынуы тиіс.  
Инклюзия  білім  жүйесінің  дамуындағы  заманауи  саланың  жетекші 
тенденциясы  болып  табылғанмен,  өздігінен  арнаулы  оқыту  жүйесін 
толығымен  алмастыра  алмайды.  Бұл  тек  басқалармен  бірігіп  болашақта 
қолданысқа  ие  болатын,  бір  текті  емес  –  дәстүрлі  емес  инновациялық 
түрлерінің  бірі.  Бірлескен  оқыту  арнаулы  білім  беруге  қарама-қарсы 
қойылмайды, оның түрлерінің бірі болып табылады. 
Интеграция  мен  инклюзия  жалпы  арнаулы  –  екі  білім  беру  жүйесінің 
шекараларының арасында өткізгіш жасай отырып жақындастырады. Мүгедек 
студенттің  кез  келген  білім  беру  мекемесінде  өзінің  білім  алу  құқығын 
жүзеге  асыруына,  сонымен  бірге  өзіне  қажетті  мамандандырылған  көмек 
алуына болады. Мүмкіндігі шектеулі студенттердің бәрі қалыпты дамып келе 
жатқан  құрбы-құрдастарының  арасында  өздерінің  әлеуметтік  тәжірибесін 
байытуды  және  оқу-сабақ  барысында  өзара  әрекет  етуді  қажет  етеді, 
дегенмен  барлық  жағдайда  да  тиісті  мамандандырылған  психологиялық-
педагогикалық көмекті сақтай отырып, әрбір студенттің дамуына түсінікті де 
пайдалы интеграциялық оқыту моделін таңдап  алу қажет. 
Бүгінгі күні студенттер құрамында әртүрлі психикалық дамуы бұзылған 
студенттер  саны  көбейгені  байқалды.  Жалпыға  бірдей  білім  беру 
мекемелеріне арнайы білім алуға мұқтаждығы бар кемтар студенттер көптеп 
келуде. Бүгінгі күні кез келген оқу тобы немесе колледж интегративтік болып 


82 
 
қалуы  әбден  мүмкін,  себебі  олардың  қатарында  дәл  осындай  білім  алуға 
мұқтаждығы  бар  студенттер  бар  екені  аян.  Қалыпты  дамудағы  дені  сау 
студенттермен бірге денсаулығында мүмкіндіктері шектеулі студенттер бірге 
оқытуды  ұйымдастырудың  бұл  түрі,  яғни  интеграцияның,  білім  алумен 
әлеуметтік ерекше мұқтаждығы бар адамды дұрыс мәнінде қабылдап, оларға 
мүмкіндіктері  шектеулі  студенттермен  дұрыс  қарым-қатынастарын 
қалыптастырып,  жаңадан  қалыптасып  келе  жатқан  азаматтық  қоғамда 
адамдар  арасындағы  өзгешеліктерге  түсінушілікпен  қарайтын  мәдени 
ережені  орнатуды  мақсатты  түрде  дайындауға  мүмкіндік  беретін 
болғандықтан,  қалыпты  дамудағы  студенттер  үшін  де  оның  мәні  маңызды 
болмақ. Қалыпты дамудағы студенттер тарапынан кемтар студенттің басқаша 
көрінгені,  ойлағаны,  оны  жатырқауы  (мазақ  ету,  жиіркеніштілік  сезімін 
білдіру және т.б.) теріс арақатынас танытуына апарып соқтыруы мүмкін. 
Осы  мәселенің  өзектілігі  қалыпты  дамудағы  студенттер  мен  дамуында 
бұзылысы  бар  студенттердің  бірлескен  тәлім-тәрбиесін  дұрыс  жолға  қойса 
жақсы нәтиже береді.  
Сондықтан  студенттермен  интеграциялық  тәлім-тәрбиесінің  табысты 
жүзеге асуы үшін, олардың әртүрлі қызмет жасау мүмкіндіктері қалыптасып, 
ынтымақтастығы  және  өзара  түсінушілігі  негізінде  бір-бірімен  қарым-
қатынастарын құра білуі, басқа адамдардың өзгешеліктеріне қарамай, оларды 
сол қалпында қабылдауға дайындау қажет. 
Мүмкіндігі  шектеулі  студенттерді  оқыту  мен  тәрбиелеуді  жүзеге 
асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы инклюзивті білім беруді 
ұйымдастыру  және  іске  асыру  мәселелері  бойынша  біліктілігін  арттыру 
курстарында  оқуға,  арнайы  педагогика  мен  психологияның  негізін  білуге, 
мүмкіншіліктері  шектеулі  студенттердің  психологиялық  және  даму 
ерекшеліктері  туралы  түсінуге,  білуге,  білім  беру  үрдісін  ұйымдастарудың 
әдістемесі мен технологиясын білуге міндетті. 
Инклюзивті оқытуды жүзеге асырып, нәтиже алып отырған республика 
көлеміндегі колледждерді атап айтуға болады. 
Мысалы,  ҚКМК  «Алматы  Мемлекеттік  политехникалық  колледжі»  
2007  жылдан  бастап  есту  қабілетінде  ақауы  бар  студенттерді  «Есептеу 
техникасы  және  бағдарламалық  қамтамасыз  ету»  мамандығы  бойынша 
«техник»  және  «техник-программист»  мамандарын  дайындауды  жүзеге 
асырып келеді.  
«
Қарағанды  құрылыс  –  техникалық  колледжі»  2014  жылдың  қыркүйек 
айынан  бастап  есту,  сөйлеу  және  қимыл-қозғалысы  шектеулі  студенттерді 
оқытуды  қолға  алып,  оларды  «Орман  шаруашылығы,  бақ-саябақ  және 
ландшафт  құрылысы»  және  «Сәндік-қолданбалы  және  халықтық  кәсіпшілік 
өнер» мамандықтары бойынша оқытып келеді. 
Олай болса, мүмкіндігі шектеулі студенттер қоғамда шет қалмауы тиіс 
деген  ұғым  әр  адамның  жүрегінде  орын  алуы  керек.  Олардың  дені  сау 
студенттермен  бірдей  дәрежеде  білім  алып,  өмірге  көзқарастарының  жақсы 
деңгейде қалыптасуына негіз қалап, оларды қолдап жүрейік. 
Пайдаланған әдебиеттер 
1.
Жарықбаев Қ. Жалпы психология, Алматы «Білім», 2000 


жүктеу 3,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау