Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау Министрлігінің
«»________ 2018 жылғы № ______ бұйрығымен бекітілген
«Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитарлық қағидалары
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы «Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалары (бұдан әрі – Санитарлық қағидалар) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді жобалауға, орналастыруға, сумен жабдықтауға, су бұру жолдарына, жарықтандыруға, желдетуге, үй-жайларды, жабдықтарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы Санитариялық қағидалар жобаланатын, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жұмыс істеп тұрған коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге қолданылады және меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалармен орындалады.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) арнайы киім –қызметкерді жұмыс орнында сыртқы ортаның зиянды және қауіпті әсерінен жеке қорғауға арналған киім;
2) коммуналдық-тұрмыстық объектілері (бұдан әрі - объектілер) – қонақ үй қызметтерін көрсететін объектілер, монша, хауыз, ) суға шомылу - жүзу бассейні, кір жуу, химиялық тазалау, (бұдан әрі - химтазалау), шаштараз және косметикалық қызметтерді көрсететін салондар, қоғамдық дәретхана, халықтың жаппай демалыс орындары және базалары
3) стационарлық дәретхана – дәретхана болып жабдықталған жеке тұрған жерүсті немесе жерасты құрылысы;
4) мобильді дәретхана - жылжымалы (пластикалық дәретхана кабинасы, биоәжетқана және т.б.), автобустар, микроавтобустар негізінде жабдықталған тіркемелер, жартылай тіркемелерде орнатылған модульдік дәретханалар;
5) автомагистральдағы дәретханалар - жеке тұрған жолдарда орнатылған немесе жанармай құю станциялардың жанындағы жолдар, сервистік орталықтар, дүкендер, тамақтандыру кәсіпорындар, жол бойындағы қонақ үйлерде және т.б. жерлерде орналасқан дәретханалар;
6) хостел – уақытша тұру үшін арналған, сыйымдылығы әртүрлі нөмірлері немесе бөлмелері бар және әдетте, нөмірден немесе бөлмеден тыс санитариялық тораптары бар, қызмет көрсету тізбелері шектеулі орналастыру объектісі;
7) жүзу бассейні – жарыстарды жүргізуге, өзге де су спорт түрлерімен (жүзу, суға секіру, су асты спорты, су добы, су асты регби, синхронды жүзу және т.б.) шұғылдануға, сауықтыруға арналған жұзу, оқу-жаттығы жұмыстары және де балаларды жүзуге үйретуге арналған гидротехникалық құрылғы;
8) суға шомылу бассейні - суға шомылу, су рәсімдерін қабылдау, судағы ойын-сауық - сауыққа арналған бассейн;
9) аквапарк – бассейнмен (әр түрлі мақсаттағы бассейндер кешені), су атракциондарымен жабдықталған және өзінің құрамында демалу аймағы, демалу мен ойын-сауыққа басқа функционалды элементтері (заттары), техникалық және көмекші үй-жайлары, одан басқа сәйкес инженерлік жабдығы, жұмыс істеуі және пайдалану үшін қажетті инженерлік желі мен байланысы бар ғимарат (құрылым) (немесе ғимарат бөлігі (құрылымы);
10) косметикалық қызметтер –бұл клиенттің бет пен дене терісіне, қас пен кірпігіне косметикалық құралдар және сәндік косметиканы пайдалана отырып, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, физикалық және химиялық әсер етіп, көрсетілетін медициналық бақылауды қажет етпейтін косметикалық рәсімдер;
11) косметологиялық кабинет – гигиеналық және сәндік сипаттағы косметологиялық қызмет көрсететін үй-жай;
12) халықтың жаппай демалу орындары- қалалар құрылысының бас жоспарларында, аудандық жоспарлау мен қала маңындағы аймақты дамыту сұлбаларында, курорттарды, санаторийлерді, демалыс үйлерін, пансионаттар, туризм базаларын, халықтың ұйымдастырылған демалысы аймақтарында (қалалық жағажайлар, саябақтар, демалыс базалары, спорттық базалар және олардың ашық ауадағы құрылыстары) бөлінген аумақ;
13) жағажайлар –жаппай демалу, суға түсу, күн және ауа ванналарын қабылдауға болатын теңіз, көл, өзен, канал немесе ашық ашық бассейіннің жағалауы;
14) многофункционалды ғимараттар (кешендер) – заманауи әлеуметтік-мәдени, технологиялық, қала құрылысы және сәулет талаптарына сай келетін, әртүрлі мақсатта (тұрғын үй, қоғамдық, мәдени-ағарту, қоғамдық тамақтану және т.б.) пайдаланылатын кәсіпорындарды орналастыру үшін арналған жеке тұрған ғимараттар тобы;
15) солярий – косметикалық күнге күюді алу мақсатында жасалған жасанды ультрафиолет сәулелерінің құрылғысы, сондай-ақ осы құрылғылары бар үй-жай.
2-тарау. Жалпы талаптар
4. Нысандарды орналастыру кезінде халықтың өмір сүруінің нашарлауына жол берілмейді.
5. Нысандардың құрылысына және орынжайларды әрлеуге Кедендік одақтың Техникалық регламенттеріне сай келетін Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген заттар пайдаланылады.
6. Нысан аумағы абаттандырылады және тазалықта күтіп-ұсталады.
7. Ғимаратқа кіре берісте қоқысқа арналған урналар орнатылады. Қоқыстарды жинау үшін контейнерлер қолданылады, қатты жабыны бар алаңда орнатылған.
8. Нысандар сумен жабдықтау, су бұру жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
9. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитарлық қағидалар, гигиеналық нормативтер талаптарына (бұдан әрі -нормалау құжаттары) сай жылумен жабдықтау, желдету, ауа баптау жүйелері микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілген параметрлерін қамтамасыз етеді.
10. Ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелері нормалау құжаттарына сәйкес судың берілуін қамтамасыз етеді.
11. Су бұру жүйелері сарқынды судың қауіпсіз ағуын қамтамасыз етеді. Санитариялық-техникалық желілер, құрылғылар мен аспаптар жарамды күйде болады.
12. Орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ елді мекендер аумағында су өтпейтін шұңқыры бар аулалық дәретханалармен тұндырғыштар көзделеді.
13. Жұмыс орындарының табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейі, сондай-ақ ауасындағы зиянды заттардың құрамы нормалау құжаттарына сәйкес келуі тиіс.
14. Адамдардың тұрақты тұратын үй-жайлары терезе ойықтары арқылы табиғи жарықпен қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарақтандырылумен қамтамасыз етіледі.
Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Шырақтар қорғаныш плафондарымен жабылады.
15. Артық шу, діріл, ультракүлгін, инфрақызыл, элекромагниттік сәулелену көзі болып табылатын жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.
16. Үй-жайларды тікелей функционалдық мақсатынан тыс пайдалануға жол берілмейді.
17. Объектілердің барлық үй-жайларында күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, сөрелермен немесе стеллаждармен жабдықталған арнайы бөлінген орында (үй-жайда) сақталады.
18. Пайдаланылған төсек жабдықтары мен жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе су құбыры келтірілген, арнайы жабдығы бар объектілерде тікелей жүргізіледі.
Жеке кір жуатын орынды жабдықтаған жағдайда, кір және таза заттардың қарсы ағымы мен қиылысуына жол бермейтін жуу технологиялық процестердің реттілігі (ағындылығы) сақталады.
19. Дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген дезинфекциялау ерітінділері пайдаланылады, ерітінділері дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сай берілген қоюлыққа сәйкес дайындалады.
20. Дезинсекция және дератизация іс-шаралары нормалау құжаттарының талаптарын сақтай отырып ұйымдармен жүргізіледі.
21. Объектілерде жұмыскерлерге арналған ас ішу бөлмелері, жеке бас тазалығын сақтау және жеке мен арнайы киімдерді бөлек сақтауға арналған жағдайлар көзделеді.
22. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайлар қол жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
23. Үй-жайды әрлендіруде орын алған ақаулықтар (сынған қаптау плиткалары, линолеумнің және басқа да жабындар мен құралдардың тұтастығы бұзылуы) рұқсат етілмейді.
24. Объектілер жұмыскерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.
25. Объект басшылығы жұмысқа медициналық тексеріп-қараудан өткен кезінде қабылдайды және бұдан әрі нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес декреттелген контингентті міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқудан өтуін қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалары жұмыс орындарында сақталады.
3-тарау. Қонақ үйлер қызметтеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
26. Қонақ үйлер, хостелдер бөлек тұрған ғимараттарда орналастырылады немесе жеке кіретін есігі бар көп функциялды ғимараттар құрамына және басқа ғимараттарға енуі мүмкін, сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үйлерде пәтер иелерінің жеке кіреберісі (шыға берісі) болғанда шартты түрде жол беріледі.
27. Қонақ үйлер, хостелдердің тұрғын жайларын жертөледе және төменгі қабаттарда орналастыруға жол берілмейді.
28. Қоқыс салғыш құбырлардың өзегі құрылыс конструкцияларынан ауа және дыбыс өтпейтіндей оқшауланып жабдықталады және адамдар тұрақты тұратын тұрғын және қызмет үй-жайларына жапсарлас салынбайды. Қоқыс жинау камерасын тұрғын бөлмелердің немесе олармен іргелес және үнемі адамдар болатын үй-жайлардың астына орналастыруға жол берілмейді.
29. Қонақүй бөлмелерінде санитарлық торап және гардероб қарастырылады. Хостелдарда санитарлық тораб тұрғын бөлмеден бөлек орналасуы мүмкін. Хостелдарда бір немесе екіярусты кереуетті пайдалану жол беріледі.
30. Хостелдер кемінде бір дәретхана кабинасы және бір қол жуғыш, 15 адамға кемінде бір себезгі кабинасымен санитарлық тораппен жабдықталған есебінен қамтамасыз етіледі. Үлкен хостелдерде ерлер мен әйелдер үшін бөлек санитарлық тораптар мен душтар ұсынылады.
31. Хостелде асхана, ас бөлме, ас ішу және пісіру, өз-өзіне қызмет көрсетуге жол беріледі, ол үшін қажетті құрал-жабдықтар және ас үйлік ыдыс, жабдықтар, асхана ыдыстары, азық-түлікті сақтауға арналған ыдыстармен және жуғыш құралдармен жабдықтауға қамтамасыз етіледі.
32. Қонақ үй және хостелдардың тұрғын қабаттарында тұрғын бөлмелерде дыбыстық оқшаулар сақтаған жағдайда қоғамдақ тамақтану бөлмесін (барлар, кафелер, буфеттер) орналастыруға болады.
33. Қонақ үйлердің нөмірлері мен баспалдақ алаңдары табиғи және жасанды жарық берумен қамтамасыз етіледі. Қонақ үйлердің үй-жайларын жасанды жарықпен жарықтандырудың ең төменгі нормалары осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшасында келтірілген.
34. Тұрғын бөлмелерде немесе нөмірлерде ауаны баптау қамтамасыз етіледі. Болмаған жағдайда, қонақүйлер ғимараттарында ауа баптау жүйесі сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
Желдету қалыпты ауа айналымын және бөтен иістерді бөлме, нөмірлер және ортақ үй-жайларға жол бермеуді қамтамасыз етеді.
35. Қонақ үйлердің дәретханалары жуынатын раковиналармен, қол сүртуге арналған электр сүлгімен немесе жеке майлықтармен, жуғыш құралмен, дәретхана қағазын ұстағышпен, унитаз тазалау үшін сыйымдылыққа салынған щеткамен, қоқысқа арналған себетпен жабдықталады.
36. Қонақ үйлердің нөмірлері мен ортақ пайдаланылатын орындарында күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізіледі. Кілем бұйымдары шаңнан арылады, жұмсақ жиһаздар тазартылады.
Дәретханаларды жинау жұмыстары нөмірдің барлық басқа аймақтарын жинау аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
37. Ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.
Дәретханалардың унитаздары және писсуарлары дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген арнайы щетканың (ерштердің) көмегімен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып тазартылады және сумен шайылып, жуылады.
38. Төсек, орамал саны және оларды ауыстыру қонақ үйлер жіктеуіне сәйкес көзделеді.
Хостелдерде бір төсек орнына төсек-орын тысымен, әр адамға сүлгімен жабдықталады.
39. Қолданылған заттар пакеттер мен қапшықтарға жиналады. Таза төсек жабдықтары ашық күйде тасымалдауға жол берілмейді.
4-тарау. Моншалар мен хауыздарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
40. Моншалар мен хауыздар жеке тұрған ғимараттарда немесе кір жуу орнымен бір ғимаратта, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрмыстық корпустарында орналастырылады.
Моншалар мен хауыздар көп функционалды ғимараттарда орналастырылған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
41. Монша және хауыз үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, бөлмесі, санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық бөлмесі кіреді.
42. Моншаларда қосымша орындар болған жағдайда, шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын мемлекеттік органмен бекітілген санитариялық қағидаларының талаптарын сақтай отырып санитариялық ережелерге, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына сәйкес орналастыруға жол беріледі.
43. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға жол беріледі. Моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
44. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.
45. Терезе ойықтарында ашылатын фрамугалар немесе желкөздер көзделеді.
46. Моншалар мен хауыздарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған қатты жартылай қатты және жиһаздар, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер қолданылады. Ағаш траптарды пайдалануға жол берілмейді.
47. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер қолданылады. Жуыну үшін ағаш легендер қолдануға жол берілмейді.
48. Моншалар мен хауыздарда жеке қолдану үшін және пакеттерде берілетін таза және құрғақ заттар (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза заттар пайдаланылғандардан бөлек сақталады.
49. Моншалар мен хауыздардың үй-жайларында тазалық сақталады. Кәріз траптарының бітеліп қалуына және еденде лас судың жиналуына жол берілмейді.
50. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім кептіріліп, пакеттерге салынып беріледі.
51. Жуынуға арналған легендерді, ванналарды өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартушы заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Жуынуға арналған легендер, ванналар дезинфекцияланады және сумен шайылады.
52. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдету, үй-жайларды, мүкәммалды және жабдықтарды жинау, дезинфекциялау, желдету жүргізіледі.
53. Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен хауыздардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.
54. Монша мен хауыздарда жуынып-шайыну және себезгі бөлмелерінде кір жууға және кір кептіруге, моншаның пайдаланылуына қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтауға жол берілмейді.
5-тарау. Спорттық-сауықтыру мекемелеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
55. Спорттық-сауықтыру мекемелері жеке тұрған, тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған және жапсарлас салынған үй-жайларға орналастырылады. Тұрғын ғимараттардың цоколды және жерасты қабаттарында бөлмелерде шу және дыбыстық оқшаулар сақтаған жағдайда орналастыруға болады.
56. Спорттық-сауықтыру мекемелерінде жеңіл ылғалды өңделетін, шаңнан жеңіл тазартылатын спорт мүкаммалы пайдаланылады
57. Жаттығу қапшықтары, тұлып және тасымалданатын спорттық мүкаммал сабақ басталғанша ылғал шүберекпен, аптасына кемінде бір рет жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау жүргізу керек.
58. Жыл бойы жұмыс істейтін спорттық-сауықтыру мекемелерінде микроклимат көрсеткіштері гигиеналық нормаларға сай қамтамасыз етіледі, терезе ойықтары фрамугалармен жабдықталады.
59. Спорт залдар едені саңылаусыз және түзу, беті тегіс және тайғақ болмауы керек, сабақ басталу алдында құрғақ және таза болуы керек.
60. Жылу беру құралдары тор немесе тақталармен қапталады.
6-тарау. Суға шомылу - жүзу бассейндерге, аквапарктерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
61. Бассейндер бөлек тұрған ғимараттарда, қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған (немесе ішіне салынған) үй-жайларда орналастырылады. Бассейндер тұрғын ғимараттарда орналастырылған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
Аквапарктер шет орналасқан тұрғын аумағында, саябақтық немесе рекреациялық аймақта орналастырылады.
62. Бассейн үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет кіреді.
63. Бассейн үй-жайларының ішін жоспарлау келушілер (шешіну-киіну орны-себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) қозғалысының реттілігін қамтамасыз
64. Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады.
65. Айналма жолдар, бассейн ваннасының қабырғалары мен түбі су өтпейтін материалдардан жасалады, ванна зал құрылысының ішкі беті ылғалға төзімді материалдардан жасалады. Айналма жолдардың бассейн ваннасының түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болады.
66. Себезгіден бассейн ваннасына дейінгі жүретін жолда ағынды сулы аяқ ванналар орналастырылады, олардың көлемі айналып өту мүмкіндігін болдырмайды. Бассейннің себезгі бөлмесінен айналып өту жолына тікелей шығатын жағдайда аяқ ваннасының болмауына жол беріледі.
67. Бассейн себезгілері өтпелі болуы және шешінетін орыннан айналма жолына баратын бағытта орналасады, кабиналармен, жеке араластырғыштармен, ыстық және суық су желісімен, гигиена заттарына, сүлгілер мен жөкелерге арналған құрылғылармен жабдықталады.
68. Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып құятын науалармен су бұру жүйелеріне жіберу арқылы жүргізіледі.
69. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, судың ластануы болған жағдайда және өндірістік бақылау көрсеткіштері бойынша судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі. Теңіз суымен толтырылған бассейндерде рециркуляциялық жүйені пайдалануға жол берілмейді.
Спорттық-сауықтыру бассейндерінде су алмастырудың рециркуляциялық жүйесі, шағын бассейндерде (ванна көлемі 70 метр аспаса (бұдан әрі -м) судың толассыз ағысы қолданылады.
70. Рециркуляциялық ауыстыру жағдайында бассейн жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде кемінде 10 пайыз (бұдан әрі - %) су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады
71. Суды тазалау, зарарсыздандыру және тарату құрылыстары жұмыстың тиімділігімен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір ванна өзінің реагенттерді автоматты түрде дозалауды және судың тұрақты температурасын қамтамасыз ететін су дайындау жүйесімен жабдықталады.
72. Ванналарға жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді сәулелендіру) әдісі (ультракүлгінді сәулелендіру) қолданылады.
73. Ванналар оған жұмсалатын, рециркуляция жүйесіне түсетін, қосылатын таза су шығындарын есептейтін өлшеуіштермен, зерттеу үшін су сынамасын алуға арналған шүмектермен жабдықталады.
74. Ванна түбі су бұру желісінен төмен орналасқан жағдайда ваннаны босату сорғының көмегімен жүзеге асырылады.
75. Су бұру жүйесінен ванналарға су ағынының кері ағып келуіне жол берілмейді. Ағынды су ваннаға тиген жағдайда жою себептері бойынша шаралар қабылданады және профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
76. Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы параметрлеріне қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген.
77. Бассейн ванналарының залдары, дайындық сабақтарына арналған залдар, хлорлау немесе озондау үй-жайлары сору және сыртқа тарату желдеткішінің жеке жүйелерімен жабдықталады.
78. Жүзушілердің тыныс алу аймағындағы ауадағы бос хлордың шоғырлануы бір текше метрге 0,1 миллиграммнан (бұдан әрі - мг/м3), озон - 0,16 мг/м3 аспауы тиіс.
79. Ваннасы бар бассейн залы табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Жарық ойықтарының көлемі су үсті көлемін қоса алғандағы бассейн үй-жайлары көлемінің 20 %-нан кем болмайды. Жарық ойықтарының басым бөлігі фрамугалармен немесе желкөздермен жабдықталады.
80. Су бетінің неғұрлым аз жарықтандырылуы 100 люкс (бұдан әрі - лк), суға секіру бассейндерінде - 150 лк., су добы үшін 200 лк. құрайды. Барлық бассейндерде іске қосылған жарықтандырудан басқа су бетін 5 лк. кем емес жарықтандыруды қамтамасыз ететін автономды авариялық жарықтандыру көзделеді.
81. Күрделі және ағымдағы жөндеулер, инженерлік жабдықтарды ауыстыру, суды ағызу және ваннаға жаңа су толтыру олардың санитариялық-техникалық күйіне, зертханалық бақылау нәтижелеріне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің ұйғарымдарына (қаулыларына) байланысты жүргізіледі.
82. Реагенттер, сумен жанасатын материалдар сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі құжаттары болғанда қолданылады.
83. Ванна суды ауыстырып құятын науалардың ернеуіне дейін толтырылады, ол толық толтырылмаған жағдайда қолдануға жол берілмейді.
84. Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.
85. Бассейнді пайдалану үзілісі ұзақ болған кезде (6 және одан да астам сағат) бассейн ванналарының суындағы дезинфекциялау құралдары бос хлордың қалдық шоғырлануынан текше дециметрге 1,5 миллиграммен (бұдан әрі – мг/дм3)) қамтамасыз етіледі.
86. Бассейн суы сапасының көрсеткіштері осы Санитарлық қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген.
87. Әр түрлі типті бассейндердің су температурасының нормалары осы Санитарлық қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген.
88. Бассейннің үй-жайлары мен ванналарын күн сайын жинау жұмыс күнінің соңында, қажет болған жағдайда, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, лежактарды, дөңгелектерді, төсеніштерді және басқаларды дезинфекциялау жүзеге асырылады.
89. Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки, купальник), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, сүлгі, денесін жууға арналған жуғыш заттар, губка (жөке), резеңке бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі (шомылуға арналған киімсіз) қабылдайды.
Жүзумен айналысатын адамдардың гигиена қағидаларын сақтауын бақылауды бассейн әкімшілігі қамтамасыз етеді.
90. Өндірістік бақылау нормалау құжаттарына сай жүргізіледі.
91. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібінде жүргізілген талдаулардың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, әкімшілік бассейн тостақанын жууды және дезинфекциялауды қайталап жүргізеді.
7-тарау. Кір жуу орындарына, химиялық тазалауға қойылатын
Достарыңызбен бөлісу: |