Мектеп директорларына
Аудандық білім бөлімі, Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің 2015 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес «Үздік тарих пәні мұғалімі» атты байқауы ұйымдастырылатынын хабарлайды.
Тарих пәнін оқытатын мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру, оқытудың заманауи әдістерін қолданудың озық тәжірибесін жинақтау және тарату мақсатында өткізілетін байқауға жалпы білім беретін мектептердің тарих пәнінің мұғалімдері қатысады.
Байқаудың Ережесі (қосымша- 2) электрондық почтамен жіберіледі.
Жұмыстар 2015 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылданады. Осы мерзімнен кейін берілген материалдарды байқау комиссиясы қарастырмайды, қайтармайды.
Негізі: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу - әдістемелік кабинетінің
06.04.2015 ж. 01-03/282 хаты.
Бөлім басшысы Л.Ш.Утеулиева
Орын: Н.Бейбітов
Қосымша 2
Аудандық «Үздік тарих пәні мұғалімі» байқауының
ЕРЕЖЕСІ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Үздік тарих пәні мұғалімі» байқауын (одан әрі Байқау) өткізеді.
Байқау тарих пәні мұғалімдерінің кәсібилігі мен мәртебесін, олардың іс-әрекетінің тиімділігін көтермелеуге бағытталған.
Байқау облыстық тарих пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
1.4. Ереже байқаудың мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оны өткізу тәртібі мен мерзімін, байқауға қатысу шартын және оның қорытындысын шығару мен марапаттау рәсімдерін анықтайды.
БАЙҚАУ МАҚСАТТАРЫ
Облыс көлемінде тарих пәнін оқытатын мұғалімдердің үздік жұмыс тәжірибесін анықтап, қолдау;
Пән мұғалімдерінің кәсіби шығармашылығын ынталандыру;
Тарих пәні мұғалімдерінің білімді дамытуға қосқан үлесін көпшілік алдында мойындау;
Білім жүйесінде тарих пәні мұғалімдерінің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру мен мәртебені жоғарылату.
БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
үздік оқытушылық тәжірибені анықтап, тарату;
шығармашылықпен шұғылданатын мұғалімдерді анықтау;
педагог қызметкерлердің кәсібилігін қалыптастырып, дамытуда әдістемелік жұмыс жүйесінің бірегейлігін сақтау;
тарих пәні мұғалімдерінің әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда инновациялық тәсілдерін ынталандырып, қолдау.
БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ
объективтілік;
ғылымилық;
ашықтық.
БАЙҚАУ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
Байқау екі кезеңде өтеді:
аудандық (сырттай) кезеңі;
облыстық (күндізгі) кезеңі.
Байқауға ұсынылған материалдар байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес тарих пәні мұғалімінің жұмысының шынайы нәтижелерін көрсету керек. Өтініште үміткердің байқауға қатысуға ұсынылу қисыны беріледі; пәнді оқытудағы нәтижелерінің сараптамасы және оның қаланың, ауданның, облыстың білім жүйесі үшін мағынасы; тарих пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың авторлық әдістемесі және іс-әрекетінің нәтижесі; білім саласындағы ғылыми еңбек, жарияланымдар, зерттемелердің атаулары және т.б.
Байқау материалдары А-4 форматтағы папка мен электронды нұсқада, ереже талаптарына сәйкес ұсынылуы керек (параметрлері жоғары-2,5см, сол жағы-2,5см, оң жағы-1,5см, төменгі-2 см; өлшемі 14, Times New Roman, интервал-1,0; абзац-0,9).
Байқау материалдарына ой-пікірлер жазылып, қайтарылмайды.
Байқаудың аудандық кезеңіне қатысуға өтініштер мен материалдар 2015 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылданады. Осы мерзімнен кейін берілген материалдарды байқау комиссиясы қарастырмайды, қайтармайды.
Байқауға қатысуға негіз ретінде үміткер белгіленген мерзімге келесі материалдарды беру керек:
Байқауға қатысуға өтініш (Қосымша 4), жеке куәлікке cәйкес деректер;
Талапқа сәйкес рәсімделген мұғалімнің портфолиосы.
Байқау қатысушыларының құрамы өтініш негізінде белгіленеді.
Байқаудың барлық тапсырмаларында қазылар алқасы қатысушының педагогикалық шеберлігін, кәсібилігін, креативтілігін және т.б. бағалайды. Байқау қатысушыларының жасаған жұмысының сапасы 5-балдық жүйемен бағаланады.
І кезең (сырттай) – Мұғалім портфолиосы
Мұғалім портфолиосының құрылымы:
1 блок – қатысушы жөнінде жалпы мағлұматтар
толық аты-жөні;
туған күні;
білімі;
жұмыс орны: ұйым, ауыл, аудан, қала атауы.
ғылыми атағы, ғылыми деңгейі (дәлелдейтін құжаттар көшірмелері);
жалпы еңбек өтілі, педагогикалық өтілі;
соңғы 3-5 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өтуін дәлелдейтін сертификаттардың (куәліктердің) үлгілері;
көлемі 3*4 фотография;
мекен-жайы, байланыс телефоны, электронды мекен-жайы (@mail.ru)
2 блок – әдістемелік қор
Тарих (Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы) пәні бойынша әдістемелік жұмыстар (ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шеберлік мектебі т.б.);
авторлық бағдарламалар;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
инновациялық әдістерді қолдану барысындағы сабақ жоспарларының үлгілері;
ғылыми, әдістемелік кеңесте қарастырылып, аудиторияға арналған баспа тізімдері (оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқау, жинақтар, нұсқаулықтар және т.б.);
халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу (соңғы үш жылда);
аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде мұғалім жұмысының тәжірибесін жинақтау;
Мұғалімнің жеке жетістіктерін бағалау критерийлері:
автордың өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жетелеуге бағытталуы;
іріктелген материалдардың мазмұндылығы мен маңыздылығы;
берілген материалдардың бүтіндігі, тақырыптық аяқталуы;
материалдардың құрылымын құра білуі, барлық жазбаша түсініктемелердің логикалығы мен қарапайымдылығы, берілген материалдардың жүйелілігі.
З блок – дистанционды режимде тест тапсырмаларын орындау
Мұғалімдердің электронды мекен-жайына тест тапсырмалары жіберіледі. Барлығы – 25 сұрақ. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл. Тапсырманы орындауға 1 астрономиялық сағат беріледі. Орындалған тапсырманы obl_mk@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
ІІ кезең (күндізгі) – Облыстық байқау
1-ші тур – «Мен мектептің мұғалімімін» - 7 минут. Жұмысының нәтижесін көрсетіп, өзін таныстыру (электронды қорларды қолдану).
Бағалау критерийлері:
Идеяның мазмұндылығы, қызықты болуы.
Ортақ мәдениеттілік, білімділік.
Шығармашылық шеберлік, көркемділігі.
Көрермендердің көңілін өзіне аудару іскерлігі.
Регламентті сақтай алу іскерлігі.
2-ші тур – «Шеберлік мектебі». Тарих пәнін оқыту барысында оқушылардың бойында Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің хронологиялық шеңберін, Қазақстан тарихының негізгі тарихи мәселелерінің зерттелу жайын, Қазақстан тарихы әлем тарихының құрамдас бөлігі екендігін дәлелдей білуін, дүниежүзілік жалпы құбылыстар мен жекелеген фактілердің арақатынасын салыстыра-жіктей, қажетті ақпаратты деректерден іздей білуін және функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған панорамалық сабақ фрагменттері. Шеберлік мектебінің тақырыбы мен түрін байқау қатысушылары алдын-ала өтінішінде айтады. Регламент 7-10 минут.
Бағалау критерийлері:
оқыту мен оқудағы қолданылған жаңа тәсілдердің тиімділігі;
мұғалімнің шығармашылық әлеуеті;
мұғалімнің шығармашылық шеберлігі;
сабақтың мақсатына жетуі;
нәтижелілігі.
БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ
Байқаудың жалпы басшылығын ұйымдастыру комитеті жүргізеді, оның құрамына облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшілері мен әдіскерлері кіреді. Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге сәйкес жұмыс істейді. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинеті басшысының бұйрығымен ұйымдастыру комитетінің тізімдік құрамы, байқаудың қазылар алқасы тағайындалады. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы шешімдері хаттамамен рәсімделеді.
Ұйымдастыру комитеті:
байқау бағдарламасын жасайды;
байқау тексерістерін бағалау критерийлерін жасайды;
өтініштер және байқау материалын жинауды іске асырады;
байқаудың сырттай және күндізгі кезеңдерінің қатысушылар тізімін бекітеді;
байқаудың қазылар алқасының құрамын белгілейді;
байқауды дайындап, өткізу барысында қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;
байқау тексерісін қатысушылардың бағалау нәтижесін жалпылайды;
байқаудың ақпараттық сүйемелдеуін жүргізеді;
байқау жеңіскерлерін марапаттау салтанатын ұйымдастырады.
САРАПТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Байқаудың сараптау ұйымы сараптау комиссиясы және қазылар алқасы болып келеді.
Сараптау комиссиясы Байқаудың бірінші (сырттай) кезеңінің материалдарының бағалауын ұйымдастыру комитеті бекіткен критерийлерге сәйкес жүргізеді; сарапшы бағалауын негіздеп, бағалау парақтарын материалдардың сараптама қорытындылары бойынша толтырады және қатысушылар рейтингісін құрастырады.
Сараптама тобының құрамына ЖОО-ң ғалымдары мен практик-мұғалімдер кіреді.
Қазылар алқасы байқаудың екінші кезеңінде қатысушылардың кәсіби машықтарын бағалауды жүргізеді, күндізгі кезең байқау тексерісінің соңында жеңіскерлерді аңықтайды (баллдардың тең болуы жағдайында ашық дауыс беру жүргізіліп, көп дауыс алған кісі жеңеді, дауыс тең болса, қазылар алқасының төрағасының дауысы шешуші болады).
Облыстық байқаудың ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары тағайындалады.
Байқау ұйымдастыру комитетінің мүшесі қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады. Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті басшысының бұйрығымен қазылар алқасының жеке құрамы бекітіледі.
МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Облыстық «Үздік тарих пәні мұғалімі» байқауының қатысушылары І, ІІ, ІІІ деңгейіндегі дипломдар және алғыс хаттармен марапатталады.
Байқау Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындарын және «Мұғалім – лидер», «Мұғалім – новатор», «Креативті мұғалім», «Мұғалім – шебер», «Ең жас мұғалім» номинацияларын белгілейді.
Облыстық «Үздік тарих пәні мұғалімі» байқауына қатысуға
Өтініш
Байқау қатысушының толық аты-жөні: Утегенова Ақмарал Базарбайқызы
Байқау қатысушының жұмыс орны : Ақтоған орта мектебі
Туған күні: 04.09.1982ж.
Қызметі (мамандығының толық шифры), осы қызметте қашаннан жұмыс істейді: Тарих, құқық пәндерінің мұғалімі 10 жыл
Педагогикалық өтіл: 10 жыл
Тарих пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс өтілі : 10 жыл
Базалық білім (қай жылы қай білім мекемесін бітірді): Жоғары, ТарМУ 2004 жыл.
Атағы, ғылыми деңгейі, марапаттары: ---
Басылымдар (басылым аты, қайда басылды)---
Кәсіби қалыптасудың негізгі кезеңдері: 2002 жылы
Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы Көгершін ауылы Көгершін көшесі № 82
Жұмыс телефоны _26-4-90______________ үй тел. ___________ ұялы_8 777 465 93 38
Электрондыпошта: akmaral1982@mail.ru
Күні _27.05.2014 жыл Өтініш берушінің қолы________
Келісілді_27.05.2014 жыл
Аудандық білім бөлімінің басшысы __________________ Л.Ш.Утеулиева
Күні_27.05.2014 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |