Штатты ұстау шығындары есептелген сомаға сәйкес пайдаланушы қызметкерлердiң жалақыларының қосындыларынан тұрады. Бұл жағдайда, жөндеу бөлімшелерi қызметкерлерiнiң жалақысы штатты ұстау шығындарына кiрмейдi.
Электроэнергияның бағасы сорап бекеттері, су алатын және кәріздi ұңғымалар арқылы ауылшаруашылығы тұтынушыларына арналған күшi бар прейскурантқа байланысты анықталады. Өндiрiстiк үйлердi және ғимараттарды энергиямен қамтамасыз етуге арналған электроэнергияның бағасы жалпы жүйелік шығындарда қарастырылады.
Жеңiл-желпi және күрделі жөндеулер шығындары жөндеудiң осы түріне керектi мөлшердегi шығынға негiзгi қаржының теңдiк бағасынан пайыз арқылы немесе аймақтағы пайдалану ұйымдарының және шаруашылықтардың тәжіребелерi арқылы анықталады.
Негiзгi қаржыны қалпына келтiретiн аммортизациялық жарнаны аммортизациялық жарнаның мөлшеріне байланысты қабылдайды. Бұл жағдайда, шаруашылық аралық жүйелердегi негiзгi қаржыны қалпына келтiретiн аммортизациялық жарнаны тек қана пайдалану ұйымдарын қаржылау бюджеттен шаруашылық есепке ауыстырған жағдайда ескерiледi.
Басқа жалпы жүйелік шығындарға: iс-сапар, пошто-телеграфты, канцелярлық, жылу және өндірістік үйлер мен ғимараттарды энергиямен қамтамасыз ету, тасымалдау құралдарын ұстау және жөндеу, жанар-жағар материалдардың бағасы, газеттер мен журналдарға жазылуға арналған шығындар, арнайы киiмдердi жне зертханалық материалдарды алуға жне басқалар кiредi. Бұл шығындар жалпы пайдалану шығындарының азғантай бөлігін құрайды. Мысалы, магистрал каналдарды пайдалануды өз бетiмен (дербес) ұйымдастыру үшін, оларды пайдалану шығындарының қосындысының 1% қабылдау ұсынылады.
Өсiмдiк шаруашылығының өндiрген өнiмiнiң шығынын есептегенде жыл сайынғы суаруды жүргізуге және оларды дайындауға арналған шығындар да анықталады, бүған сушылардың және жаңбырлатқыш (суаратын) машиналардың машинисттерiнiң жалақысы, уақытша қарықтар тiзбегiн тiлу және тегiстеу бағалары, суармалы тiзбектi (жүйектердi, жолақтарды, атыздарды) тiлуге, жердi түзетуге жне эксплуатациялық тегiстеуге, аммортизациялық жарна және суару техникаларын жөндеуге керектi шығындар, жаңбырлатқыш (суаратын) машиналарға арналған жанар-жағар материалдарының бағалары кiредi. Бұл шығындар бөлек жолмен көрсетiледi және шаруашылықтың iшiндегi жүйелердiң бөліктерін пайдалану шығындарының қосындысына кiрмейдi.
8.9 Iске қосу кешенiн пайдалану. Күрделі ғимараттарды пайдалану
Жобаларда жiберетiн кешендер бөлінген кезде гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану сүрақтары пайдалану кезеңiне байланысты, жiберетiн кешендердi қосуға сәйкес, жасалынады.
Жiберетiн кешендер құрамында жiберушi кешендердi қалыпты пайдалануды қамтамасыз ететiн техникалық құралдарды пайдалану және басқару қарастырылады.
Пайдаланудың әр кезеңiне ұйымдар мен олардың бөлімшелерi үшін пайдалану қызметiнiң құрылымы және олардың саны келтiрiледi, пайдалану ұйымдарының машиналар мен механизмдермен, тасымалдармен, жабдықтармен, апат жағдайында керектi артық материалдармен жабдықталуы анықталады, кәсіпорындардың және ғимараттардың өндірістік базаларын және сол сияқты тұрғызудың кезегiн қарастырады.
Тапсырма берушiнiң талаптарына байланысты күрделі ғимараттар үшін оларды пайдалану ережесi жасалынады, ол ереже барлық қүштар ұйымдармен келiсiледi.
9 Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда табиғатты қорғау
Қоршаған табиғи ортаны ластанудан және қорлардың сарқылуынан қорғау бiздiң уақытымыздағы күрделі мәселе болып табылады, оның iшiнде гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда да.
Қазіргі уақытта жұмыс iстеп тұрған гидромелиоративтiк жүйелер оң нәтижелерi мен қатар өзiнiң күшінде орындалмауы және сапасының төмендiгi көп жағдайда қоршаған табиғи ортаға жағымсыз серiн тигiзедi. Жағымсыз жағдайлар ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи үрдістердiң бұзылу салдарынан пайда болады, Әсiресе гидромелиоративтiк жүйелердi бiрiншi жылдары пайдаланғанда. Бұл құбылыстардың кейбiреулерi сөзсіз болатын құбылыстар, бiрақ табиғи үрдістердiң заңдылықтарын бiле отырып олардың көп шiлiгiн болдырмауға болады. Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда табиғатты қорғау судың және химиялық заттардың биологиялық және геологиялық айналымын басқаруға негiзделуi керек.
Гидромелиоративтiк жүйелерде негiзгi табиғатты қорғау нысанасыi су және жер қорлары, сонымен қатар өсiмдiк және жануарлар әлемi болады.
9.1 Су ресурстарын қорғау
Су қорларын қорғау олардың сарқылуын, ластануын және бүлінуiн болдырмауға және кешендi пайдалануға арналған iс-шаралар жүйесі болып саналады. Әрекеттерiнiң барлығы судың жағдайына әсер ететiн кәсіпорындар мен ұйымдар суды қорғайтын iс -шараларды жүргізуге мiндеттi.
Гидромелиоративтiк жүйелер әсер ететiн аймақтардағы су көздерiнiң таусылуының негiзгi себептерi суармалы жердiң ауданының дәлелсiз көбеюі, ылғал сүйгіш дақылдардың ауданының аса көтерiлуi, суармалы тiзбектегi және танаптардағы су ысырабының көбеюі, суару және суландыру мөлшерінiң аса көтерiлуi болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |