Каналдардың еңістіктері мен табанын бекiту. Оларды әр түрлі тәсілдермен: көп жылғы шөптердi егуден, жаппай шымдаудан, бетон плитасымен қаптаудан, өсiмдiк топырағынан, полиер пленкасынан, битумдар эмульсиясынан және басқа пленка пайда болатын материалдардан жасалған қорғаулы пленкалардан болатын деформацияны ескерту үшін жүргізедi.
Құрғату аймағындағы көбірек таралған тәсіл - көп жылғы шөптердi егу. Кейде оны суару аймағында да пайдаланады. Көп жылғы шөптердi МК-14 А-1 су сеялкасымен себедi, көп жылғы шөптердiң тұқымын, минералды тыңайтқыштарды, ал керек жағдайда пленка жасайтын материалдардың үнтағын сумен мүқият араластырып канал еңістіктеріне тастайды. әнтақтарды сумен себу бастырылмаған еңiстердi бекiту үшін қолданылады. әнтақталған материал ретiнде ағаш опилкаларын, ұсақ шабылған сабандарды және торфтардың қабыршақтарын пайдаланады.
Сеялка шөптердiң қоспасын тереңдiгi 5 м дейiнгi құрғататын каналдардың еңістігінiң қай көлбеулiгi болмасын себуi мүмкін. Сумен себудi ауада жауын-шашынның жоқ кезiнде және желдiң жылдамдығы 2-3 м/с көп емес жағдайда жүргізедi.
Мелиоративтiк каналдарға арам шөп өсiмдiктерiмен күрес. Механикалық, химиялық, биологиялық және термиялық тәсілдермен жүргізедi.
Механикалық тәсілде өсiмдiктер косилкалармен немесе қолдап орылады.
Сегмент пiшiндi кесушi аппараты бар косилка ККД-1,5 тереңдiгi 3 м (сонымен бiрге су толған) және бөгеттерiнiң еңістігінiң тiктiгi 450 дейiнгi каналдардың бермалары мен еңістіктеріндегi шөптердi және майда бүталы өсiмдiктердi шауып және шығарып тастауға арналған. Жұмыс органының ауқымының енi 1,5 м.
Жұмыс органы ротациялы косилка РР-26 тереңдiгi және бөгетi 1,5 м дейiнгi каналдардың еңістігін шабады. Жұмыс органының ауқымының енi 2,1 м.
Косилка РР-42 тереңдiгi 2 м дейiнгi каналдардың еңістігін шабу үшін қолданылады. Жұмыс органының ауқымының енi 2 м.
Бiрiншi шабу, өсiмдiктердi көбірек тиiмдi жою мақсатында гүлдеген кезеңiнде жүргізедi, екiншiсi - күзде. Бұл тәсіл экологиялық таза және пайдалану ұйымдарында көбірек таралған.
Өсiмдiктермен күресудiң химиялық тәсілi гербицидтермен бүрку, жергiлiктi химиялық өндiрiстердiң және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарымен өңдеумен тұжырымдалады. Гербицдтермен жұмыс iстегенде техника қауiпсiздiгi ережесiн сақтау керек, оларды дұрыс сақтау, сонымен қатар жеке қауiпсiздiктi. Гербицидтердiң таңдап және жаппай әсер ететiнi болады. Бiрiншiсi, бiр биологиялық топтағы арам шөп өсiмдiктерiне әсер етедi, екiншiсi - биологиялық топтардың барлығына.
Өсiмдiктермен биологиялық тәсілмен күресу каналдарды ағаш отырғызу арқылы көлеңкелеуден, көп жылдық жем-шөптермен каналдарды себуден, өсiмдiктер мен қоректенетiн балықтарды пайдаланудан тұрады.
Ағаш отырғызу арқылы каналдарды көлеңкелегенде жақсы көлеңке жасайтын (бәйтерек және түркiстан терегi, жылауық тал, қылқан жапырақты тал) түрлерi пайдаланылады.
Бөгеттi және каналдардың құрғақ еңістіктеріне көп жылдық жем-шөптердi себу арам шөп өсiмдiктерiне қысым көрсетедi, сонымен қатар еңiстердiң деформациясын болдырмайды және каналдарды күтіп-баптауға арналған пайдалану жұмыстарын механикаландыруды қамтамасыз етедi. Арам шөптермен бiрге малдарды қоректендiру үшін пайдаланылатын жем-шөптердi өсiредi.
Өсiмдiктермен қоректенетiн балықтар (ақ амур, кәдімгi және шұбар дөңмаңдайлар) Орта Азияның суармалы жүйелерiнде арам шөп өсiмдiктерiмен күресуде қолданылады.
Биологиялық тәсіл экологиялық таза және жоғары экономикалық пайда бередi.
Термиялық тәсіл арам шөп өсiмдiктерiн жою оларды ашық түрде Қртеуге негiзделген. Бұл әдiс өртке қауiптi, экономикалық жеткiлiксiз және оны қолдану шектелген.
Кәріздердi тазарту. Механикалық және гидравликалық тәсілдермен жүзеге асырылады.
Гидравликалық тәсілмен тазартудың екi түрі бар: кәріз арқылы шланга тартпайтын және тартатын.
Шланга тартпай кәріздi гидравликалық тазартуда шлангалардағы шөгіндiлердi шаюға және шығарып тастауға жеткiлiктi 1-2 м/с және одан да көбірек судың жылдамдығын жасайды. Кәріздерге суды 0,05-0,1 мПа дейiн қысым толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |