Fnt.cyp = (1 * Qp * (c * (u / qор.Қлш, (10.1)
мұнда: (1 - өзен шығынын суаруға пайдалану мүмкіншiлiгi коэффициентi (Үлес); Qp - өзеннiң орташа айлық (орташа онкүндiктегi) су шығыны, л/с; (c - суармалы жүйенiң ПӘК; (u - танаптардағы суармалы суды пайдалану коэффициентi; qор.Қлш - сол кезең үшін жүйе бойынша гидромодуль графигi ординатасының орташа өлшенген мәні, л/с*га.
Есептегенде алынған ауданның кiшi мәнін өзеннiң суару қабiлетiне қабылданады.
Реттелген су көздерi үшін (су шығындарымен өзендер) өсiмдiктiң өсiп-өну кезеңi үшін суарылатын аудан, га:
Fnt.cyp = (2 * Wв * (c * (u / Мnt.ор.Қлш, (10.2)
мұнда: (2 - су тоғанының пайдалы көлемiн суаруға пайдалану мүмкіншiлiгi коэффициентi; Wв - су т оғанының пайдалы көлемi, м3; Мnt.ор.Қлш - жүйелердiң суармалы аудандарында өсiрiлетiн дақылдардың суландыру мөлшерінiң орташа өлшенген мәні, м3/га.
Ағыны реттелмеген кiшкентай суы аз өзендерде суды пайдалануды жоспарлау суармалы аудандарды сумен қамтамасыз етудi көтеруге арналған шараларды қарастырады. Ең алдымен күздегi, қыстағы және көктем дегi ылғалды көтеруге арналған суаруды жүргізу, суармалы каналдарда сүзілуге қарсы шараларды жүргізу, суармалы жердiң құрылымын өзгерту және су тапшы жағдайда тиiмдi суландыру мөлшерін анықтау есебiнен, топырақтағы суды бiр жерге жинауға арналған шараларды жүргізедi.
Суландыру тәсілi мен суару техникасын негiздеуге, суару техникасы элементтерiнiң негiзгi параметрлерiн оптимизациялауға (жүйектердiң ұзындықтары, суару шығындары, жаңбырдың қарқындылығы және т.с.с.) көбірек көңіл бөлінедi. Булану тапшылығы 500 мм көп болғанда, ережеге байланысты, жердiң бетiмен суландыру тәсілi, ал кiшi мәнінде - жаңбырлатып суландыру тәсілi қолданылады. Күрделі табиғи жағдайларда, су қорларының тапшылығы кезiнде прогрессшiл суландыру тәсілi қолданылады (тамшылатып, топырақтың iшiмен, аэрозольдi). Таңдалған суару техникасына техникалық сипаттама берiледi. Суаруды ұйымдастыруға және технологиясына ерекше көңіл бөлінедi (учаскелердi суару кезегi, суару ұзақтығы, суару мөлшері және басқалар).
Суландыру тәсілдерi және суару техникасына берiлген мөлшермен суаруды және берiлген мерзiмде, қорларды (судың, жердiң, энергияның) тиiмдi пайдалануды топырақ эрозиясын болдырмауды, суару кезiнде жоғарғы еңбек өнiмдiлiгiн қамтамасыз ету керек.
Суаратын және жаңбырлататын машиналардың жұмыс iстеу режимiн мiндеттi түрде барлық сипатты жылдармен кезеңдерде (вегетациялық, вегетациялық емес) тiзбектiң және сорап бекетінің жұмыс iстеу режимiмен үйлестiредi.
10.4 Суармалы жүйелердi басқарудағы жүйелі талдау
Соңғы он бес - жиырма жылдардағы ғылыми-техникалық прогресс өндiрiстi басқару сүрақтарына жаңаша келуге мүмкіндiк бердi, оның iшiнде суармалы жүйелер де бар. Жүйелердi басқаруды қайта құруға маңызды ықпал жасаған кибернетиканың дамуы - күрделі жүйелердi басқаруға арналған ғылым. Қолданбалы кибернетиканың бүтақтары пайда болды - жүйелі талдау, яғни, жүйелер ретiнде және осы жүйелердi талдау арқылы ұсынылған нысаналардың қайсысы болмасын оларды зерттеу методологиясы. Бұндай тәсіл тiлеген мақсатқа жетуге әкелетiн альтернативтiк әрекеттердi жүйелі түрде зерттеудi және өзара салыстыруды жұмсалатын қордың бағасы негiзiнде альтернативтi салыстыру және әрбiр альтернативтен алынатын нәтижелердi, белгiсiздiктi есептеудi және толық талдауды болжайды. Сонымен, жүйелі талдау әдiсiн қолдану негiзiне «жүйе» түсiнiгi жатады. Жүйелі талдау түсiнiгi жатады. Жүйелі талдау ғылыми концепциясында үлкен жүйенiң көп шiлiк таныған қажеттi бiр қатар қасиеттерi бар екенiн атап қою керек.
Жүргізiлген талдаулар, жүйелі талдау әдiсi гидромелиоративтiк жүйелердi басқаруда пайдалану үшін алдын ала керектi объективтi жағдайлардың қалыптасатынын көрсетедi, өйткенi оларға үлкен жүйелердiң өзiне тән ерекше белгiсi өзiне тән.
Достарыңызбен бөлісу: |