«Ғимараттар мен имараттарды ұстау» кәсіптік стандарты



жүктеу 70,92 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.12.2017
өлшемі70,92 Kb.
#3057


 

ЖОБА 



 

 

 



«Ғимараттар мен имараттарды ұстау» кәсіптік стандарты 

 

 

1.  Жалпы ережелер 

 

1.  «Ғимараттар  мен  имараттарды  ұстау»  кәсіптік  стандарты  білім  беру 



бағдарламаларын  әзірлеуге,  оның  ішінде  кәсіпорындарда  персоналды 

оқытуға,  қызметкерлер  мен  білім  беру  мекемелерінің  түлектерін 

сертификаттауға, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды мәселелерді 

шешуге арналған.  

2.  Осы  кәсіптік  стандартта    келесі  терминдер  мен  анықтамалар 

қолданылады: 

біліктілік  –  қызметкердің  нақты  еңбек  міндеттерін  сапалы  орындауға 

дайын болу деңгейі; 

біліктілік  деңгейі  –  күрделілігі,  еңбек  қызметінің  стандарттан  басқа 

болуы,  жауапкершілігі  және  дербестігі  бойынша  сараланатын  қызметкерлер 

дайындығы мен құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы; 

ұлттық  біліктілік  шеңбері  (ҰБШ)  –  еңбек  нарығында  құпталатын 

біліктілік  деңгейлерінің  құрылымдалған сипаттамасы; 

ұлттық  біліктілік  жүйесі  (ҰБЖ)  –  еңбек  нарығы  тарапынан  мамандар 

біліктілігіне 

деген 


сұраныс 

пен 


ұсыныстарды 

құқықтық 

және 

институционалды реттеу  тетіктерінің жиынтығы; 



салалық  біліктілік  шеңбері  (СБШ)  –  салада  құпталатын  біліктілік 

деңгейлерінің  құрылымдалған сипаттамасы; 

сала - бір типті  өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің 

негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар 

мен ұйымдардың жиынтығы; 

кәсіби  топ  –  ортақ  интеграциялық  негізі  бар  (ұқсас  немесе  жақын 

мақсаттар,  объектілер,  технологиялар,  сондай-ақ  еңбек  құралдары)  және 

оларды  орындау  үшін  еңбек  міндеттері  мен  құзыреттілігінің  ұқсас жинағын 

болжайтын шағын топтар жиынтығы; 

кәсіби  шағын  топтар  –  еңбек  міндеттерінің  тұтас  жинағымен  және 

оларды  орындауға  қажетті  құзыреттіліктермен  қалыптасқан,  мамандықтар 

жиынтығы; 

кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес 

және  маңызды  болып  табылатын  нақты  еңбек  функциясының  ашық 

сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі; 

кәсіп  –  білімі  туралы  тиісті  құжатпен  расталатын  және  арнайы 

дайындықтың    нәтижесінде  пайда  болған  арнайы  білім,  білік  мен 



 

практикалық  дағдылар  кешенін  білуді  талап  ететін  адам  еңбегі  қызметінің 



негізгі түрі; 

еңбек  функциясы  –  еңбек  үдерісінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін 

шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 

БА  -  басшылардың,  мамандардың  және  басқа  да  қызметшілер 

лауазымдарының біліктілік  анықтамалығы. 

БТБА  –  Жұмыс  және  жұмысшылар  кәсіптерінің  Бірыңғай  тарифтік-

біліктілік  анықтамасы. 

 

2. Кәсіптік стандарт паспорты 



 

3. Кәсіптік стандарттың атауы: Ғимараттар мен имараттарды ұстау. 

4. Кәсіптік  стандартты  әзірлеу  мақсаты:  Осы  кәсіби  шағын  топтың 

кәсіптер  тізбесін  жасау  және  анықталған  кәсіптер  үшін кәсіп карточкаларын 

әзірлеу. 

5. Кәсіптік  стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:  Ғимараттар  мен 

имараттарды    ұстау  түрлі  профильдегі  жөндеу  жұмыстарын  ұйымдастыру 

мен  жүргізуді,  ғимараттар  мен  имараттардың  бұзылған  және  бүлінген 

жерлерін  анықтау  мен  жоюды,  ғимаратты  және  оған  шектес  аумақты  тиісті 

санитарлық жағдайда ұстауды қамтиды. 

6. Негізгі  топ:  Ғимараттар  мен  аумақтарға  қызмет көрсету саласындағы 

қызмет (жұмыста). 

Кәсіби топ: Объектілерге кешенді қызмет көрсету(жұмыста). 

 

 



3. Кәсіп карточкалары 

 

7. Кәсіптер тізбесі: 

ғимаратқа  қызмет  көрсету  мен  ағымды  жөндеу  жөніндегі  жұмысшы, 

СБШ бойынша 3 біліктілік  деңгей; 

ғимараттар  мен  имараттарды  пайдалану  және  жөндеуді  ұйымдастыру 

жөніндегі инженер, СБШ бойынша 6 біліктілік  деңгей.. 

Кәсіп карточкасы осы Кәсіптік стандарттың қосымшасында келтірілген.

 

 



 


 

 «Ғимараттар мен имараттарды ұстау» 



 кәсіптік  стандартына  қосымша 

 

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ:  «Ғимаратқа  қызмет көрсету мен ағымды жөндеу жөніндегі жұмысшы» 

Кәсіп коды 

9312 


Кәсіп атауы 

Ғимаратқа қызмет көрсету  мен ағымды жөндеу жөніндегі  жұмысшы 

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі 


БТБА  бойынша біліктілік 

деңгейі 

2-4 


 

Кәсіби білім  деңгейі 

 

 

СБШ-ның 3-деңгейі 



Жалпы орта білім   немесе жалпы орта білім  негізінде  техникалық  және кәсіптік  білімі  болғанда  кәсіби 

дайындық (білім  беру  мекемесі  негізінде  кәсіби  дайындық бағдарламасы бойынша бір  жылға дейінгі 

курстар  немесе кәсіпорындағы  оқыту  курстары)   

Еңбек функциялары 

 

1)  Ғимаратты және оған шектес  аумақты  тиісті  санитарлық жағдайда ұстау. 



2)  Түрлі  профильдегі  жөндеу жұмыстарын жүргізу. 

Еңбек функциясы  1 

 

Ғимаратты және оған шектес 



аумақты  тиісті  санитарлық 

жағдайда ұстау. 



СБШ бойынша  біліктілік  деңгейі: 3 

(біліктілік   разряды:  2-4) 

Біліктері мен дағдылары: 

1.  Жинау және ғимаратты және оған шектес  аумақты  тиісті  санитарлық жағдайда ұстау. 

2.  Қызмет көрсетілетін  ғимараттарды, имарттарды, жабдықтар мен механизмдерді  маусымдық 

дайындау. 

3.  Аула  аумағын, жаяужолдарды,  шатырларды, төбелерді,  суағарларды  және т.т. қардан және мұздан 

тазарту. 

4.  Тапсырыс бойынша кемшіліктерді  жою. 

Білімі: 

1.  Жергілікті  органдардың санитария, аббаттандыру,  ғимараттардың сыртын ұстау мәселелері  жөніндегі 

қаулыларын, көшелерді,  үй-жайларды, қоқыс құбырларын және т.б. ұстау жөніндегі  санитария және 

гигиена ережелерін. 

2.  Қызмет көрсетілетін  жабдықтардың құрылымын және пайдалану ережелерін. 

3.  Жинау жұмыстарын орындағанда қауіпсіздік  ережелерін. 

Еңбек функциясы  2 

Біліктері мен дағдылары: 



 

 



Түрлі  профильдегі  жөндеу 

жұмыстарын жүргізу. 

1.  Төсеніштерді,  аспаларды, асылмалы және басқа сақтандыру және көтергіш  құрылғыларды 

пайдаланып, жөндеу-құрылыс (сылақ, сырлау, түсқағаз,  бетон, балта, ағаш  және т.б.)  жұмыстарының 

барлық түрлерін орындаумен ағымды жөндеу.  

2.  Жөндеу-құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін  орындаумен қызмет көрсетілетін  ғимараттардың, 

имараттардың биік  бөліктерін   ағымды жөндеу. 

3.  Ғимараттар мен имараттардың барлық типтегі  биік  бөліктерінің  (мұнара, төбе, ернеу) техникалық 

жағдайын  ауық-ауық  тексеру  және қызмет  көрсету. 

Білімі: 

1.  Жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындағанда қауіпсіздік  техникасының ережелерін. 

2.  Жөндеу-құрылыс жұмыстарының негіздерін  және оларды орындау тәсілдерін. 

3.  Материалдар түрлерін. 

Жеке құзыретіне  қойылатын 

талаптар 

Командада жұмыс істей білу 

Тыңғылықтылық 

СБШ шеңберінде  басқа 

кәсіптермен  байланысы  

2142 

Ғимараттар мен имараттарды пайдалану және жөндеуді  ұйымдастыру жөніндегі 



инженер  

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ:  «Ғимараттар  мен имараттарды пайдалану және жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі инженер» 

Кәсіп коды 

2142 

Кәсіп атауы 



Ғимараттар мен имараттарды пайдалану және жөндеуді  ұйымдастыру жөніндегі  инженер 

СБШ бойынша біліктілік 

деңгейі 

БТБА  бойынша біліктілік 



деңгейі 

санатсыз, II санаттағы – I санаттағы 

 

Кәсіби білім  деңгейі 



СБШ-ның 6-деңгейі 

Жоғары білім  (бакалавриат). 

Еңбек функциялары 

 

1)  Ғимараттар мен имараттарға жөндеу жүргізуді  және пайдалануды қамтамасыз ету. 



2)  Ғимараттар мен имараттардың бұзылған және бүлінген жерлерін  анықтауды және жоюды 

ұйымдастыру. 

3)  Ғимараттар мен имараттарды жөндеудің  және қайта жаңартудың экономикалық тиімділігін  бағалау. 

4)  Жөндеу және қызмет көрсету  жұмыстарын орындағанда талаптардың сақталуын бақылау. 

5)  Есепке алу  және жобалау-сметалық  құжаттаманы жаауды ұйымдастыру. 

6)  Ғимараттың пайдалануға дайындығын қамтамасыз  ету. 

7)  Жөндеу жүргізуді  ұйымдастыруға жетекшілік  ету 

8)  Жаңартудың экономикалық тиімділігін  бағалау. 




 

Еңбек функциясы  1 



 

Ғимараттар мен имараттарға 

жөндеу жүргізуді  және 

пайдалануды қамтамасыз  ету. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



СБШ бойынша  біліктілік  деңгейі: 6 

 (Біліктілік  санаттары: санатсыз – II санаттағы I санаттағы) 

Біліктері мен дағдылары: 

1.  Құрылыс (күрделі  жөндеу)  аяқталған  сәттен бастап кезекті  күрделі  жөндеуге (қайта жаңартуға) 

қойғанға дейін  ғимаратты  тиімді  пайдалануды  қамтамасыз  ететін кезеңділікпен  ағымдағы жөндеуді 

өткізу. 


2.  Ғимарат элементтерінің  бүлінуіне  байланысты (шатыр,  инженерлік жүйелер және т.б.) тұрғын және 

қосалқы  бөлмелерді,  пәтерлерді жөндеу жұмыстарын жүргізу. 

3. Тұрғын ғимараттарды, олардың элементтері мен жүйелерін, сондай-ақ коммуналдық  мақсаттағы 

объектілерді  маусымдық  пайдалануға дайындық жүргізуді  қамтамасыз  ету. 



Білімі: 

 

1.  Тұрғын үй қорын техникалық  пайдалану ережелері  мен нормаларын. 



2.  Ғимараттар мен объектілер  элементтері мен үй-жайларына байқау жүргізудің   кезеңділігін. 

3.  Ғимараттар мен объектілерді  ағымды жөндеу бойынша жұмыс түрлерін. 

Еңбек функциясы  2 

 

Ғимараттар мен имараттардың 



бұзылған және бүлінген 

жерлерін анықтауды және 

жоюды ұйымдастыру. 

Біліктері мен дағдылары: 

1.  Зілзаладан,  селден, нөсерден, қуалама  желден, қатты қар жауғаннан, тасқыннан және басқа апатты 

құбылыстардан кейін  ғимараттар мен объектілердің  жекеленген элементтерінің  бүлінуі  мүмкін  болатын 

кезде, жылу-су-энергиямен жабдықтау   жүйелеріндегі  авариядан кейін және негіздер 

деформацияланғанда   жоспардан тыс байқау  жүргізу. 

2.  Тұрғын ғимаратты дұрыс пайдалануға кедергі  жасайтын ақауларды  анықтау, оларды құрылыс 

нормаларымен белгіленген  мерзімде  жоюды ұйымдастыру. 

3.  Тұрғын ғимарат элементтерінің  ақауларын жою туралы тұрғындар мен жалға алушылардың 

тапсырыстарын қабылдауды  және тіркеуді  ұйымдастыру, тұрғын үй қорына қызмет көрсету  және 

жөндеу бойынша талап етілетін  жұмыстар тізбесін  жасау, жөндеу жұмыстарына есеп жүргізу. 



Білімі: 

1.  Ғимараттар мен объектілерге  техникалық қызмет көрсету,  жөндеу және қайта жаңарту ережелері  мен 

нормаларын. 

2.  Техникалық  диагностика құралдарын. 

3.  Ғимараттар мен коммуналдық  мақсаттағы  объектілер  элементтерінің  ақауларын жою мерзімдерін. 

4.  Жөндеу-құрылыс жұмыстарын, еңбекті,  материалдық-техникалық жабдықтауды,  есепке алу мен есеп 

беруді  ұйымдастыру формалары  мен әдістерін. 

Еңбек функциясы  3 



Біліктері мен дағдылары: 


 

 



Ғимараттар мен имараттарды 

жөндеудің  және қайта 

жаңартудың экономикалық 

тиімділігін  бағалау. 

 

 

 



 

 

1.  Тұрғын ғимараттарға техникалық  қызмет көрсету,  оларды жөндеу және қайта  жаңарту үшін 



материалды-техникалық ресурстар қажеттілігін  анықтау. 

2.  Сметалық немесе келісім  баға негізінде  ғимараттарды күрделі  жөндеу және қайта жаңарту құныны 

анықтау. 

3.  Алынған экономикалық және әлеуметтік  нәтижелерді салыстыру арқылы тұрғын ғимараттарды 

күрделі  жөндеу және қайта жаңарту  тиімділігін,  соған қол жеткізу  үшін  қажетті  шығындарды ескере 

отырып бағалау. 

4.  Күрделі жөндеу және қайта жаңартудың техника-экономикалық  негіздемесі. 

 

 



Білімі: 

1.  Қажетті материалдық-техникалық  ресурстардың және жөндеудің  құнын анықтау  тәсілдерін. 

2.  Тұрғын ғимараттарға, коммуналдық  мақсаттағы  объектілерге  техникалық  қызмет көрсету,  оларды 

жөндеу және қайта жаңарту жүйесін. 

3.  Экономика негіздерін  және тұрғын ғимараттарды күрделі  жөндеу және қайта жаңарту 

шығындарының экономикалық тиімділігін  анықтау тәсілдерін. 

Еңбек функциясы  4 

 

Жөндеу және қызмет көрсету 



жұмыстарын орындағанда 

талаптардың сақталуын 

бақылау. 

Біліктері мен дағдылары: 

1.  Үй-жайларға және жабысып тұратын аумақтарға  санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын 

қамтамасыз  ету. 

2.  Мердігер  ұйымның күрделі жөндеу және қайта құру жобасын, жұмыстар өндіру  жобасын әзірлеуіне 

қадағалауды  жүзеге асыру. 

3.  Мердігер  ұйымның күрделі жөндеу жұмыстарын  орындау сапасына және мерзімдеріне  қадағалауды 

жүзеге асыру. 

Білімі: 

1.  Еңбекті  қорғау  және қауіпсіздік  техникасы, өндірістік  санитариясы мен өртке қарсы қауіпсіздік 

ережелері  мен нормаларын. 

2.  Тұрғын ғимараттарды пайдалану және жөндеу  мәселелері  бойынша заңнамалық және нормативтік 

құқықтық  актілерді,  өкімдік  және нормативтік материалдарды. 

3. Орындалатын жөндеу жұмыстарының сапасына және мерзімдеріне  қойылатын талаптарды. 

Еңбек функциясы  5 

Біліктері мен дағдылары: 



 

 



Есепке алу  және жобалау-

сметалық құжаттаманы 

жаауды ұйымдастыру. 

1.  Тұрғын ғимараттардың техникалық жағдайын есепке алу құжаттарында байқау қорытындыларын 

көрсету  (техникалық  жағдайды есепке алу журналында, арнайы карточкаларда  және т.б.), сондай-ақ 

техниалық паспортқа жыл сайын тұрғын ғимаратың техникалық жағдайы туралы мәліметті  енгізу. 

2. Қайта жайғастыру,  үй-жайларды функционалдық  қайта мақсаттау,  конструкцияларды,  инженерлік 

жүйелер мен құрылғыларды ауыстыру  немесе оларды қайта құру,  аумақты  аббаттандыру және басқа 

ұқсас жұмыстар жөніндегі   барлық жобалық шешімдер  үшін  жобалау-сметалық құжаттаманы жасауды 

ұйымдастыру. 



Білімі: 

1. Ғимараттың техникалық  жағдайын есепке алу және ресімдеу  тәртібін. 

2. Тұрғын ғимараттың паспортын жүргізу  тәртібін. 

3. Іс жүргізу  стандарттарын (құжаттар  жіктемесін,  ресімдеу,  тіркеу,  өту, сақтау  және т.б. тәртібін). 

Еңбек функциясы  6 

 

Ғимараттың пайдалануға 



дайындығын қамтамасыз ету. 

 

Біліктері мен дағдылары: 

1.  Тұрғын үйлердің күзгі-қысқы  кезеңдерде  пайдалануға дайындығын тексеру  және коммуналдық 

мақсаттағы  ғимараттар мен объектілер  бойынша жөндеу жұмыстарының көлемін  нақталау. 

2.  Тұрғын ғимараттардың аяқталған ағымды жөндеуін  қабылдау. 

Білімі: 

1.  Көктемгі-жазғы  және күзгі-қысқы  кезеңдерде  ғимараттарды пайдалануға дайындау кезінде   

атқарылатын жұмыстардың  тізбесін. 

2.  Коммуналдық мақсаттағы  ғимараттар мен объектілердің  элементтерін тиімді  пайдаланудың 

минималды ұзақтығын. 

3.  Күрделі  жөндеу аяқталғаннан кейін  және ағымдағы  жөндеуден кейін  тұрғын үйлерді пайдалануға 

қабылдау  тәртібін. 

Еңбек функциясы  7 

 

Жөндеу жүргізуді 



ұйымдастыруға жетекшілік 

ету. 


Біліктері мен дағдылары: 

1.  Ғимараттар мен имараттардың ағымды және күрделі  жөндеуін  жүргізуді  ұйымдастыруға жетекшілік 

ету. 

Білімі: 

1.  Экономика, өндіріс,  еңбек және басқару  негіздерін. 

2.  Еңбек заңнамасы негіздерін. 

3.  Ағымды жөндеу жүргізу  тәсілдерін. 




 

Еңбек функциясы  8 



 

Жаңартудың экономикалық 

тиімділігін  бағалау. 

Біліктері мен дағдылары: 

1. Тұрғын ғимараттар жаңғыртудың экономикалық тиімділігін  бағалау:  жайғастыруды жақсартуды, 

қызмет аны мен сапасын көбейтуді,  жетіспей тұрған инженерлік жабдықтар түрлерімен 

жарақтандыруды,  қоршаған  аумақты  аббаттандыруды. 



Білімі: 

1.  Жоспарлау, стратегиялық  және жедел жоспарлау негіздерін. 

2.  Экономика, еңбекті  және басқаруды  ұйымдастыру. 

Жеке құзыретіне  қойылатын 

талаптар 

Командада жұмыс істей білу 

Мақсатқа  тиімді  жете білу.   

Тіл  тапқыштық 

СБШ шеңберінде  басқа 

кәсіптермен  байланысы  

 

 

Кәсіптік стандарттың техникалық мәліметтері 



Әзірленген 

«MG-Build»  ЖШС 

Нұсқа  нөмірі  және 

шығарылған  жылы 

Нұсқа  1, 2014 жыл 

Болжалды қайта қарау  датасы 



2017 жыл 

 

жүктеу 70,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау