Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе



жүктеу 409,82 Kb.
бет57/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
МЖСТТ

Суармалы тiзбектегi су ысырабын азайту - су ресурстарын қорғаудағы маңызды тәсіл. Суармалы каналдардағы судың ысырабы негiзгi үш элементтен құралады: сүзілу (каналдарға берiлетiн шығынның 40-60 %-ға дейiн), пайдалану (технологиялық) ысырабы (2-5%) және судың бетiнен булану (2-3%). Ысыраптарды азайту үшін инженерлiк және пайдалану шаралары қолданылады.
Инженерлiк шаралар: сүзілуге қарсы каналдарды қаптауды ұйымдастыру (каналдарды жабу), каналдардың арналарындағы топырақтың су сүзілгiштiгiн азайту (нығыздау, кальмотациялау және басқалар), каналдарды құбырлармен және науалармен ауыстыру.
Пайдалану шаралары: су айналымын және топтап суаруды қолдану арқылы каналдың жұмыс iстеушi ұзындығын қысқарту, уақытқа байланысты суды бiрқалыпты беру, каналдарды тасындылар мен өсiмдiктерден тазарту, ғимараттарды және олардағы қақпақтарды дұрыс жағдайда ұстау, шұқырлар және көртышқан тескен тесiктерi арқылы ауғуды жою, қысқа қарсы уақытылы жүйелердi жабу. Бұл шаралар суармалы тiзбектiң ПӘК 0,5-0,6-дан 0,8-0,85 дейiн көтеруге мүмкіндiк бередi және нәтижесiнде су көздерiнен су алуды азайтады.
Жүйелердегi каналдардан қашыртқыға тастағанда судың ысырабын бодырмау су жинайтын қоймалар (жүйенiң iшiнде және шаруашылықтың iшiнде), сонымен қатар ЭЕМ пайдалана отырып суды бөлуды оперативтi басқару жүйелерiн ендiру үшін маңызы зор. Бұндай жүйелер шаруашылықтардың мәлімдемелерiне сәйкес суды, су қабылдағышқа бос тастамай, алуды және бөліп таратуды оперативтi басқаруға мүмкіндiк бередi.
Су ресурстарын қорғауға қажеттi жағдайлар, сондай-ақ механизмдердi экономикалық пайдалануға да болады. Жүйелерге және бөлек шаруашылықтарға алынатын суға қатаң шек қосылуы керек. Суды орнатылған шектен асыра алған кезде жоғары салық енгiзiлуi керек. Бұл жағдайда шаруашылық (фермерлер) суды үнемдеуге мәжбүр болады, суаруға жаңа су сақтайтын технологияны ендiредi.
Кешендi қайта құру және жетiлген экологиялық тұрақты жүйелердi жасау су айналымы принциптерiне сүйенiп тазарту және кәріздiң, ақаба суларды қайта пайдалану су ресурстарын қорғаудағы ең негiзгi, бiрақ қымбат түратын тәсіл.
9.2 Жер ресурстарын қорғау
Жердi қорғау - жердiң жағдайын нашарлататын, сонымен қатар оларды пайдалану ретiн бүзатын үрдістердi ескертуге және жоюға арналған iс-шаралар жүйелерi болып табылады.
Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдаланғанда бiрiншi кезекте топырақты қорғау және жақсарту шараларын белгiлейдi. Олардың негiзгiсi: топырақты сортаңдалудан және батырылудан қорғау, топырақты эрозиядан сақтау.
Суармалы жердiң сортаңдалуының негiзгi себептерi: минерализацияланған топырақ суларының жоғару жатуы немесе олардың деңгейiнiң көтерiлуi, келесiсi олардың капиллярлы көтерiлуi және топырақтың бетiнен булануы, ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға минерализациясы жоғары суларды пайдалану (құрғақ далалық және далалық аймақтарға топырақтар үшін 0,5-0,8 г/л көбірек, шөлді аймақтардағы топырақтар үшін 1,5-2 көбірек, қаратопырақты аймақтар үшін 2 г/л көбірек); топырақтың құрылымының бұзылуына әкелетiн, агротехникалық шараларды уақытылы жүргізбеу.
Суармалы жердi сортаңдалудан және батырылудан сақтау үшін кешендi пайдалану (агротехникалық, мелиоративтiк, орман мелиоративтiк) шаралардың кешенiн қолданады. Оларға: тiзбектердегi және суармалы танаптардағы ысыраптарды азайта отырып суармалы суды тиiмдi пайдалану; қысқы мезгiлге қарай жүйелерге су берудi уақытылы тоқтату; суармалы жерге күріш егудi ұтымды жоспарлау; коллекторлы-кәріздi тiзбектi жұмысқа жарамды жағдайда ұстау (тұздардан және өсiмдiктерден уақыты тазарту, бүлінген жердi қалпына келтiру); топырақтың жоғарғы қабатының құрылымын түйір, борпылдақ жағдайда сақтау; көп жылғы шөптердi пайдалану арқылы шөп танапты ауыспалы егiстi қолдану; суармалы танаптарды пайдаланғанда тегстеудi жүйелі түрде жүргізу; каналдар мен жолдардың жиектерiне орман жолақтарын отырғызу (биологиялық кәріз); күштi сортаңдалған топырақтарды шаю; терең жырту; топырақтарды гипстеу (әсiресе сорланған); тұзға төзімдi дақылдарды егу (арпа, т.с.с).
Алғашқы (табиғи) және екiншi сортаңдалумен күресу үшін тұзға төзімдi дақылдарды егудi, күштi сортаңдалған топырақтарды шаюды, терең жыртуды, топырақтарды гипстеу (әсiресе сорланған).
Суармалы жердi жақсы мелиоративтiк жағдайда сақтау үшін басқа факторлармен бiрге топырақ сулары теңдiгiнiң кiрiс және шығыс элементтерiн үйрену және талдау қажет. Теңдiк арқылы, топырақ суларының деңгейiн көтермейтiн, берiлетiн судың мүмкін көлемiн анықтайды. Топырақтың сортаңдылығының динамикасын бағалау үшін 3-5 жылда бiр рет суармалы территорияның учаскелерiнде тұзды анықтайтын съемка жүргізу керек.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау