Шаруашылықтың iшiндегi территорияны ұйымдастыруды жазғанда, оның негiзiне қандай Өндірістік бөлімдер тиiстi (бөлімше, өндірістік алқап, бригада, звено және т.с.с) көрсетiледi. ´ндiрiстiк және ауыспалы егiстiң алқаптарының, бригаданың учаскелерiнiң, танаптардың орташа аудандары, қабылданған ауыспалы егiстiң схемасы, олардың орналасуы көрсетiледi. Далалық бөлімшелердiң орталық мекенмен байланысы, ал соңғысының - ауданның және облыстың орталығымен (жолдың класстары, олардың ұзындықтары) көрсетiледi.
Шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбектiң және ғимараттардың техникалық сипаттамасында бұл элементтердiң негiзгi көрсеткіштерiн қысқаша бередi. Тiзбектердiң түрін (каналдар, науалар, құбырлар) каналдардың атауларын, қапталғандағы және оның түрі, қызмет ететiн ауданы, пайдалы әсер коэффициентi, бекiтiлген ауданы, түйіндердiң саны, ауданы, түйіндердiң саны, ғимараттар және сорап бекеттері, сорап бекеттеріндағы судың шығындары, автоматика және бейне механика құралдарының болуы, су өлшейтiн бекеттердiң саны және түрлерi, суару техникасы, техникалық жағдайы көрсетiледi.
Гидромелиоративтiк жүйелердiң су көздерiмен және су қабылдағыштармен, су тұтынушылармен (жердi пайдаланушылармен) байланысын жазғанда негiзгi алқаптардегi немесе аудандардағы суаратын көздердi (көздi), су алатын ғимараттың орналасқан жерi, алқаптардiң жерiн iрi коллекторларға бекiтiлуi, негiзгi су қабылда жерi, алқаптардiң жерiн iрi коллекторларға бекiтiлуi, негiзгi су қабылдағыш iрi-iрi (магистралды) коллекторлар, су пайдаланушыларды (жердi пайдаланушыларды немесе жер иелерiн) шаруашылық аралық каналдарға және коллекторларға бекiтулерi көрсетiледi.
Негiзгi пайдалану нысаналарын жазғанда олардың жабдықтары және теңдiк бағасы көрсетiледi. Негiзгi қаржының теңдiк бағасы (алғашқы, қалпына келтiретiн немесе инвентарлы) оларды тұрғызуға немесе алуға бөлінетiн шығындардың қосындысынан тұрады, бұның iшiнде әкелуге және қондыруға кететiн шығындарда бар. Шаруашылықтың iшiндегi нысаналардың теңдiк бағасына сонымен қатар (бөлек пунктен) күрделі жоспарлауға бөлінетiн күрделі қаржы да кiредi.
Егер де, гидрмелиоративтiк жүйе бiрнеше ауданға қызмет ететiн болса, онда теңдiк бағаны әдетте әр аудан бойынша бөлек көрсетедi.
8.2 Суармалы немесе құрғататын жердiң мелиоративтiк режимiн басқару
Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарлы суару режимiн (ылғалдану) пайдаланылатын су тұтынуды, су көздерiнiң суару қабiлетiн, суару тәсілдерi мен техникасын, тiзбектiң және ғимараттардың, сорап бекеттерінің, суару және жаңбырлатқыш машиналардың жұмыс режимiн, шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану жоспарын жасайтын ұсыныстарды және суды жүйелерге бөлудiң жоспарын (немесе мелиорацияланатын жердiң су режимiн реттеудiң жоспары) қарастырылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының пайдаланатын суару режимiн сипатты жылдар үшін белгiлi қамтамасыздықпен және суармалы танаптардың әр түрлі топырақ және гидрогеологиялық жағдайларына байланысты диффренециялды анықталады. Сипатты жылдар ретiнде әдетте 95, 75, 50, 25 және 5%-ды өсiп-өну кезеңiндегi булану тапшылығы (булану алу жауын-шашын) бойынша қамтамасызды жылдар қабылданады.
Пайдаланылатын суару режимi негiзiнде әр танаптың топырақ және гидрогеологиялық жағдайын, дақылдардың агротехникалық және сорттық ерекшелiктерiн, шаруашылықтың мүмкіншiлiктерiн және шаруашылыққа берiлетiн судың лимитiн ескере отырып барлық сипатты жылдар үшін шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану жоспары жасалады.
Шаруашылықтың iшiндегi су пайдалану жоспары және шаруашылыққа бөлетін нүктелерге алынатын судың режимдерi негiзiнде шаруашылық аралық суды бөлу жоспары жасалады және шаруашылық аралық суармалы тiзбектiң жұмыс режимiн және лимиттi ескере отырып жүйеге алынатын судың режимiн анықтайды.
Пайдаланылатын сурау режимдерiн және каналдардағы судың шығындарын жобадағымен салыстырады, суаратын суды үнемдеу, алмағайып кезеңдерде ауыл шаруашылығы дақылдарын сумен үздiксiз қамтамасыз ету үшін iс-шаралар белгiлейдi. Ондай iс-шаралар: ылғалды жылдары жне топырақты жасанды ылғалмен күзде, я қыста суару немесе жоғары нормамен вегетациялық суарудың есебiнен, құрғақ жылдары және кейбiр ең бағалы дақылдарды таңдап суару кезеңiнде болуы мүмкін. Кейбiр жүйелерде ылғалды жылдары суды, жоспарлы су беру режимiне сәйкес, су қоймаларына бередi, ал құрғақ жылдары олардан алады. Басқа жүйелерде суды магистрал каналы арқылы тұрақты шығынмен әрқашанда бередi және қызуы азырақ мезгiлде (көктем , күз) оның бөлігін су қоймаларын толтыру үшін пайдаланады. Ең қызған жазғы мезгiлде суды су қоймаларынан алып және жоғары шығынмен бередi.
Жүйеге алынатын судың режимдерi негiзiнде суармалы жүйелердiң су тұтынуын анықтайды, яғни бiр жылда су көзiнен (көздерiнен) алынатын судың көлемi. Суды тұтыну әдетте жүйелердi толық пайдалану кезеңiмен және бөлек аудандар үшін анықтайды.
Бұл бөлімде суару тәсілдерi мен суару техникасын негiздеуге, суару техникасының элементтерiнiң негiзгi параметрлерiн (жүйектердiң ұзындығы, шапшып шығатын судың шығындары, жаңбырдың қарқындылығы және т.б.) оптимизациялауға көбірек көңіл бөлінген. Булану тапшылығы 500 мм көбірек жағдайда, ережеге сай, жердiң бетiмен суару тәсілi қолданылады, ал оның азғантай мәнінде - жаңбырлатып суару. Күрделі табиғи жағдайларда су ресурстарының тапшылығына байланысты прогрессивтi суару тәсілдерi пайдаланылады (тамшылатып, топырақтың iшiмен, аэрозольдi). Таңдалып алынған суару техникасына техникалық сипаттама берiледi. Суару технологиясын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі (суармалы танаптарды суару кезегi, суару ұзақтығы, суару нормасы және басқалар).
Суару тәсілдерi және суару техникасы берiлген нормалармен суаруды және берiлген мерзiмде, ресурстарды тиiмдi пайдалануды (су, жер, энергетикалық), топырақтардың эрозиясы болдырмауды қамтамасыз ету керек, суаруда еңбектiң жоғары өнiмдiлiгiн қамтамасыз ету суаратын және жаңбырлататын машиналардың жұмыс режимiн мiндеттi түрде барлық сипатты жылдардағы және кезеңдердегi (вегетациялық, вегетациялық емес) суармалы тiзбектiң және сорап бекеттерінің жұмыс режимiн үйлестiредi.
Суды бөлу және әкету үрдістерiн автоматтандырудың және телемеханикаландырудың жалпы схемасын жасайды. Суды бөлу үрдісiн реттейтiн және жүйеге диспетчерлiк қызмет ету схемаларын таңдайды.
Суаруды, суландыратын және әкететiн суды, жердiң мелиоративтiк жағдайын, топырақтың ылғалдылығын бақылауға арналған ұсыныстарды жасайды.
Пайдалану қызметкерлерiне су теңдiгiн жасауға керектi жауын-шашынның, температураның, ауаның және топырақтың ылғалдылығын, топырақ суларының деңгейiн және басқа параметрлердi алатын көздердi көрсетедi. Пайдаланған ұсыныстардың тiзiмi келтiредi.
8.3 Пайдалану жұмыстарының құрамы және көлемi
Пайдалану жұмыстарының құрамы мен көлемiн (техникалық қызмет ету, жеңiл-желпi және күрделі жөндеулер, каналдар мен коллекторларды тазартуда, өзен арнасында қорғау-реттеу және басқалар) әрбiр пайдалану нысанасыi бойынша анықтайды.
Жеңiл-желпi және күрделі жөндеу жұмыстарының көлемдерiн (шығындарын) аймақтағы пайдаланушы ұйымдарының және шаруашылықтардың тәжіребесi негiзiнде қабылдайды. Шамамен оларды жеңiл-желпi және күрделі жөндеулердiң нормаларына байланысты негiзгi қаржының бағасынан пайыз (%) арқылы анықтауға болады.
Жыл сайынғы каналдарды тасындылардан тазарту көлемдерi каналдардың ұзындықтарына, шөгіндiлердiң мүмкін болатын бiрлiк көлемiне және мезгiл-мезгiл тазартуларға, орылу параметрiне және бiр жылдағы орылу санына (нысанның табиғат-климаттық жағдайына байланысты), суармалы жердiң бетiн тегiстеу жұмыстарының көлемiне - жердiң бетiмен суарылатын ауданға және қолданылатын техникалардың өту санына, жабық коллекторлар мен кәріздердi гидравликалық шаю жұмыстарының көлемiне - олардың ұзындықтарына және мезгiл-мезгiл шайылуына байланысты.
Жұмыстардың көлемдерi және шығындары екi кезеңге есептелiнедi: бастапқы (5-10 жыл) және қалыпты пайдалану. Алғашқы кезеңдегi жыл сайынғы шығындар, қалыпты пайдалану кезеңiндегi шығындарға қарағанда 3-4 есе көп .
Пайдалану жұмыстарының орындалуына жобалау графиктерi мен технологиялық схемалар жасалынады.
Өндiрiстiк апат жұмыстары және iрi ғимараттардан тасқынды жiберу және гидромелиоративтiк жүйелердегi қауiптi учаскелер үшін, қазiргi нормативтерге сәйкес артық материалдар, жабдықтар және инструменттер қарастырылады.
8.4 Техникалық пайдалануды ұйымдастыру
Шаруашылық аралық және шаруашылықтың iшiндегi тiзбектер мен ғимараттарды пайдалануды ұйымдастыру схемасы қарастырылады.
Гидромелиоративтiк жүйелердiң: каналдардың, iрi гидротехникалық ғимараттардың, сорап бекеттерінің, көлбеу және тiк кәріздер жүйелерiнiң және басқалардың және оның элементтерiнiң негiзгi техникалық жағдайлары және жұмыс iстеу көрсеткіштерiнiң тиiмдiлiгi берiледi.
Жылдың әр мезгiлiндегi жүйелердiң жұмысының жағдайы көрсетiледi. Каналдарды, бөгеттердi, ғимараттарды, суару техникаларын, кәріздердi, сорапты - күш беретiн жне энергетикалық жабдықтарды, тоқ беретiн желiлердi және байланыстарды, суаттарды, жолдар тiзбегiн, орман жолақтарын және басқа негiзгi қорларды жұмысқа жарамды жағдайда ұстап тұруға арналған ережелердi тағайындайды.
Гидромелиоративтiк жүйелердiң тасқынды және сельдi өткiзуге, суаруды жүргізуге және кәріздi және ақаба суларды әкетуге, қысқы мезгiлге дайындықтарын қарастырады.
Тiзбектердегi және ғимараттардағы жөндеу-пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруды қарастырады, осы жұмыстарды орындаушыларды тағайындайды. Табиғатты қорғау шараларын дайындайды. Техника қауiпсiздiгi сүрақтарын қарастырады.
8.5 Судың есебiн және жердiң мелиоративтiк жағдайын бақылайтын құралдар. Пайдалану жағдайы
Гидромелиоративтiк жүйелерде республиканың, облыстың, ауданның, шаруашылықтың, учаскенiң территорияларына берiлген, сонымен қатар су қабылдағышқа әкетiлетiн кәріздердiң және ақаба сулардың есебi бөлек қарастырылады. Судың есебi: коммерциялық (бақылаушы) және технологиялық болып екi түрге бөлінедi.
Достарыңызбен бөлісу: |