Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе



жүктеу 409,82 Kb.
бет49/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
МЖСТТ

Каналдарды тасындылардан тазарту. Оны арамшөп өсiмдiктерiн тазартумен бiрiктiредi және жалпы құрылыс және арнайы машиналармен жасайды. Соңғысы қағида бойынша тиiмдiрек.
Iрi каналдар мен коллекторларды бiр шөмішті экскаваторлармен тазалау орынды. Бұл жағдайда каналдағы тасындылардың қабаты 0,3 м кем болмауы керек, себебi, аз қабатта экскаваторларды қолдану экономикалық тұрғыдан қарағанда тиiмсiз. Егер де өндірістік жұмыстың жағдайына қайшылық жасамаса, сыйымдылығы үлкейтiлген ожауларды пайдаланады. Шөмішті ауыстырудың тиiмдiлiгi тасындыларды шығаруға, топырақтарды шығарумен салыстырғанда, азғантай энергияның жұмсалуына байланысты. Тазарту жұмыстарына ең көп таратылған шөміштің сыйымдылығы 0,4-0,65 м3 болатын экскаваторлар, сонымен қатар шөміштің сыйымдылығы 1 м3 және одан да көбірек экскаваторларды пайдалануға болады.
Каналдарды жеңiл-желпi жөндегенде бiр шөмішті эксекаваторлар үш технологиялық схемамен жұмыс iстеуi мүмкін: көлденең iстеу, екi жақты көлденең iстеу, ұзына бойына iшкi арнада iстеу.
Көлденең iстеу жоғарғы енi экскаватордың қазу радиусынан аспайтын, ал олардағы судың орташа шығыны 0,2 м3/с дейiнгi кiшiгiрiм каналдар мен табиғи арналарды жөндегенде қолданылады.
Екi жақты көлденең iстеу схемасы судың шығыны 0,2 м3/с көбірек каналдарды жөндегенде жобадағы қиманы экскаватор екi рет жүрiп өткенде қалпына келтiретiн жағдайда пайдаланылады.
Ұзына бойына iшкi арнада iстеу келесi жағдайларда: минералды немесе таяз тыңайған шым тезекте салынған каналдарда; нығыздалып жатып қалған минералды бөлшектерден пайда болған экскаватордың динамикалық қозғалысына шыдайтын тасындыларда; табанының енi экскаватордың жүру енiнен кем емес каналдарда; каналда су жоқ немесе оның деңгейi экскаватордың канал табанымен қозғалуына кедергi жасамайтын кезде қолданылады. Бұл схема бойынша жөндеуге жұмыс жабдығы дреглайнды немесе каналдың құйылысы жағынан арна табанымен төменнен жоғары қарай қозғалатын және қиманы бiр өткенде толығымен өңдейтiн экскаваторлар керек.
Iрi каналдарды, бас тұндырғыштарды, су қабылдағыштарды және өзендердi топырақты су астында өңдейтiн, мелиоративтi жер соратын снарядтармен тазартуға болады. Топырақты өңдеу тәсілдерi (папильонажды, бегермейстрлi, желкуiштi, траншеялы) тазарту жұмыстарының орындалу жағдайларына байланысты.
Тереңдiгi 1,6-2,3 м және жоғарғы енi 3,6-5,7 м, орман жолақтары отырғызылмаған каналдарды жұмыс органы көп шөмішті каналтазартқыштармен тазартуға болады. Олар, екi технологиялық схемамен жұмыс iстей алады: жаға және ерлi.
Жаға схемасы бойынша жұмыс жасағанда каналтазартқыштың екi шынжыр табаны (негiзгiсi және қосалқы) каналдың бiр жағында орналасады. Мұндай схеманы каналдың жоғарғы енi 5 м көбірек, машинаның жұмыс кезiндегi қозғалысына кедергi жасайтын гидротехникалық ғимараттардың саны көп болғанда қолданылады.
Ерлi схемасы бойынша жұмыс жасағанда каналтазартқыштың екi шынжыр табаны каналдың екi жағында орналасады. Бұндай схеманы гидротехникалық ғимараттары жоқ жоғарғы енi 5 м дейiнгi каналдарда пайдаланады.
Тереңдiгi 0,4-1,2 м және табанының енi 0,4-0,6 м, орман жолақтары отырғызылмаған шаруашылықтың iшiндегi бөлгіш каналдарды түрендi аспалы каналқазғыштармен МК-16 тазартуға болады. Тазартуды каналдың басынан бастайды және бiр рет өткенде орындайды. Каналқазғышты екi-үш трактор буксирге алады.
Орман жолақтары отырғызылған шаруашылықтың iшiндегi бөлгіш каналдарды, тiк тазартқыштармен тазарту орынды. Жұмыс кезiнде олар каналдың табанымен қозғалады.
Құрғататын каналдарды жұмыс органы роторлы каналтазартқыштармен тазартады: тереңдiгi 2 м дейiнгi каналдарды каналтазартқыш МР-14, ал тереңдiгi 3 м дейiнгi каналтазартқыш МР-16. Канал табанын бiр немесе бiрнеше рет өтуi арқылы тазартады. Тасындылар каналдың қарама-қарсы жағына лақтырушымен лақтырылады.
Сонымен қатар каналдарды тазарту үшін цептi сүйреткiштер, цептi және рамалы пышақтар пайдаланылады.
Қапталған каналдарды роторлы каналтазартқыштар және жер соратын қондырғылармен тазартады. Роторлы каналтазартқыштар каналдағы судың тереңдiгi 10-15 см жұмыс iстейдi. Олар жұмыс iстегенде тасындылардан, қалыңдығы 4 см дейiн қорғайтын қабат қалуы керек. Жер соратын қондырғылар жағадағы және қалқымалы көп iр түрінде болуы мүмкін; жағадағысы және қалқымалы көп iр түрінде болуы мүмкін; жағадағысы каналдың бермасы арқылы ауысады, қалқымалы көп iр - каналдың iшiндегi суменен. Тасындылар пульпалар түрінде каналдың жағасына лақтырылады. Пульпалардың лақтырылу қашықтығы 15-20 м. Тасындылардың 85-90 %-на дейiн шығарылады. Механикаландырылмаған тәсілмен салыстырғанда тазартуға кететiн қаржы 8-10 есе төмен.
Науалы тiзбек екi этапта тазартылады: резинамен қапталған, экскаваторлармен алдын ала тазарт улар орындалады. Екiншiде - ақырғы тазарту қолмен немесе астаулы тiзбекпен су жiберу арқылы.
Сондай-ақ, науаларды Бүкілодақтық Гидротехника және Мелиорация ғылыми Зерттеу Институты (БГжәне МҒЗИ) ұсынған қысылған ауа тәсілiмен тазартуға болады, бұл тәсіл науалардағы құрғақ қопсытылған тасындыларды Өте сапалы тазартуға мүмкіндiк жасайды. Бiрақ бұл тәсіл қымбат тұрады және қызметкерлер ауыр санитарлық жағдайда жұмыс жасауына тура келедi.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау