«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
Семей аумақтық ұйымы» ҚБ-де бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, мүшелік кәсіподақ жарналарын жинау мен бөлуді тексеру
нәтижелері жөнінде
АНЫҚТАМА
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Т.Амантаеваның 2017 жылғы 23-мамырдағы № 70 жқ/лс өкіміне сәйкес, мен – Тоқабаева Гүлзира Аманжолқызы, кәсіподақтың Салалық Кеңесінің бухгалтері, 2017 жылдың 24-26 мамыры аралығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Семей аумақтық ұйымы» ҚБ-де (әрі қарай- Кәсіподақ) бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға тексеру жүргіздім.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің қолданыстағы тәртібін қадағалауды, бухгалтерлік және өзге де есептілікті уақытында тапсыру мен оның дұрыстығын, ұйымдардағы мүшелік кәсіподақ жарналарының толық жиналуы мен дұрыс бөлінуін тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында Кәсіподақтың қаржы саясатының талаптарын орындау, кәсіподақ құрылымының барлық деңгейлерінде материалдық ресурстарды неғұрлым тиімді және ұтымды жұмсау; кәсіподақ бюджетінің бірыңғай баптар классификациясын енгізу, кірістер мен шығыстарды жоспарлау әдістемесі; қаржы құжаттамасының бірыңғай нысандарын қамтамасыз ету, кәсіподақ жүйесі ішінде барлық звенолар есептілігінің қолжетімділігі; мүшелік кәсіподақ жарналарын есептеумен және төлеумен байланысты қажетті ақпаратты беру және мүшелік жарналарды аудару міндеттілігін қадағалау жөнінде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді.
Кәсіподақ ұйымына әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету, қаржы жүйесін жақсарту, нығайту және тұрақтандыру мақсатында төмендегі құжаттардың болуына және дұрыс орындалуына назар аударылды:
Салалық кәсіподақ Жарғысы;
Мүшелік кәсіподақ ұйымының жарғысы;
Филиалдар туралы ереже;
Бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ереже;
5. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ бақылау-тексеру комиссияларының жұмысы жөніндегі әдістемелік нұсқаулық;
6. Есептік саясат;
7. Салық саясаты;
8. Кірістер мен шығыстардың бекітілген сметасы;
9. Штаттық кесте;
10. Кәсіподақ ұйымының құрылымы;
11. Кәсіподақтың Атқару комитеті қаулысымен бекітілген кәсіподақ ұйымдары аппараттарының қызметкерлері мен сайланбалы қызметкерлерге еңбек ақыларын төлеу және сыйлықақы беру мен кейбір әлеуметтік кепілдіктер Қағидалары;
12. Лауазымдық нұсқаулық;
13. Еңбек шарты;
14. Қаржылық есеп;
15. Салық есебі;
16. Статистикалық есеп;
17. Кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларына сауықтыру-шипажай мекемелеріне жолдамаларды беру мен бөлуді есепке алу;
18. Мүшелік жарналардың жалпы жиналуын мақсатты бөлу мен жинауды тексеру;
19. Бухгалтерлік есепті жүргізу (салықтар мен бюджетке міндетті төлемдерді есептеу, төлеу; кассалық операцияларды жүргізу тәртібі; жалақыны, сыйақыны, материалдық және қайырымдылық көмекті есептеу және төлеу; негізгі құралдар мен ТМҚ есебі; қолма-қол ақшалай қаражаттарды жұмсау, іссапар шығындарын жүргізу және есепке алу);
20. Бухгалтерлік іс жүргізу және құжаттарды мұрағаттық сақтау.
Көрсетілген құжаттар қолданыста бар.
Кәсіподақ құрамына Семей қаласы бойынша білім қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ комитеті кіреді және бірлескен есептік шоты бар, бірақ олардың әрқайсысы бойынша кірістер мен шығыстар Сметалары, шаттық кестелері бар.
Кәсіподақтың 2016 және 2017 жылғы кірістер мен шығыстар сметасы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ бақылау-тексеру комиссиясы жұмысы жөніндегі Әдістемелік нұсқаулық талаптарына сәйкес келеді.
Кәсіподақ аппаратының 2016 жылға штаттық кестесі 4,5 (төрт жарым) бірлікті құрады.
Штаттық кесте Кәсіподақтың Атқару комитеті Кеңесімен бекітілген кәсіподақ ұйымдары аппараттарының қызметкерлері мен сайланбалы қызметкерлерге еңбек ақыларын төлеу және сыйлықақы беру мен кейбір әлеуметтік кепілдіктер Қағида талаптарына сәйкес келмейді: сауықтыруға емдеу жәрдемақысының және жылдық еңбек ақы төлеу қорының сомалары көрсетілмеген. Сонымен қатар, қызметкерлердің айлықтарына қызмет көрсету аймағының кеңеюіне қосымша ақылар қарастырылған.
Осындай көріністі Кәсіподақтың 2017 жылға арналған штаттық кестесінен де көруге болады: тек ай сайынғы лауазымдық айлықтар көрсетілген және сауықтыруға емдеу жәрдемақысы мен жылдық еңбек ақы төлеу қорының сомалары көрсетілмеген. 2017 жылға штаттық кесте 4,5 (төрт жарым) бірлікті құрайды.
Кәсіподақта қызметкерлердің Лауазымдық нұсқаулықтары бар.
Кәсіподақ бухгалтериясында кассалық есептер мен аванс есептері бір папкада тігілген, бұл бухгалтерлік есепті жүргізуге қайшы келеді. Сонымен қатар, барлық кассалық операциялар (кіріс және шығыс ордерлері, кассалық кітап) қолмен толтырылады. Қолданыстағы 1С Бухгалтерия 7.7. бағдарламалық қамтамасыз ету толық көлемде қолданылмайды.
Іссапарлар бойынша аванс есептері іссапар куәліктерінің ескі бланктерінің сыртқы бетіне қолмен толтырылады.
Кәсіподақта бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мүшелік кәсіподақ жарналарының толық жиналуына тексеру жүргізіледі, кәсіподақ құрылымдарының қаржылық мүмкіндіктерін талдау жүзеге асырылады, еңбек ақы төлеу қорлары мен қызметкерлердің орташа жалақылары бойынша мәліметтер бар.
Жалақыны төлеу мен беру жөнінде есептік саясат төмендегідей жүргізіледі:
Жалақыны есептеудің төлем ведомстары бар, тек оларға негіздеме-құжат жоқ:
* жұмыс уақытын есепке алу табелі іс жүргізу маманында сақталады, ал жұмыс уақытын есепке алу Табелі бланкісінің нысаны ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейді;
* жалақы бойынша басқа есептеулер үшін негіздеме қаулылар жеке папкаларға тігілген.
Кәсіподақта төлемдер материалдық көмек түрінде емес, қайырымдылық көмек ретінде негізсіз беріледі. Сәйкесінше салық та мемлекеттік бюджет есебіне түспейді.
Әрбір жоспарланған және өткізілген шаралар бойынша қаулылар мен шығындар сметасы бар. Дегенмен, Кәсіподақ қаулыларына сәйкес, шараларды өткізуге жауапкершілік Кәсіподақтатында тіркелмеген жеке тұлғаларға жүктеледі.
Негізгі құралдарды есепке алу бухгалтерлік есепті жүргізу Ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Кәсіподақтың негізгі құралдары бойынша есепте тек қызметтік көлік тіркеледі және амортизация уақытында есептеледі.
Тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу. ЖЖМ есепке алу мен есептен шығару бухгалтерлік есепке алуды жүргізу Ережелеріне толық сәйкестікте жүргізілмейді, яғни талондарды беру белгіленген норма бойынша жүргізіледі, ал оларды есептен шығару жүзеге асырылмайды, себебі ЖЖМ есептен шығару жөнінде комиссия жоқ.
Сатып алынған кеңсе және шаруашылық тауарлары көрсетілген қызмет ретінде бірден есептен шығарылады.
Салық және статистикалық есеп құзырлы органдарға уақытында беріледі.
Кәсіподақ мүшелерін сауықтыру жөнінде жұмыс жүргізіледі. Берілген жолдамалар бойынша есеп жүргізіледі, санаторлық-шипажайлық мекемелерден есептен шығару талондары бар.
Тексеру комиссиясының акті аяқталмаған қысқа және тек бір беттен тұрады. Тексеру комиссиясының акті «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы жөніндегі Әдістемелік нұсқаулықтар талаптарына сай келмейді.
Бухгалтерлік құжаттарды мұрағаттық сақтау жүргізілмейді: барлық бухгалтерлік құжаттар тігілмеген және тезтікпе-папкаларда сақталады.
Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподағының
бухгалтері Г.Тоқабаева
Достарыңызбен бөлісу: |