Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе



жүктеу 409,82 Kb.
бет45/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
МЖСТТ

Техникалық қызмет ету - бұл гидромелиоративтiк жүйелер мен оның элементтерiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн немесе дұрыстығын сақтауға арналған операция немесе операциялар кешенi. Ол, ұсақ бүліну мен бұзылудың пайда болуына байланысты оларды жоюға және болдырмауға арналған алдын алу шараларының кешенiн бiрiктiредi.
Жүйенi пайдалануға берiлген мезгiлiнен бастап техникалық қызмет көрсету арнайы мерзiмдiлiкпен әрдайым жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудiң) мерзiмiдiлiгi - бұл техникалық қызметтiң (жөндеудiң) тап осы түрі мен келесi жүргізiлетiн дәл осындай техникалық қызметтiң (жөндеудiң) түрлерiнiң немесе күрделілiгi зор басқа қызметтердiң арасындағы уақыт аралығы немесе жасалған жұмыс.
Техникалық қызмет еткенде жүйелердiң жиi бүлінуге үшырайтын элементтерiне немесе елдi мекенге жақын орналасқан жайылымға және босаң топырақты учаскелерге ерекше көңіл бөлінедi. Шаруашылықтың iшiндегi суармалы жүйелер бөлімдерiнiң ең жауапты элементтерi үшін (суару техникалары, сорап бекеттері) жоспарлы-сақтық жөндеу (ЖСЖ) жүйесінде техникалық қызмет етудiң келесi түрлерi қарастырылған: жүргізiп жаттықтыруға дайындық және өткiзу кезiнде пайдалану техникалық қызмет ету (ТІ-П), мерзiмдiлiгi 8-10 сағат аралығындағы ай сайынғы техникалық қызмет ету (АТІ), мезгiл-мезгiл (нөмерлі) техникалық қызмет ету (ТІ-1, ТІ-2, ТІ-3) мерзiмдiлiгi сәйкес 60, 240 және 960 сағаттан, маусымдық техникалық қызмет ету (ТІ-О, ТО-В), мерзiмдiлiгi бiр айдан сақтағандағы техникалық қызмет ету (ТІ-СА).
Шаруашылықаралық суармалы тiзбектер үшін техникалық қызмет етудiң келесi түрлерi қарастырылған: АТІ, ТІ-2, ТІ-О және ТІ-В. Маусымдық техникалық қызмет ету суару техникаларын, сорап бекеттерін және суармалы тiзбектi суару маусымы, бiткеннен кейiн күзгi-қысқы жағдайда ұзақ мерзiмге сақтауға қойғанда (консервация) маусымдық техникалық қызмет ету (ТІ-О), ал маусымдық техникалық қызмет ету ТІ-В - оларды ұзақ сақтаудан алғаннан кейiн (роасконсервация) және көктем гi-жазғы жағдайда пайдалануға дайындық жасауға байланысты орындалады. Үшiншi мерзiмдiлiк техникалық қызмет ету (ТІ-3) тек қана сорап бекеттері және ЭДМФ «Кубань» үшін қарастырылған.
Жөндеу - бұл гидромелиоративтiк жүйелердi және олардың элементтерiнiң (қосымша бөліктерін) жұмысқа қабiлеттiлiгiн немесе дұрыстығын қалпына келтiруге арналған операциялардың кешенi.
Жөндеу жұмыстарының сипаты мен көлемi,не байланысты күнделiктi, күрделі және апат жағдайындағы жөндеу болып ажыратылады.
Күнделiктi жөндеу (КЖ) - бұл нысанды қалпына келтiруге арналған шығын оның теңдiк бағасының 20%-на дейiн құрайтын жөндеу. Күнделiктi жөндеудiң негiзгi мақсаты - гидромелиоративтiк жүйелердi жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстау және оның қызмет ету мерзiмiн өсіру.
Гидромелиоративтiк жүйелердi пайдалану басқармасының жылдық жоспарына байланысты күнделiктi жөндеу жүйе элементтерiнiң көпшiлiгiнде жыл сайын (мерзiмдiлiгi 1 жыл) жүргізіледі. Жүйенiң кейбiр элементтерiне (мысалы, коллекторлы-кәріздi тiзбек) күнделiктi жөндеу жұмыстарының мерзiмдiлiгi 3-5 жыл.
Күнделiктi жөндеу жұмыстарының айтарлықтай бөлімi жүйе жұмысын тоқтатпай орындалады.
Күрделі жөндеу (КЖ) - бұл нысанды қалпына келтiруге арналған шығын оның теңдiк бағасының 20-50%-на дейiн құрайтын жөндеу. Күрделі жөндеудiң негiзгi мақсаты - гидромелиоративтiк жүйелердi бүліншiлiктi жою және құрылыстан шыққан iрi элементтердi қайта қалпына келтiру, каналдардағы iрi деформацияларды түзеу.
Күрделі жөндеу кешендi немесе iшiнара болуы мүмкін. Кешендi, күрделі жөндеуге жататын жүйенiң барлық элементтерiн қамтиды, сондықтан гидромелиоративтiк жүйелердегi жұмыс тоқтатылады. Iшiнара, жүйенiң бөлек элементтерi жөнделедi (ғимараттар, каналдар, құбырлар және т.с.с.). Барлығынан көбірек iшiнара күрделі жөндеу орындалады. Әрбiр гидромелиоративтiк жүйелерде күрделі жөндеудiң өзiнiң ерекшелiктерi бар, сондықтан оларды, iздеулер және өндірістік зерттеулер материалдарының көмегімен жасалған арнайы жобалар арқылы орындайды.
Күрделі жөндеу анықталған уақыт аралығы арқылы жүргізіледі, яғни, анықталған мерзiмдiлiк, жүйенiң әр элементтерi үшін 2 мен 20 жыл аралығында тербеледi.
Күрделі және күнделiктi жөндеулер жоспарлы-сақтық графигi сияқты орындалады.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау