Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе



жүктеу 409,82 Kb.
бет47/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
МЖСТТ

Суармалы каналдардағы сүзілу ысырабына қарсы бетоннан және темiрбетоннан жасалған қаптауларды жөндеу жұмыстарының құрамы олардың бүлінуiне байлансты. Мысалы, активтi жарықтарды икемдi материалдармен герметикалық жабады, ал пассивтi жарықтарды цемент ерiтiндiсiмен немесе фуранды смолалар негiзiнде композицияларымен тегiстеп жабады немесе жұқа қабатпен шаңдатады.
Омырлып жерлердi және раковиндарды бетон және цемент ерiтiндiлерiмен, фуранды смоланың модификациясы негiзiндегi композициялармен немесе полимерцементтi құрамымен толтырады.
Бетонның бетi қабыршақтанған жағдайда цементпен ұстатады, темiрлеу , полиерлi композициялармен жұқа қабатпен шаңдатады, полимерцементтi құраммен тегiстеп жағады.
Плиталардың қосылған жерлерi бұзылғанда және олардың шайғанда, әсiресе толқындардың жеткен жерлерiн, қиыршық таспенен құмды араластырып дайындаған қоспаны плитаның астына салып содан кейiн, қосылған жерлердi қалпына келтiредi.
Карстар дамыған аймақта қапталғанның астындағы топырақ сүзілген сулармен шайылуы мүмкін, мұндай жағдайда қапталғанға алдымен клейленетiн гидроизоляция қабатын, одан кейiн қалыңдығы 10 см болатын темiрбетон БГТ-200 жапсырады. Одан басқа, канал арнасына 30 см тереңдiкке дейiн цементтi құм ерiтiндiсi айдалады.
Күрделі жөндеу жүргізгенде бүлінген платиларды жаңа плиталармен ауыстырады, қаптағанның бетонмен құйылған бұзылған учаскелерiн алып тастап жаңа бетон отырғызады.
Жабық суармалы тiзбектердегi жөндеу және техникалық қызмет ету жұмыстарының құрамы құбырдың материалына және бұзылу сипатына байланысты. Жабық суармалы тiзбекке техникалық қызмет ету: құбырлар мен арматуралардың трассаларында саңылау қалдырылғанын немесе қалдырылмағанын табу мақсатында сырттай байқаудан; арматуралардың ұсақ жөндеуiнен; құдықтарды ластан, судан, қардан және мұздан тазартудан; майлау бекiту және тәртіпке келтiру жұмыстарынан тұрады.
Жабық суармалы тiзбектегi жөндеу жұмыстары: құбырлардағы ақауларды анықтаудан; бұзылған учаскелердi, жақын орналасқан ысырманың көмегімен жұмыс iстеп тұрған тiзбектен ажыратудан және төменде жатқан құбырдың учаскелерiн босатудан; ақауларды және кiретiн жолдардың жағдайын және машиналарды, жабдықтар мен материалдарды жеткiзудi зерттеуден; құбырларды экскаваторлармен қазудан; траншеяларды түзету және құбырлар мен олардың түйіскен жерлерiн топырақтан қолдап тазартудан; ақаудың сипатын зерттеу және оны жою әдiстерiн таңдаудан; құбырдағы ақауды жоюдан; жөндеу жұмыстарынан кейiн құбырды сынаудан; траншеяны қайта көмуден тұрады.
Жердiң астындағы құбырларды жөндеу әдiстерi негiзiнен құбырдың материалы мен бұзылудың сипатына байланысты. Қаяу құйымдардың, жарықтардың және раковиналардың асбестоцементтi, темiрбетонды және шөген құбырларымен қосылған жерiндегi судың азғантай ағуын табақ резеңке ңпластырьдыңң, болат жапсырманың және қамыттың көмегімен жояды. Асбестоцементтi құбырлардың қосылған жерiндегi судың ағуын әдетте қосылған жердi қайта монтаждау және резеңкелi нығыздағышты ауыстыру немесе муфта арқылы жояды. Асбестоцементтi, шөгендi және болат құбырлардағы көлденең жарықтарды және сынықтарды, бүлінген учаскелердi кесiп алып оны құбырдың жаңа кесектерiмен ауыстыру арқылы жояды. Соңғысы құбырлармен фланцiлi муфта арқылы қосылады. Үлкен жарықтарды, сынықтарды және ажырағанда ақауы бар құбырды жаңа (асбестоцементтi құбырлар үшін) немесе екi қоспаны монтаждау (темiрбетон құбырлар үшін) ауыстырады. Iстен шыққан арматураларды электрмен дәнекерлеудi немесе пластинкамен тойтаруды қолдана отырып бұрынғы қалпына келтiредi, ал корпусы қызыл бояу немесе кузбасс лакпен жабылады. Iстен шыққан болттар мен нығыздағыштарды ауыстырады. Суармалы асбестоцементтi құбырлардағы жасалған су жiбергiш тесiктер цемент ерiтiндiсiнiң көмегімен бұрынғы қалпына келтiрiледi, ал сынған құбыршалар тесiктiң үстiндегi су жiбергiштердi жаңасымен ауыстырады.
Топырақтан жасалған бөгеттер мен қорғағыш дуалдарды жөндеу жұмысының құрамы жөндеу түрлерiне байланысты. Күнделiктi жөндеу жұмыстарына: топырақ төсеу; жарықтарды бiтеу; сүзілуге жалғасқан орынды жою, бекiткiштiң күрделі түрлерiн жөндеу; көп жылдық шөптердi егу немесе еңiстiң бұзылған жерлерiне шым отырғызу, толқыннан қорғайтын бүталар алқабын қалпына келтiру, жертесерлермен күрес және т.б. кiредi.
Күрделі жөндеу бөгеттер мен дуалдарға жобадағы өлшемдеріне жеткенше құм төсеуден, бекiткiштiң күрделі түрлерiн ауыстырудан немесе бұрынғы қалпына келтiруден, сүзілуге қарсы iс-шараларды жүргізуден және басқалардан тұрады.
Сүзілу ағынының төменгi жағындағы бөгет еңістігінiң тоңдануын топырақ салу, еңiстi жатқызу және сүзілуге қарсы экрандар қолдану арқылы болдырмайды. Сүзілген ағын еңiстiң құрғақ жерiнен шыққан кезде пайда болатын көшкіндi жылытылған жергiлiктi топырақтан бос сүйенген кәріз жасайды.
Апат жағдайындағы жөндеу жұмыстары, тасқыннан немесе басқа стихиялық құбылыстардан бұзылған бөгеттер мен дуалдарды бұрынғы қалпына келтiруден тұрады.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау