Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, 160002, Шымкент қаласы, Водопьянов көшесі, 14, 205 кабинет, анықтама телефондары: 8(725) 235-12-21, 235-10-01, электрондық мекенжайы: b.momishov@minfin.gov.kz, мемлекеттік органның қызметшілері арасында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
1. № 1 мемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: сәйкестік аудитін және қаржылық есептіліктің аудитін жүзеге асырады. Заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілген аудит нәтижелері бойынша сәйкес ден қою шараларын жүргізеді. «е-Минфин» АЖ «Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі» ішкі жүйесінде жұмыс жүргізеді. Бөлім жұмысына қатысты сұрақтар бойынша Комитет және Департамент тапсырмаларын орындайды. Департамент туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика және бизнес саласы (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) жоғары білім.
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен анықталған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі;
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi:
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, 160002, Шымкент қаласы, Водопьянов көшесі, 14, мекен-жайы бойынша 205-кабинетте қабылданады.
Электронды түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына (b.momishov@minfin.gov.kz,) қабылданады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
1) қоса берілген нысан бойынша толтырылған өтініш;
2) тиісті органның кадр қызметімен расталған қызметтік тізім.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
Оңтүстік Қазақстан бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
_____________________________
_________________________________________________________________________________________
Өтініш
Мені________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
_______________________________________________________
________________________________________________________
________________ _____________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Күні «____»__________2016 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |