Бекiтемiн
Мектеп басшысы
“ ” 2014-ж.
№1 нұсқау
Негiздермен жұмыс кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi
НЕГIЗДЕРДIҢ АҒЗАҒА ӘСЕРI Негiздер ағзаға терi арқылы әсер етедi, зақымданған жерi бiрден жансызданады. Терi iсiне бастайды, егер жылдам емдеу шаралары қолданылмаса, ағза қатты уланады. Негiздер ағзаның ұлпаларына жылдам және терең сiңiп, ақуыз денатурацияға ұшырайды. Әсiресе, көз зақымдануы өте қатерлi. Алғашқы жәрдем кеш iстелсе көз көрмей қалуы мүмкiн. Егер адамның шашына негiздер әсер етсе, ең алдымен терi зақымданады, содан кейiн шаш түбi зақымданып, шаш түсiп қалады.
АЛҒАШҚЫ ДӘРIГЕРЛIК КӨМЕК
1. Терi бетiндегi сiлтiлiк металдар бөлшегiн қысқышпен немесе сұйық майға шыланған мақтамен сүртiп алады. Сiлтiлер қалдығын залалсыздандыру үшiн зақымданған орынды 2 % бор қышқылы ерiтiндiсiмен жуу керек (суды қолдану – қосымша зақымдану болады). Дереу дәрiгерлiк көмек керек.
2. Егер көз зақымданса, алдымен негiздер бөлшегiнен тазарту керек. Содан кейiн 5 % хлорид аммоний немесе 2 % қышқылы ерiтiндiсiмен жуу керек. Содан кейiн жедел дәрiгерлiк көмек көрсету керек.
Химия кабинетiнiң меңгерушiсi Ибраев К .Д
Бекiтемiн
Мектеп басшысы
Н.Дуйсенбаева
“ ” 2014-ж.
№2 нұсқау
Қышқылдармен жұмыс кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi
НЕГIЗДЕРДIҢ АҒЗАҒА ӘСЕРI
Барлық минералдық қышқылдар ағзаға химиялық күйдiру түрiнде әсер етедi, ұлпамен сусызданады және тотығады. Органикалық қышқылдардың iшiнен қауiптiсi құмырсқа қышқылы және фенолдар. Құмырсқа қышқылы ағзада суда нашар еритiн кальций оксалатын түзедi. Бұл тұздың кристалдары қантамырларды зақымдайды, бүйректе жиналады. Фенолдың улы қасиетi барлық мүшелер арқылы болады, тек ауыз қуысы ғана емес, сондай-ақ терi арқылы да ағзаға өтедi.
АЛҒАШҚЫ ДӘРIГЕРЛIК КӨМЕК
1. Зақымданған жердi қатты ағын сумен немесе душтың көмегiмен жуу керек, содан кейiн 2 % гидрокарбонат натрий ерiтiндiсiмен жуу керек. Зақымданған жерлердi суланған мақтамен сүртуге болмайды.
2. Көз зақымданса – ағын сумен көп жуу керек, содан кейiн 2 % натрий гидрокарбонатымен жуады.
Химия кабинетiнiң меңгерушiсi Ибраев К .Д
Бекiтемiн
Мектеп басшысы
Н.Дуйсенбаева
“ ” 2014-ж.
№3 нұсқау
Шынымен жұмыс кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi
НЕГIЗДЕРДIҢ АҒЗАҒА ӘСЕРI
Зертханалық шыны заттар жұқа болғандықтан тез сынады. Жұмыс орындарда ұсынған шынының ұсақ бөлшектерi байқалмай, едәуiр кесiп жiбередi.
Шыны ыдыстар қытты қыздырғанда сыртқы пiшiнi өзгермей, бiрақ байқаусызда күйiп қалуға болады.
Шыны ыдыстармен жұмыс iстегенде күш салмау керек.
Жарылған немесе сынған шыны ыдыстармен жұмыс iстеуге болмайды.
Шыны ыдыстармен дайындық жұмыстары арнаулы орындарда жүргiзiлуi керек. Орындап болғаннан кейiнүстелдi мұқият тазартып, ұсақ сынған шыны бөлшектерiн шыланған сүзгiш немесе қағазбен жинау керек. Шыныны кескенде көзге қорғаныш көзiлдiрiк кию керек. Қолданар алдында кесiлген шыны түтiктердiң жиектерiн наждак қағазбен тегiстеу керек.
АЛҒАШҚЫ ДӘРIГЕРЛIК КӨМЕК
1. Кесiлген жерде аққан қанды тоқтату керек (жуып, тамырды басу, ормалмен байлау).
2. Егер зақымданған жер таза болмаса, оның айналасын ғана тазарту керек. Зақымданған жердiң терiсiн йод ерiтiндiсi немесе жасыл бриллиант ерiтiндiсiмен сүрту керек, сосын дәрiгерлiк көмек көрсету қажет.
3. Жгут қолданғаннан кейiн аққан қан тоқтамаса, зақымданған жерге 3 % сутегi асқын оксидiне шыланған таза зарарсызданған мақта басу керек. Содан кейiн тiлкем дәкемен қатты байлап тастау керек. Егер тағы да қан байлауда көренсе, онда үстiнен тағы да осы әдiспен орау керек.
Химия кабинетiнiң меңгерушiсi Ибраев К.Д
Бекiтемiн
Мектеп басшысы
Н.Дуйсенбаева
“ ” 2014-ж.
№4 нұсқау
Жоғары температура құрылғыларымен жұмыс iстеу бойынша қауiпсiздiк ережелерi
ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРА ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРI
Қыздырғыш құралдар бәрi де жылу өткiзбейтiн изоляциясы бар орындарға орнатылады. Жұмыс кезiнде майлы қыздырғыштардың әсер температурасы әр уақытта 100 0 С-ден артық болады да, сондықтан қайнаған су мен бу қауiптi. Ерiтiндi құйылған ыдысты ерiтiндi деңгейi жоғары тұсынан қыздыруға болмайды, жарылып кетедi. Бос ыдыстарды да қыздыруға болмайды. Қыздырылатын ерiтiндiнi ыдыстың бөлiгiне құю керек. Артық құйылған ерiтiндi қайнаған кезде төгiлiп, адамды зақымдауы мүмкiн. Спиртшамды арнаулы қалпағымен өшiру қажет.
АЛҒАШҚЫ ДӘРIГЕРЛIК КӨМЕК
Жоғары температура әсерiнен зақымдану төрт түрлi болады: 1-саты – терi қызарады; 2-саты – терi күлдiрейдi; 3-саты – терiнiң кей жерi күлдiрейдi, жансызданады; 4-саты – жансыздану тереңiрек ұлпаларды зақымдайды.
Алғашқы жәрдемнiң мақсаты – күйген жерлердiң ауырсыну әрекетiн бәсеңдету, ластанудан сақтау
Дәрiгерлiк көмекке дейiн – күйген жердi ептiлiкпен ашып асептикалық орама салу керек. Күйген жерге дәрiлер келгенше май жағып, компрес жасауға болмайды.
Ауырғанын азайту үшiн орама сыртынан мұз, қар, суық су басуға болады. Қабыну мен iсiктi басу үшiн салқын нәрсе басу керек.
Химия кабинетiнiң меңгерушiсi Ибраев К .Д
Бекiтемiн
Мектеп басшысы
Н.Дуйсенбаева
“ ” 2014-ж.
№5 нұсқау
Жылдам тұтанатын ерiтiндiлермен жұмыс кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi
Жылдам тұтанатын ерiтiндiлермен жұмыс кезiнде сыртқа соратын шкафты өрт және жарылыс болмас үшiн қолдану керек.
ЖТ ерiтiндiлерiн арнаулы жабық ыдыстарда металдан жасалған жәшiктерде күн сәулесi мен оттан алыс ұстау керек. ЖТЕ ерiтiндiлерiнiң қалдықтарын канализацияға төгуге болмайды. ЖТЕ ерiтiндiлерiнiң булары улы. Төгiлген жағдайда булары жылдам таралып адам өмiрiне қауiп төнедi. Төгiлген ерiтiндiнi насос көмегiмен сорып алу керек, қалдығын құрғақ құм немесе ағаш үгiтiндiлерiмен көмiп тастау керек. Әбден сiңiрiлген қоспаны пластмасса күрекшемен жинап, шелекке салып, қауiпсiз жерде өртеу керек. ЖТЕ ерiтiндiлерiмен жұмыс кезiнашық спиральдi электрқыздырғыш немесе ашық отты пайдалануға болмайды.
ЖТЕ ЕРIТIНДIЛЕРIМЕН ЖҰМЫС КЕЗIНДЕ ҮШ ЕРЕЖЕГЕ ҚАТАҢ СҮЙЕНУ КЕРЕК:
Ауаға ЖТЕ ерiтiндiлерiнiң булары тарамауы керек.
ЖТЕ буларының жарылғыш қоспа түзетiн буларынан өрт пайда болмайын қадағалау керек.
“бақытсыздық” жағдай болғанда, оның ықпалы аз болу үшiн алдын-ала әртүрлi шаралар қарастыру керек.
Химия кабинетiнiң меңгерушiсi Ибраев К.Д
Бекiтемiн
Мектеп басшысы
Н.Дуйсенбаева
“ ” 2014-ж.
№6 нұсқау
Зиянды газдармен, булармен, аэрозольдармен жұмыс кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi
Зертханалық жұмыс кезiнде зиянды газдар исiмен тыныс алу - кең таралған құбылыс. Сондықтан олардың олардың бөлме ауасына өтпеуiн қадағалау керек.
Осы заттармен кез-келген зертханалық жұмыстар жел үрiп тұрған сыртқа соратын шкафтың iшiнде орындалуы керек.
Зиянды заттардың төгiлуiн авариялық жағдай деп қарау керек.
Ауада осы заттардың концентрациясын азайту үшiн бөлменi желдетiп, төгiлген жердi мұқият тазарту керек.
Электр тоғымен зақымданудан қорғану
Электр тоғымен зақымдану мынадай жағдайларда болады:
Электр сымының бiр ұшы жерге қосылмаған немесе дұрыс қосылмаған жағдайда;
Электр тоғының қысқа тұйықталуы әсерiнен құралдың бетiнде электр тоғы бiлiнуi.
Ылғалды жерде тұрып, дұрыс қауiпсiздендiрiлмеген электр құралдарымен немесе бұзылған құралдармен жұмыс жасаған жағдайда.
Электр өрiсiнен адамды босату жолдары
Бұл әрекет жылдам және нақты iстелуi керек. Электр құралдарын негiзгi жүйеден босату керек.
Егер адам бiр қолымен электр сымына жанасса, киiмiнiң шетiнен тартып босату керек немесе тоқ өткiзбейтiн затпен электр сымын ығыстыру керек.
Егер адам тiк тұрып, тағы бiр сымды қолымен қысып тұрса, аяғының астына изоляция болатын зат орналастыру керек.
Егер зақымданған адам электр сымының екеуiн қолымен ұстаса, онда киiм шетiнен тартып немесе құрғақ шүберекпен жгут жасап босату керек.
Барлық жағдайда да көмек көрсеткенде адам бiр қолымен ғана әрекет жасау керек.
Химия кабинетiнiң меңгерушiсi Ибраев К.Д
Бекiтемiн
Мектеп басшысы
Н.Дуйсенбаева
“ ” 2014-ж.
Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi химия кабинетiндегi жұмыс кезiндегi оқушыларды қорғау ережелерi бойынша
нұсқау
Осы нұсқау ережелерiн оқушылар химия кабинетiнде сақтау керек.
Бөгде адамдар жұмыс кезiнде химия кабинетiне кiрмейдi.
Оқушылар қауiпсiздiк сақтайтын заттармен мұғалiм нұсқауымен қолданып, жұмыс орындарында ережелердi сақтауы керек.
Жұмысқа кiрiсер алдында мұқият орындалатын жұмыс тәртiбiмен танысу керек, қауiпсiздiк ережелерiн сақтау керек.
Оқушы дайындаған құралын мұғалiмге не зертханашыға көрсетуi керек.
Жоспарланбаған бөгде жұмыстарды оқушыға орындауға болмайды.
Химия кабинетiнде тамақ iшуге болмайды, кабинет iшiн портфель, сөмкелермен толтыруға болмайды.
Зақымданған жағдайда дереу мұғалiм мен зертханашыға айту керек.
Кабинеттiң заттарын мұғалiм рұқсатынсыз шығарып, кiргiзуге болмайды.
Барлық жағдайда – химиялық ерiтiндiлер төгiлгенде, қатты реактивтер шашылғанда мұғалiмге, зертханашыға айту керек. Өз бетiмен оқушы жинамайды.
Канализация құбырларына ерiтiндiлер мен органикалық реактивтердi төгуге болмайды, оларды жинайтын жұмыс орнында арнаулы ыдыстар болады.
Химиялық құралдар, электр құралдары және су құбырлары iстен шықса, мұғалiмге, зертханашыға айту керек. Оқушы өз бетiнше жөндемеуi керек.
Қыздырғыш құралдарды қараусыз қалдырмайды.
Жұмыс аяқталғаннан кейiн жұмыс орындары мұғалiм нұсқауымен жиналады.
Зертханалық және тәжiрибелiк жұмыстар аяқталғаннан кейiн оқушылар қолдарын сабанмен мұқият жуады.
Кабинетте авария болған жағдайда (өрт немесе газдардың исi күштi болса) оқушылар өздерiн байсалды ұстап, мұғалiмнiң нұсқауын орындау қажет.
Химия кабинетiнiң меңгерушiсi Ибраев К.Д
Достарыңызбен бөлісу: |