1.3. Мелиоративтік жүйелердегі құрылымдардың сенімділігі, ремонтаралық мерзімнің ұзақтығына әсер етуші факторлар.
Мелиоративтік жүйелердегі құрылымдар дегеніміз жекелеген элементтерінің қызмет ету мерзімі барысында қалыпты пайдалану жағдайларында өзінің функцияларын қалтқысыз орындау қабілеттілігі.
Эксплуатациялық сенімділіктің негізгі көрсеткіштері (гидротехникалық құрылымдардың функциялары) төмендегідей болып бөлінеді: конструкциялық сенімділік көрсеткіштері – беріктілік, тұрақтылық, су өткізбеушілік, суыққа төзімділік және т.б. технологиялық сенімділік көрсеткіштері – арын, шығын, су қоймасындағы судың көлемі, электр энергиясын өндіру, су тарту мен су беруді қамтамасыз ету, балықтарды және кемелерді жіберу, т.с.с.; архитектуралық сәйкестікті сақтау – ландшафты ескере отырып архитектуралық формаларды сақтау; бетті фактурасы, түсі, сырт келбеті және басқалар.
Мелиоративтік жүйелердегі құрылымдардың сенімділігі жобаның негізінде салынған жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен және құрылымдарды тұрғызғанда жұмыстардың орындалу сапасымен анықталады. Пайдалану барысында гидротехникалық құрылымдардың сенімділігі іс жүзінде сол қалпында қалуы да, жоғарылауы да немесе төмендеуі де мүмкін. Пайдаланудың бірінші жылдарында жекелеген құрылымдардың не олардың элементтерінің жұмысқа бейімделу мерзімі аралығында (алғашқы 5 ...7 жыл) тоқтап қалулары көп байқалады, ол кезде сенімділіктің мәндері төмен болады. Кейінгі жылдары құрылымдардың қалыпты жұмыс істеу мерзімі басталады, ол кезде тоқтап қалулары азаяды. Ірі және орташа құрылымдар үшін мұндай мерзім құрылымдардың қызмет ету мерзіміне байланысты 30 ...70 жылды құрайды. Одан ары қарай құрылымдардың сенімділігі төмендейді де, тоқтап қалулары көбейеді. Айта кетерлік жайт, сушаруашылық құрылымдардың жекелеген элементтері үшін жоғарыда қаралғандарға қарағанда сенімділіктің әртүрлі таралу заңдылықтары болуы мүмкін. Мысалы, дренажды жүйелер бастапқы мерзімде ең жоғарғы сенімділікке ие болуы мүмкін, сосын ол төмендейді, профильтрациялық констукциялардың сенімділігі бастапқы мерзімде төмен болып келіп, кейін, егер пайдалану процесінде фильтрациялық деформация пайда болса, олардың жекелеген элементтерінің сенімділігі, не артады, не төмендейді.
Мелиоративтік жүйелердегі құрылымдардың сенімділігі тоқтап қалмауымен, ұзақмерзімділігімен және жөндеуге жарамдылығымен анықталады. Бұл түсініктердің барлығы ықтималдық сипатта болады. Тоқтап қалмай жұмыс істеу құрылымның берілген уақыт аралығында өзінің жұмыс істеу қабілеттілігін пайдаланудың кейбір жағдайларында сақтап қалуы ықтималдығымен сипатталады. Ұзақтылық дегеніміз құрылымның берілген уақыт шебінде өзінің пайдалану көрсеткіштерін атардан шығып алғанға дейін сақтап қалу қасиеті. Жөндеуге жарамдылық дегеніміз зақымдалулар мен тоқтап қалуларды қалпына келтіруге қажетті уақыт пен құнының жиынтығы.
Құрылымдардың немесе олардың элементтерінің қажетті пайдалану сапасын жоғалтуы ескіру немесе тозу деп аталады. Бұл түсінік ұзақмерзімділік түсінігіне қарама-қарсы. Ескіруді физикалық және моральдық ескіру деп айырады. Физикалық ескіру деп, құрылымдардың өзінің бастапқы физика-техникалық қасиеттерін (беріктік, тұрақтылық, ағымның артық энергиясын сөндіруді қамтамасыз ету, суөткізбеушілік, аязға төзімділік) жоғалтуын айтамыз. Моральдық ескіру дегеніміз, заманауи талаптарға және ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне технологиялық сәйкессіздікті байқалуы. Гидротехникалық құрылыста жиі кездесетіні физикалық ескіру факторы және сол себепті жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары немесе құрылымдарды реконструкциялау қажеттілігі туындап отыр.
Гидротехникалық құрылымдардың сенімділігін анықтағанда арнайы әдебиеттерді, мысалы үшін «Кептіргіш жүйелерді техникалық пайдаланудың ережелерін» пайдаланған жөн. Одан басқа статикалық талдау жүргізу үшін бақылау кешендері болғаны керек және құрылымдардың қызмет ету мерзімін ескеру қажет.
Нысандар
|
Орташа қызмет ету мерзімі, жыл
|
Топырақ, бетон, темірбетон бөгеттер
|
100
|
Магистралды суландыру каналдары ((қаптаусыз) облицовкасыз және сырты оралған)
|
100
|
Суағарлар, су тарту, тұндырғыштар, акведуктар, лотоктар, дюкерлер, балықөткізетін және балыққорғайтын құрылымдар
|
80
|
Жерге орналастырған бөгеттердегі су қоймалар (ірі ГЭС-дың су қоймаларынан басқа)
|
100
|
Тоғандардағы бетон және темірбетон суағызғыштар және суқабылдағыштар
|
40
|
Гидротехникалық туннельдер
|
70
|
Тоғандардағы ағаш суағызғыштар мен сушығарғыштар
|
10
|
Реттегіш дамбалар
|
10
|
Каналдардағы гидротехникалық құрылымдар:
шаруашылықаралық
ішкі шаруашылық
|
40
30
|
Ішкішаруашылық суландыру желісі:
қаптаусыз (облицовкасыз)
таспен, бетонмен және темірбетонмен қапталған
темірбетон лотоктар
асбестцемент құбырлар
болаттан жасалған құбырлар
|
40
30
25
40
25
|
Жөндеуаралық мерзімнің өмірлігі мен ұзақтығына әсер етуші негізгі факторларға жобаны құрастырғанда оның негізіне салынған техникалық шешімдердің сенімділік деңгейі, құрылыс жұмыстарын орындау сапасы, гидротехникалық құрылымдарды пайдалану деңгейі жатады. Сол себепті құрылымдардың сенімділігін жоғарылату және жөндеуаралық мерзімін ұзарту мақсатында жобаларды құрастырғанда және құрылыс кезінде есептеу схемаларының сәйкессіздігін болдырмау және геологиялық, гидрологиялық, инженерлік-геологиялық, климаттық және техникалық немесе технологиялық сипаттамаларын ескермеу; жобалаушылар жағынан авторлық бақылауды әлсіретпеу қажет. Құрылыс кезінде жобадан негізсіз ауытқымау, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасының төмендігін болдырмау, технологияны бұзбау, жобада қарастырылмаған құрылыс материалдарын негізсіз пайдаланбау керек. Эксплуатациялық персонал пайдалануға аяқталған, ақаусыз, жобадан ауытқымаған құрылымдарды қабылдаулары керек; өздері дайындықты жеткілікті техникалық дәрежеде өткен болулары қажет; құрылымдардың күтімін қамтамасыз етулері, бақылаулар нәтижесін жүйелі түрде талдап отырулары, уақытында жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарын өткізіп отырулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: |