Бала тәрбиесінде заманауи технологияны қолдану ерекшеліктері. Жүнісова Айзада Жұмабекқызы. «Қостанай қаласы №1 бөбекжай-бақшасының»



жүктеу 391 Kb.
Дата10.11.2018
өлшемі391 Kb.
#18953

Бала тәрбиесінде заманауи технологияны қолдану ерекшеліктері.




Жүнісова Айзада Жұмабекқызы.

«Қостанай қаласы №1 бөбекжай-бақшасының»

қазақ тілі мұғалімі.

Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші-педагогтардың алдында жаңа заманның мақсаттары мен сұраныстарына жауап беретін,баланың жан-жақты дамуына жоғары деңгейде әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұр.

Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балаларды тәрбиелеу,оқыту дамытуда

Баланың ешқандай қиындықсыз оқушы статусын қабылдауына,12 жылдық білім беруде басты міндет мүддесіне дайын, өз ортасынада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті,шығармашыл,білімді тұлғаны дамытып,қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.2003жылы жарық көрген авторлық «Мен-жеке тұлға»бағдарламасының негізінде жүзеге асады. Модульді-блокты-рейтингті авторлық бағдарлама бойынша оқытудың келесі жаңа технологиялары енгізілді.Олар дамыта,проблема лап,диалогты,жеке бағдарлы, денсаулық сақтандырып оқыту және «Тәй-тәй» әдіснамасы. «Мен-жеке тұлға» бағдарламасы әр баланы дамушы тұлға ретінде қарастыра отырып жұмыстар жүргізуді міндеттейді.

1-ші кезекте-психологиялық-педагогикалық көмек.

2-ші кезекте-тілі мен ой шығармашылығы дамыған дарынды балаларды айқындау.

3-ші кезекте-жеке тұлғаны дамытуда психологиялық-педагогикалық реттеуді іске асыру.

4-ші кезекте-өзін-өзі дамытуды қарастыру.

Міне,осы міндеттердің барлығы да дарындылық қабілетті дамыту үшін педагог белсенділігін,шығармашылық ізденісін талап етеді.Сондай-ақ,тәрбиеленушінің жас және жеке ерекшеліктерін білуі де маңызды болмақ.Авторлық бағдарламаға сәйкес оқытып,тәрбиелеу іс-әректін жүзеге асыруда жоғарыда аталған технологиялардың әрқайсысын қолдану балалардың білімге деген құштарлығын дамытудың бірден-бір жолы болып табылады. Оқытудың түрлі технологияларын қолдану балалардың қызығушылықтарын тудырып,олардың шығармашылық қабілетін арттырады.

В.Кларин заманауи технологияларды-педагогикалық мақсатқа қол жеткізуде қолданатын барлық қисынды ілім амалдар мен әдістемелік құралдардың жиынтығы -екендігін айтады.

Дамыта оқыту дегеніміз: балалардың ақыл-ойының дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы /В.В.Давыдов./Дамыта оқыту технологиясының негізінде баланың шығармашылық пен ойлау қабілетін дамыту мақсатында дивергенттік тапсырмаларды жүйелі түрде қолдану тиімді.Соның бірі суретпен жұмыс.Бір ғана суретпен жұмыс барысында қойылған бір сұрақтың өзіне әртүрлі қызықты жауаптар алуға болады.Яғни диверегенттік бағыттағы тапсырмалар баланың өз бетінше ізденуіне,терең ойлануына,жеке тұлғалық қасиеттерін ескеруіне ықпалын тигізеді.

Заманауи білім беру технологияларының бірі-жеке бағдарлы оқыту технологиясы.

Жеке бағдарлы білім беруде іс –әрекетімізге И.С.Якоманскийдің тұжырымдамасы ықпал етеді.Аталмыш технологияның мақсаты-баланың жеке тұлғалық ерекшелігін

ескеру негізінде оны жан-жақты ашып,қажетті жағдайларды туғызуға және оны әрі қарай дамытуға бағытталуы.Осы тұста баланың жеке ерекшеліктері олардың даму аймағын есепке алу негізінде ескеріледі.Яғни,балалардың қандай болмасын тапсырмаларды орындауда потенциалдық мүмкіншіліктеріне қарай жұптасу,топтасу,ұжыммен жұмыс типтері қолданылады.

Келесі педагогикалық технологиялардың бірі-проблемалап оқыту технологиясы.

Проблема лап оқыту дегеніміз:бала өзінің білетін амалдары мен тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінуі.Мәселені шешуге көмектесетін оқытудың бір түрі инсерт.Инсерт баланы білгенін түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге көмектесетін ұтымды құрал.Яғни бала білгенін айтып,білмегеніне сұрақ қоюға тырысады.Нәтижесінде баланың танымдылық қабілеті,шығармашылығы,сыни және қисынды ойлауы дамиды.Ал диалогты оқыту осы проблема лап оқыту әрекетін ұйымдастыру кезінде жүзеге асады.

Яғни диалогты оқытуда балалар пікір алмасады,әңгімелеседі,диалогты тартысқа түсу арқылы тілдерін дамытып,өз ойларын мәнерлі жеткізуге үйренеді.

Денсаулық сақтау технологиясы:педагогтың бала денсаулығын зиян тигізбеу ниетінен туындайтын оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқаратын жұмыстар кешені.Аталмыш технология баланың денсаулығын ғана емес,сонымен қатар психологиялық тұрғыдан дұрыс дамып қалыптасуына жағдай туғызады.Ең алдымен баланың отырысы мен тұрысына,санитарлық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына назар аударылады.Педагог пен бала арасында заманауи технологиялар негізіндегі субект-субьектілік қарым-қатынастар ықпал етеді.

Заманауи педагогикалық технологиялардың үздіксіз қолданылуы іс-тәжірибемізде төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

*Заманауи технологиялар ойын сабақтың мәнін аша түсті.

*Бүлдіршіндердің ойын сабаққа жаппай қатысуына мүмкіндік берді.

*Балалардың өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалды.

*Шығармашылық,жеке тұлғалық сипатты дамытып,баланың өзіне деген сенімін арттырды.

*Рефлексті түрде баланың өзін-өзі бағалауын,педагогтың өз іс-әрекетін талдап жаңа міндеттер қабылдауын қамтамасыз етті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Отбасы және балабақша журналы №12014ж.К.У.Алимбетова.



Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы-Астана2003 ж.

Б.Баймұратова.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы Алматы,1991ж.
жүктеу 391 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау