Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


Мелиоративтік жүйелердiң жiктелуi



жүктеу 409,82 Kb.
бет9/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
МЖСТТ

Мелиоративтік жүйелердiң жiктелуi

Мелиоративтік жүйелердiң жiктелуi - бұл оларды пайдалану, жобалау және тұрғызу үшін маңызының бар болуына байланысты олардың белгiлерiне (факторларға) әр түрлi разрядтарға, топтарға және түрлерге бөлiнуi.
Жiктелудiң мақсаты - табиғи, экологиялық және шаруашылықтың мелиорацияланған жерiнiң жағдайын барынша есептей отырып ғылым мен техниканың жетiстiктерiнiң негiзiне сүйене отырып жүйелердi пайдалану мен жетiлдiрудi ғылыми-техникалық сауатты түрде ұйымдастыру.
Суармалы жүйелер негiзгi тағайындалуларына, геоморфологиялық орналасуына, суармалы тiзбектiң конструкцияларына, жабдықтарына, су беру әдiстерiне, су айналу принциптерiне, мықтылық дәрежесiне, қызмет жасайтын ауданына, техникалық жағдайының деңгейiне байланыты жiктеледi.
Ең басты тағайындалуына байланысты жүйелер төмендегiдей болып бөлінедi:
- суаратын ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға арналған. Бұндай жүйелердiң егiлетiн аудандарының бруттосы жалпы ауданның 50-100 (құрайды (төменгi пайызы далалық аймақтарда, жоғарғысы - жартылай шөлді және шөлді аймақтарда);
- суару-суландыру, ауылшаруашылығы дақылдарын суару және территорияны суландыруға пайдаланылады. Бұндай жүйелердiң суармалы аудандарының бруттосы - жалпы ауданның 10-50 % құрайды. Территорияларды суландыру су қоймаларын, тоғандарды және каналдар тұрғызу арқылы орындалады, суды қалалар мен поселкалардың, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау және суару қажетi үшін пайдаланады;
- суландыру-суару, көбiнесе территорияларды суландыру, сонымен қатар iшiнара ауылшаруашылығы дақылдарын суару үшін қызмет етедi. Бұндай жүйелердiң суармалы аудандарының бруттосы жалпы ауданның 5-10% пайызын құрайды. Суару, негiзiнен, жем-шөп дақылдарын өсіру үшін, сонымен қатар халық үшін көкөніс және жемiс дақылдарына пайдаланады, ал территорияны суландыру - малды суару және адам өмірінің жақсаруына жағдай жасау үшін пайдаланады;
- күріш суаратын, күріштi суаруға арналған. Олар, Үлкен өзендердiң (Краснодар жағы, Ростов, Астрахан облыстары, Таяу Шығыс, Украина, Қазақстан және Өзбекiстан) төменгi жағындағы ауыр топырақтарда кеңiнен тараған. Күріш жүйелерiнiң негiзгi айырмашылықтары - күріш танаптарындағы топырақ ылғалының екi жақтан реттелуi. Күріш жүйелерi ауыспалы егiстiкте күрішпен бiрге егiлетiн ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру үшін оптимальдi жағдайды қамтамасыз ету керек.
- жергiлiктi ағынмен жүйелі түрде суару, ауылшаруашылығы дақылдарын суару және территорияны суландыру үшін, тоғандар мен су қоймаларында азғантай су жинайтын ауданнан жиналған суды пайдалану. Бұндай жүйелер Ресей Федерациясында (Тамбов, орлов, Курск, Воронеж облыстары) және Украинада (Донецк, Днепропетровск, Харьков облыстары) кең тараған. Жергiлiктi ағынмен жүйелі түрде суару жүйесі өздігінен және машинамен көтеретін болып екiге бөлінедi. өте көп таралғаны соңғы жүйе;
- көлтабандатып суару, топырақты ерiген сумен көктемде бiр рет ылғалдау үшін және су эрозиясымен күресуге арналған. Олар, жылдық жауын-шашынның мөлшері 200-300 мм және одан да көбірек далалық және жартылай шөлді аймақтарда кеңiнен тараған (Қазақстан, Поволжье, Қалмақтар, Батыс Сiбiр, Якутия, Краснояр жағы, Орал және Солтүстiк Кавказ). Су көзiнен судың толуына байланысты көлтабандардың тiкелей толуы, жайылмалы көлтабандар және суару-суландыру (немесе суландыру-суару) жүйелерiндегi көлтабандар болып ажыратылады.
Көлтабандатып суару жүйесі жайылымда егiлген шөптердi, бидайды, жүгерінi, сүлыны, арпа, қант сыпырғышын, күнбағысты суару үшін пайдаланылады;
- төгінді (лас) сулармен суару, ауылшаруашылығы дақылдарын суару, топырақтың құнарлығын арттыру, лас суларды топырақ арқылы тазалау және залалсыздандыру, су көздерiнен ластанудан қорғау сияқты кешендi мiндеттердi шешу үшін пайдаланылады. Лас сулар жүйесі қала, елдi-мекеннiң және мал шаруашылығы кешендерiнiң айналасында қондырылады.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау